FlyArystan Атыраудан Шарм-эль-Шейхке чартерлік рейстерін жазғы навигацияда жалғастыруда

FlyArystan Атыраудан Шарм-эль-Шейхке чартерлік рейстерін жазғы навигацияда жалғастыруда
Фото: FlyArystan

Қазақстандық лоукостер FlyArystan Атыраудан Мысыр елінің ең танымал курорттарының бірі – Шарм-эль-Шейхке чартерлік рейстерді жалғастыруда.

Жазғы навигация аясында (30 наурыздан 26 қазанға дейін) рейстердің жиілігі артады:

Аталған бағыттағы чартерлік рейстер FUN&SUN жетекші туристік операторымен бірлесіп ұйымдастырылған.

Шарм-эль-Шейх туристер арасында жылы климатымен, құмды жағажайларымен және таңғажайып су асты әлемімен танымал. Қазақстан азаматтары үшін бұл бағытта жеңілдетілген визалық режим қарастырылған. Қазақстандықтар Шарм-эль-Шейхте 13 түнге дейін визасыз саяхаттай алады.

Әуебилетінің құнына 5 кг қолжүгі, 20 кг жолжүгі және борттағы ыстық тамақ кіреді. Әуебилеттері мен турларды брондау бойынша жолаушылар өз қалаларындағы туристік агенттіктерге хабарласа алады.