---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2025/03/22/roman-sklyar-%d2%9baza%d2%9bstan-%d2%9bytaj-yntyma%d2%9btasty%d2%9b-komitetini%d2%a3-12-shi-otyrysyna-%d2%9batysty/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Роман Скляр Қазақстан-Қытай Ынтымақтастық комитетінің 12-ші отырысына қатысты

![Роман Скляр Қазақстан-Қытай Ынтымақтастық комитетінің 12-ші отырысына қатысты](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2025/03/photo_2025-03-19_09-39-18.jpg)

**Комитет отырысы барысында екі елдің орталық мемлекеттік органдары өкілдерінің қатысуымен кедергісіз сауданы дамыту үшін қолайлы жағдай жасау, екі елдің көліктік өзара байланысын нығайту, өндірісті локализациялау арқылы Қазақстан аумағында бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды.**

Іс-шара қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан-Қытай Ынтымақтастық комитеті 12-ші отырысының хаттамасына қол қойды. Тараптар Комитеттің қызметін жетілдіру мақсатында оның құрамына Индустриялық-инвестициялық ынтымақтастық жөніндегі үйлестіру комитетін қосу және Білім саласында кіші комитет құру туралы шешім қабылдады. Сондай-ақ тараптар су ресурстары және мұрағат саласындағы ведомствоаралық ынтымақтастықты нығайту жөніндегі құжаттарға қол қойды.

Тараптар Қазақстан мен Қытайдың арасындағы кең ауқымды мәселелер бойынша ынтымақтастықтың даму динамикасын оң бағалады. Өткен жылдың қорытындысы бойынша екіжақты сауда көлемі $43,8 млрд-ты құрады.

---

Жарияланды: 2025-03-22T13:48:13+06:00

Жаңартылды: 2025-03-22T13:48:13+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2025/03/22/roman-sklyar-%d2%9baza%d2%9bstan-%d2%9bytaj-yntyma%d2%9btasty%d2%9b-komitetini%d2%a3-12-shi-otyrysyna-%d2%9batysty/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.