---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2025/03/19/zhajly-mektep-auyldarda-b%d2%b1ryn-so%d2%a3dy-bolma%d2%93an-mektepter-boj-k%d3%a9terip-zhatyr/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# &#171;Жайлы мектеп&#187;: Ауылдарда бұрын-соңды болмаған мектептер бой көтеріп жатыр

![&#171;Жайлы мектеп&#187;: Ауылдарда бұрын-соңды болмаған мектептер бой көтеріп жатыр](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2025/03/2ruuyrsy.webp)

**Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов «Жайлы мектеп» жобасы бойынша салынатын мектептерде жоғары стандарттар қаперге алынатынын баса айтты, деп хабарлайды mazhilis.kz.**

Депутат елдің білім беру жүйесінде тарихи өзгерістер болғанын айтты. Соның бірі –  Президенттің «Жайлы мектеп» жобасы.

> «Енді мектептің қай жерде орналасқаны маңызды емес – ауылда ма, қалада ма – барлық жерде бірдей, жоғары стандарттар: заманауи жабдықтар, қауіпсіз орта, ерекше балаларға қолжетімділік. Бұл бұрынғыдай тек облыс орталықтарында ашылатын 20-30 элиталық мектеп емес. Бұл – бүкіл ел бойынша, оның ішінде шалғай ауылдарда салынған 217 жаңа әрі жайлы мектеп. Имидждік объектілер емес, шын мәнінде елге қажет мектептер мен ауруханалар салынып жатыр», — деді Аймағамбетов.

Өйткені әр жаңа мектеп – жай ғана ғимарат емес. Әр мектеп – нағыз болашақтың фабрикасы, деп атап өтті мәжілісмен.

---

Жарияланды: 2025-03-19T07:44:33+06:00

Жаңартылды: 2025-03-19T07:44:33+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2025/03/19/zhajly-mektep-auyldarda-b%d2%b1ryn-so%d2%a3dy-bolma%d2%93an-mektepter-boj-k%d3%a9terip-zhatyr/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.