Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Басты

Әкімдерді қайта даярлау – жергілікті басқарудың тиімділігін арттыру жолы

admin by admin
18 марта, 2025
Әкімдерді қайта даярлау – жергілікті басқарудың тиімділігін арттыру жолы

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай «Айқын» газетіне берген сұхбатында әкімдердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау бағдарламасының маңыздылығы туралы айтты.

Байланысты

1,5 млн теңге және жол апатын қолдан ұйымдастыру: прокуратура блогер Молдахан ісінің мән-жайын түсіндірді

Қоғам белсенділері мен депутаттар жануарларды қорғау ұйымдарын тексеруді талап етуде

Жаһандық зерттеу: авиациялық технологияларға инвестициялардың тиімділігі деректерді үйлестіруге тәуелді

Білімді үздіксіз жетілдіру – қажеттілік

Білім беру үздіксіз жүретін процесс, сондықтан білім заманға сай өзгеріп, жаңарып отыруы заңдылық. Мәселен, осыдан он жыл бұрын алған білім,  қазіргі ғылыми-технологиялық прогрестің қарқынды дамуына байланысты жаңа заман талаптарына жауап бере алмауы да ықтимал. Осыған орай заман көшіне ілесу үшін білімді үздіксіз жетілдіріп отыру маңызды. Білімді жетілдіру барысында қазіргі заманның ғылыми-техникалық жетістіктерін тиімді пайдалану заман талабы.

Ауыл әкімдерін сайлау 2021 жылдан басталды. Бұл еліміздегі мемлекеттік басқару ісіндегі жаңа жүйеге айналды. Ауыл әкіміне сайлануға Конституцияға сәйкес Қазақстан азаматтары түсе алады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев халыққа Жолдауында «Азаматтардың соңғы жылдардағы тағы бір талабы – әкімдерді тікелей сайлау жүйесін енгізу. Бұл талап та орындалды… Халық өзі таңдаған әкімдердің құрамы едәуір жаңарды» деген болатын. Сайланған әкімдердің ішінде ел арасынан шыққан, бұрын мектепте ұстаз болған, жеке кәсіпте жүрген түрлі саланың мамандары бар. Ауыл әкімдерінің шамамен 40%-ның (919 әкім) атқарып жатқан лауазымдағы мерзімі екі жылдан да аспайды. Сәйкесінше 213 әкімнің жалпы мемлекеттік қызметтегі тәжірибесі екі жылдан аз.

Сайланған әкімдердің тиімділігін арттыруға қолдау көрсету

Кейбір ақпарат ресурстарында әкімдерді оқытудың қажеті қанша, олардың білімі жеткіліксіз болса неге сайланды деген пікірлер айтылып жүр. Осы ретте, мемлекет халық таңдауымен санасатынын айту орынды. Демек, бұл сайлаушылардың сеніміне ие болып, таңдалған әкімдерге мемлекет тарапынан жасалған қолдау екенін ұмытпаған жөн. Себебі, сайланған әкімдердің мемлекеттік басқару, жергілікті өзін-өзі басқару ісінде, салық кодексі мен төртінші деңгейдегі бюджетті тиімді игеру мен басқару, мемлекеттік сатып алу, инвестициялық жобаларды тарту және өзге де көптеген салалық бағыттардан тәжірибесін шыңдап, арнайы құзыретін арттыру керек. Себебі, аталған салалар бойынша жеткілікті деңгейдегі құзыреттердің болмауы мүмкін. Осыған байланысты, халық өз таңдауын жасағандықтан, мемлекет сайланған әкімдердің білімін жетілдіру мен тиімділігін арттыруға қолдау көрсетуді басты міндеттердің бірі ретінде қарастыратынын түсінуіміз қажет.

Әкімдердің біліктілігін арттыру қалай ұйымдастырылуда?

Buy JNews
ADVERTISEMENT

Әкімдердің біліктілігін арттыру Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің үйлестіруімен және Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ұйымдастыруымен жүзеге асырылуда. Әкімдерді қайта даярлауға «Amanat» партиясы да қатысып отыр. Бұл бағдарлама барлық деңгейде сайланған аудан, аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің және ауылдық округтердің әкімдеріне арналған.

Бағдарламаның негізгі мақсаты

Оқытудың негізгі мақсаты – әкімдердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, басқарушылық дағдыларын дамыту және жергілікті басқарудың тиімділігін арттыру. Оларға заманауи басқару әдістерін меңгеру, жергілікті тұрғындардың қажеттіліктерін тиімді шешу және өңірді дамытуға бағытталған қажетті білім мен дағдылар беріледі.

Әкімдерді оқыту бағдарламасы интерактивті форматта жүргізіледі, ол практикалық тапсырмалар, стратегиялық жоспарлау бойынша тренингтерді қамтиды. Осылайша, олар теориялық білімді нақты жұмысында қолдануға мүмкіндік алады.

Бір сөзбен айтқанда бағдарламаның басты мақсаты – жергілікті басқару тиімділігін арттыру, ауыл халқының әл-ауқатын жақсарту және әкімдердің қазіргі заманғы басқарушылық құзыреттерін дамыту.

1901 ауыл әкімі қайта даярлау курсынан өтуде

Елімізде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметке Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен бірлесіп әкімдердің біліктілігін арттыру жұмысын іске асыру бойынша тапсырмасын орындау аясында аудан, ауыл әкімдерінің біліктілігін арттыруға және олардың жаңа тәжірбие жинақтауына бағытталған арнайы қайта даярлау курстары өтуде.

Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай «Айқын» газетіне берген сұхбатында айтты.
Қайта даярлау бағдарламасының маңыздылығы
Бағдарлама аясында сайланған барлық аудан, аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің және ауылдық округтердің әкімдері оқытудан өтеді. 2025 жылғы ақпандағы жағдай бойынша 1901 ауыл әкімі қайта даярлау курсынан өтуде. Ал еліміздегі ауыл әкімдерінің жалпы саны – 2322. Бұл көрсеткіштен бағдарламаның кең ауқымда жүзеге асып жатқанын аңғаруға болады. Қайта даярлау нәтижесінде әкімдердің құзыреттері артып, жергілікті басқаруды сапалы жаңа деңгейге көтеруге оң серпін береді
Бағдарламаның басты бағыттары
• Ауылдық бюджетті дұрыс жоспарлау және қаржыны тиімді жұмсау
• Мемлекеттік сатып алу және салықтық түсімдерді басқару
• Коммуналдық меншікті тиімді басқару
• Цифрландыру мен жаңа технологияларды ауыл шаруашылығына енгізу
Бағдарлама 240 академиялық сағаттан тұрады. Оқыту 17 модуль бойынша өтеді, олардың әрқайсысы әкімдердің кәсіби және басқарушылық дағдыларын дамытуға бағытталған. Қайта даярлау  нәтижесінде әкімдердің құзыреттері артып, жергілікті басқаруды сапалы жаңа деңгейге көтеруге оң серпін береді. Себебі әкімдердің құзыреттілігі мен білімі ауылдың экономикалық және әлеуметтік дамуына тікелей ықпал етеді.

Әкімдерді оқыту бағдарламасы тұрақты түрде жетілдіріледі

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбайдың айтуынша, әкімдерді оқыту бағдарламасы тұрақты түрде жетілдіріліп отырады.

Оқу барысында әкімдер нақты жағдайларды модельдеу арқылы тәжірибелік дағдыларды қалыптастырады.

Курс соңында әрбір қатысушы өз ауылдық округінің экономикалық дамуы бойынша нақты бағдарламасын әзірлейді. Бұл әкімдердің алған білімдерін тікелей тәжірибеге енгізуіне мүмкіндік береді. Сондай-ақ Мемлекеттік басқару академиясы әкімдердің қызметіне мониторинг жүргізіп, оқыту нәтижелерін саралап отырады. Бұл тәсіл бағдарламаның тиімділігін арттырып, келешекте оны одан әрі жетілдіруге мүмкіндік береді.

«Бұл жоба – мемлекеттік қызметті жетілдіру жолындағы маңызды қадам. Әкімдерді тұрақты түрде оқыту мен кәсіби тұрғыда дамыту механизмдерін жетілдіруді жалғастырамыз. Алдағы уақытта бағдарламаны кеңейтіп, оны жаңа бағыттармен толықтырып одан әрі аудан әкімдерін оқытуды жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ жас әкімдер үшін менторлық бағдарламаларды дамыту, тәжірибе алмасу алаңдарын құру және халықаралық деңгейдегі үздік тәжірибелерді енгізу жоспарымызда бар.

Біздің басты мақсатымыз – кәсіби, білікті және халыққа қызмет ететін әкімдер корпусын қалыптастыру.

Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес, жергілікті атқарушы органдар халықтың мұң-мұқтажына жедел әрі сапалы жауап беруге қабілетті болуы тиіс», — деді Агенттік төрағасы «Айқын» газетіне берген сұхбатында.

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Қаржы секторындағы «білікті мамандардың жылыстауы»: банктер үздіктерін жоғалтып жатыр ма?

Келесі жаңалық

Қазақстандықтар Наурызға қалай дайындалады: не сатып алады және қанша жұмсайды?

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

1,5 млн теңге және жол апатын қолдан ұйымдастыру: прокуратура блогер Молдахан ісінің мән-жайын түсіндірді
Категориясыз

1,5 млн теңге және жол апатын қолдан ұйымдастыру: прокуратура блогер Молдахан ісінің мән-жайын түсіндірді

15 апреля, 2026
Қоғам белсенділері мен депутаттар жануарларды қорғау ұйымдарын тексеруді талап етуде
Категориясыз

Қоғам белсенділері мен депутаттар жануарларды қорғау ұйымдарын тексеруді талап етуде

15 апреля, 2026
Жаһандық зерттеу: авиациялық технологияларға инвестициялардың тиімділігі деректерді үйлестіруге тәуелді
Категориясыз

Жаһандық зерттеу: авиациялық технологияларға инвестициялардың тиімділігі деректерді үйлестіруге тәуелді

15 апреля, 2026
Дәстүрге оралу: жергілікті мерекелер сұраныстың драйверіне қалай айналуда
Категориясыз

Дәстүрге оралу: жергілікті мерекелер сұраныстың драйверіне қалай айналуда

15 апреля, 2026
ПРЕЗИДЕНТ ТАБЫСТАҒАН ПӘТЕРЛЕРГЕ ЖАС ҒАЛЫМДАР ҚОНЫСТАНДЫ
Категориясыз

ПРЕЗИДЕНТ ТАБЫСТАҒАН ПӘТЕРЛЕРГЕ ЖАС ҒАЛЫМДАР ҚОНЫСТАНДЫ

14 апреля, 2026
Қазақмыста қауіпсіздікті күшейту үшін автоматты медициналық тексеру жүйесі енгізілуде
Категориясыз

Қазақмыста қауіпсіздікті күшейту үшін автоматты медициналық тексеру жүйесі енгізілуде

14 апреля, 2026
Келесі жаңалық
Қазақстандықтар Наурызға қалай дайындалады: не сатып алады және қанша жұмсайды?

Қазақстандықтар Наурызға қалай дайындалады: не сатып алады және қанша жұмсайды?

NVIDIA туралы кейс-стади: жасанды интеллект қалайша рекордтық табыс әкелді әрі бұл жетістікті кім қайталауы мүмкін?

NVIDIA туралы кейс-стади: жасанды интеллект қалайша рекордтық табыс әкелді әрі бұл жетістікті кім қайталауы мүмкін?

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Қазақстандық Иманбек Зейкенов «Грэмми» сыйлығына үміткер атанды

Қазақстандық Иманбек Зейкенов «Грэмми» сыйлығына үміткер атанды

25 ноября, 2020
Риддер қаласының әкімі қайтыс болды

Риддер қаласының әкімі қайтыс болды

21 апреля, 2023
Армениядан әкелінген көліктерді тіркеу мерзімі тағы 1 жылға ұзартылды

Армениядан әкелінген көліктерді тіркеу мерзімі тағы 1 жылға ұзартылды

27 февраля, 2021

Топ жаңалықтар

  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қызылордада оқушыны секс құлдыққа салған күдіктілердің бесеуі — жасөспірім

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Алматылық онколог: Ерте скрининг қатерлі ісіктен болатын өлім-жітімді азайтудың негізгі жолы болып қала береді

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақстанда алиментке өтініш беру нұсқаулығы

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Jack port Off Sites — Avoiding Jerks With Sex Webcam Girls

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • 1,5 млн теңге және жол апатын қолдан ұйымдастыру: прокуратура блогер Молдахан ісінің мән-жайын түсіндірді
  • Қоғам белсенділері мен депутаттар жануарларды қорғау ұйымдарын тексеруді талап етуде
  • Жаһандық зерттеу: авиациялық технологияларға инвестициялардың тиімділігі деректерді үйлестіруге тәуелді

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.