---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2025/03/16/shymkentte-erekshe-balalar%d2%93a-arnal%d2%93an-%d2%9bajyrymdyly%d2%9b-sharasy-%d3%a9tti/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# ШЫМКЕНТТЕ ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫ ӨТТІ

![ШЫМКЕНТТЕ ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫ ӨТТІ](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2025/03/photo_2025-03-16_16-17-23.jpg)

**Қайырымдылық – тек көмек беру ғана емес, жүректен шыққан мейірім мен жан жылуын сыйлау. Осы мақсатта «Janin.kz» қайырымдылық қоры мен Шымкент қаласы Жастар ресурстық орталығы бірлесіп, «Жақсылық жаршысы» атты қайырымдылық іс-шарасын ұйымдастырды.  **

Шара барысында 70-ке жуық ерекше балаға ұмытылмас қуаныш сыйланды. Алдымен олар қазіргі таңда көптің көңілінен шығып жатқан «Молда» фильмін тамашалады. Бұл кино тек қызықты туынды ғана емес, тәрбиелік мәні зор, көрерменге терең ой салатын картина. Балалар фильмнің әсерлі сәттерін ұйып көріп, ерекше эмоциялар алды.

Кино көрсетілімнен кейін шара қайырымдылық ауызашарымен жалғасты. Балалар мен олардың ата-аналары арнайы жайылған дастархан басына жиналып, бірге уақыт өткізді. Балалардың жүзіндегі қуаныш пен ата-аналардың ризашылығы – осындай қайырымды істердің маңызын айқындай түсті.

“Janin.kz” қоры мен Шымкент қаласы Жастар ресурстық орталығы бұған дейін де осындай бастамаларды жүзеге асырып, көптеген жанға қолдау көрсетіп келеді. Алдағы уақытта да мұндай игі істер жалғасын тауып, ерекше балалардың өміріне қуаныш сыйлайтын шаралар ұйымдастырылмақ.

Қайырымдылық – үлкен жүректің ісі. Әрбір игі іс – қоғамдағы жылулықты арттырып, адамдардың бір-біріне деген жанашырлығын күшейтеді. Осындай шаралардың көп болуы – біздің ортақ мақсатымыз.  

Айта кетейік елеміздің бірқатар өңірлерінде  «Жаңашыржүрек»  республикалық қайырымдылық акциясын аясында түрлік іс-шаралар өтуде. Аталған шараларға өңірлердің волонтерлерімен түрлі ұйымдардың қызметкер жастары ат салысуда.

---

Жарияланды: 2025-03-16T11:19:34+06:00

Жаңартылды: 2025-03-16T11:19:34+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2025/03/16/shymkentte-erekshe-balalar%d2%93a-arnal%d2%93an-%d2%9bajyrymdyly%d2%9b-sharasy-%d3%a9tti/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.