Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Басты

Арсен Томскийдің «Inner Drive: Андердогтен жаһандық компанияға дейін» кітабы қазақ тілінде де жарық көрді

admin by admin
13 марта, 2025
Арсен Томскийдің «Inner Drive: Андердогтен жаһандық компанияға дейін» кітабы қазақ тілінде де жарық көрді

Алматыда Арсен Томскийдің «Inner Drive: Андердогтен жаһандық компанияға дейін» кітабының қазақша нұсқасы таныстырылды. Бұл еңбекте әділетсіздікпен күрес миссиясына негізделген халықаралық технологиялық компанияны құру мен оны жаһандық деңгейге шығарудың стратегиясы егжей-тегжейлі баяндалады.

Байланысты

Сатып алғаннан гөрі жөндеу тиімді: неге қазақстандықтар жаңа техника сатып алудан бас тартып жатыр

STOP! ОЙЛАН! ЖҮР!

Қазақстандықтар елдің даму бағытын жоғары деңгейде оң бағалауын сақтап отыр

Кітап бизнеске деген ерекше көзқарастың нарық шектеулерін еңсеруге мүмкіндік беріп, шектеулі ресурстармен әлемдік деңгейдегі компания құруға қалай жол ашқанын көрсетеді.

Қазақстанның алты облысының оқушылары кітапты алғашқылардың бірі болып алады. Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Қызылорда, Жамбыл және Түркістан облыстарындағы, сондай-ақ Семей, Атырау және Астана қалаларындағы білім беру мекемелерінің кітапханалары кітаптың мұқабасы қатты даналарымен толығады.

1000 данадан тұратын тиражды inDrive компаниясы арнайы сатып алып, оны еліміздің өңірлердегі мектептеріне табыстауды қолға алды. Кітаптарды сыйға беруді «Мазмұндама» баспасы Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігімен бірлесіп жүзеге асырады. Сондай-ақ, кітаптардың бір бөлігі inDrive-тың білім беру саласындағы Beginit жобасына және Satbayev University жанынан ашылатын inVision U факультетіне беріледі. Бұл факультет жұмысын 2025 жылдың қыркүйегінде foundation бағдарламасынан бастайды.

Кітаптың қазақ тіліне аударылуы – жергілікті кітап басу ісін дамыту мен шынайы табыс тарихын кеңінен тарату жолындағы маңызды қадам. Қазақстанда 11 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан inDrive үшін бұл кітап – отандық ІТ-компанияның шынайы мысалға негізделген даму жолын егжей-тегжейлі сипаттайтын сирек еңбектердің бірі.

«Мазмұндама» баспасының негізін қалаушы және директоры Шыңғыс Мұқан: «Соңғы жылдары қазақ тілінде отандық компаниялардың, әсіресе ІТ-сектордағы бизнес тарихына арналған кітаптар әлі де аз. “Inner Drive: Андердогтен жаһандық компанияға дейін” кітабының жарық көруі – жаңа буын кәсіпкерлері мен жаңашыл жандарды шабыттандыратын маңызды оқиға», – деп атап өтті.

Кітапты бизнес, командамен жұмыс және қиындықты еңсеру туралы шынайы әрі мотивациялық баяндау стилі үшін оқырмандар мен сарапшылар жоғары бағалады. Онда компанияның қалыптасу кезеңдері, соның ішінде Қазақстанда іске қосылуы мен дамуы кеңінен баяндалған. Енді бұл басылым қазақтілді оқырмандарға жол тауып, елдегі кәсіпкерлер мен стартап өкілдеріне баға жетпес тәжірибе ұсынады.
Кітап авторы, inDrive компаниясының CEO-сы Арсен Томский: «Мен inDrive тарихының қазақ тілінде жарық көргеніне қуаныштымын. Бұл жай ғана аударма емес, бұл – Қазақстан жастарына, елдің және әлемнің болашақ көшбасшылары мен жаңашылдарына арналған мүмкіндік. Бұл кітап олардың қандай қиын жағдай болмасын, өз қағидалары мен идеяларына адал бола отырып, кез келген биікті бағындырып, әлемге ықпал ете алатынына дәлел», – деді.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

Соңғы жылдары Қазақстанда кітап шығару ісіне қызығушылық артып келеді: 2024 жылы Франкфурт кітап жәрмеңкесінде қазақ тіліндегі кітаптар таныстырылды, ал Алматыда халықаралық бестселлерлердің аудармалары шығып, кітап жәрмеңкелері белсенді түрде өтіп жүр.

 

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

«Жетісу» әйелдер волейбол командасы 9-шы рет Қазақстан чемпионы атанды

Келесі жаңалық

Робокэш.кз – киберқауіпсіздіктің жаңа стандарты

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

Сатып алғаннан гөрі жөндеу тиімді: неге қазақстандықтар жаңа техника сатып алудан бас тартып жатыр
Категориясыз

Сатып алғаннан гөрі жөндеу тиімді: неге қазақстандықтар жаңа техника сатып алудан бас тартып жатыр

18 мая, 2026
STOP! ОЙЛАН! ЖҮР!
Категориясыз

STOP! ОЙЛАН! ЖҮР!

18 мая, 2026
Қазақстандықтар елдің даму бағытын жоғары деңгейде оң бағалауын сақтап отыр
Категориясыз

Қазақстандықтар елдің даму бағытын жоғары деңгейде оң бағалауын сақтап отыр

18 мая, 2026
Қазақстан ревматологтарының IX конгресі және APLAR-QCR саммиті Алматыда әлемнің жетекші сарапшыларын жинады
Категориясыз

Қазақстан ревматологтарының IX конгресі және APLAR-QCR саммиті Алматыда әлемнің жетекші сарапшыларын жинады

15 мая, 2026
АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ ТРАВМАТОЛОГТАРЫ РОБОТТАНДЫРЫЛҒАН ЖҮЙЕНІҢ КӨМЕГІМЕН ОТАЛАР ЖАСАДЫ
Категориясыз

АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ ТРАВМАТОЛОГТАРЫ РОБОТТАНДЫРЫЛҒАН ЖҮЙЕНІҢ КӨМЕГІМЕН ОТАЛАР ЖАСАДЫ

15 мая, 2026
Alatau City Garant Түркияның жер сілкінісінен зардап шеккен аймағында мектеп салуды сақтандырды
Категориясыз

Alatau City Garant Түркияның жер сілкінісінен зардап шеккен аймағында мектеп салуды сақтандырды

15 мая, 2026
Келесі жаңалық
Робокэш.кз – киберқауіпсіздіктің жаңа стандарты

Робокэш.кз – киберқауіпсіздіктің жаңа стандарты

VI Халықаралық HR-бренд Орталық Азия Конференциясы

VI Халықаралық HR-бренд Орталық Азия Конференциясы

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

FlyArystan және Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы ерекше қажеттіліктері бар балаларға арнап экскурсия ұйымдастырды

FlyArystan және Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы ерекше қажеттіліктері бар балаларға арнап экскурсия ұйымдастырды

3 июля, 2025
e-Qyzmet халықаралық платформада жарияланды

e-Qyzmet халықаралық платформада жарияланды

28 ноября, 2025
Мемлекет басшысы бейнеүндеуінің толық мәтіні жарияланды

Президенттің референдум қорытындысы бойынша Қазақстан халқына жасаған үндеуі

7 июня, 2022

Топ жаңалықтар

  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қызылордада оқушыны секс құлдыққа салған күдіктілердің бесеуі — жасөспірім

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «ҚУАТТЫ ӨҢІРЛІК ҒЫЛЫМ – ҚУАТТЫ ӨҢІР» ҚЫЗЫЛОРДАДА ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫ ПРЕЗИДИУМЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақмыс БМЗ-дағы күкірт қышқылы цехында негізгі жабдықты ауыстырып жатыр

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жетісу» волейбол клубына — 25 жыл: марапаттау, жас спортшылармен кездесу, мастер-класс

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Сатып алғаннан гөрі жөндеу тиімді: неге қазақстандықтар жаңа техника сатып алудан бас тартып жатыр
  • «Қазақмыс» басшылығы жұмысшылармен екінші кездесу өткізді
  • STOP! ОЙЛАН! ЖҮР!

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.