Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Басты

Жетісу облысында тұңғыш рет көшпелі оңалту жобасы қолға алынды

admin by admin
6 марта, 2025
Жетісу облысында тұңғыш рет көшпелі оңалту жобасы қолға алынды

Жетісу облысында тұңғыш рет әлеуметтік маңызы бар жоба – мүгедек жандардың үйінде көшпелі оңалту шараларын жүргізу қолға алынды. Аталған жоба «Асар» мүгедектерге арналған спорттық-оңалту орталығының базасында облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қолдауымен ұйымдастырылды, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Байланысты

Мьянма Ұлттық сайлау комиссиясының комиссары: Референдум халық арасында үлкен қызығушылық тудырды

Жетісуда жасанды интеллект көмегімен жаңа Конституцияға арналған мурал салынды

Филиппиндік бақылаушы Қазақстандағы референдумның ашықтығы мен жоғары ұйымдастырылғанын жоғары бағалады

«Асар» орталығының директоры Елдос Баялышбаевтың айтуынша, бұл жоба орталыққа өздігінен келе алмайтындар үшін аса пайдалы.

— Біз жұмыс барысында мүгедектігі бар адамдардың көпшілігіне оңалту орталығына келудің қиындық туғызатынын байқадық. Күндізгі уақытта кейбіреулер жұмыста болса, кейбіріне үйлерінен орталыққа жету оңай емес.  Сондықтан біз осы көшпелі оңалту жобасын қолға алдық. Біздің бұл маңызды бастамамызға облыс басшылығы қолдау білдірді, — деді Елдос Баялышбаев.

Жалпы бағдарламада пациенттердің екі тобы қамтылуда. Атап айтқанда, күндізгі шаралар өздігінен қозғала алмайтын азаматтарға бағытталып отыр. Ал сағат 21-ден 23-ке дейін түнгі топ жұмыс істейді. Бұл уақыт аралығында күндіз жұмыста болатындықтан орталыққа келе алмайтын мүгедек азаматтарға ем шаралары жүргізіледі. Жобаның ерекшелігі сол, мамандар пациенттердің үйіне барып, оларға сауықтыру массажы мен емдік дене шынықтыруын жасатады. Әр сеанс шамамен бір сағатты алады, әр пациентпен жеке жұмыс жүргізіледі. Көшпелі бригада құрамында массажист, емдік дене шынықтыру нұсқаушысы мен жүргізуші бар. Бұл ретте мамандардың жұмысына қолайлы жағдай жасау үшін арнайы таңбаланған автокөлік сатып алынған.

Талдықорғандық отбасылар көшпелі оңалту шараларының игілігін алғашқылардың бірі болып көрді.

— Зайыбым Анар 11 жыл бұрын инсульт алды. Үшінші қабатта тұрамыз, арнайы көтергіш жоқ болғандықтан, сыртқа шығу, оңалту орталығына бару бізге қиындық туғызады. Қазір үйімізге келіп, оңалту қызметін көрсетіп жатыр. Бұл бізге өте қолайлы. Мамандардың тиісті ем шараларын жасап жатқанына он күндей болды. Осы бастаманы іске асырып жатқан азаматтарға алғыс айтамыз, – деді А. Басшығұлованың жұбайы Қанат Қосуханов.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ермек Мизамбаевтың айтуынша, бұл жоба – тең мүмкіндіктер қоғамын қалыптастыруға жасалған игі шараның бірі. Жыл соңына дейін осындай қызмет түрімен 200-ден астам адамды қамту жоспарланған. Алдағы уақытта көшпелі оңалту тобы облыс орталығы маңындағы аудандарға да шықпақшы. Бұл жобаны жүзеге асыруға жергілікті бюджеттен 30 млн. теңге бөлінген. Бұл қаражат жобаға тартылған мамандарға, яғни көлік жүргізуші, емдік дене шынықтыру нұсқаушысы мен массажист маманның жалақысына жұмсалады.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

Жалпы Жетісу облысында мүгедек жандар үшін ғимараттарды инфрақұрылыммен қамтамасыз ету 69% құрап отыр. Бұл – республика бойынша бұл ең жоғарғы көрсеткіш. Биыл мемлекеттік және жекеменшік мекемелердің шамамен 195 нысанын бейімдеу жоспарда бар. Облыс көлемінде қазір инватакси саны 32-ге жетті.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. 

Фотосуреттерді түсірген: Жұмабай Мұсабеков

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Қазақстан гендерлік теңдік жолында: мемлекеттік қызметтегі басшылық лауазымдардың 39%-ын әйелдер атқарады

Келесі жаңалық

Қазақстанда 8 наурыз мерекесінде ер адамдардың 90%-ы әйелдерді құттықтауға ниетті

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

Мьянма Ұлттық сайлау комиссиясының комиссары: Референдум халық арасында үлкен қызығушылық тудырды
Категориясыз

Мьянма Ұлттық сайлау комиссиясының комиссары: Референдум халық арасында үлкен қызығушылық тудырды

16 марта, 2026
Жетісуда жасанды интеллект көмегімен жаңа Конституцияға арналған мурал салынды
Категориясыз

Жетісуда жасанды интеллект көмегімен жаңа Конституцияға арналған мурал салынды

16 марта, 2026
Филиппиндік бақылаушы Қазақстандағы референдумның ашықтығы мен жоғары ұйымдастырылғанын жоғары бағалады
Категориясыз

Филиппиндік бақылаушы Қазақстандағы референдумның ашықтығы мен жоғары ұйымдастырылғанын жоғары бағалады

16 марта, 2026
Өскемен жастары қаланы заңсыз жарнамадан тазарту акциясына шықты
Категориясыз

Өскемен жастары қаланы заңсыз жарнамадан тазарту акциясына шықты

16 марта, 2026
«Ана үш баласын жалғыз өсіруде». Кәсіпкер ауыл қызының арманын орындады
Категориясыз

«Ана үш баласын жалғыз өсіруде». Кәсіпкер ауыл қызының арманын орындады

16 марта, 2026
«Референдум – 2026»: Онлайн марафон патриотизм, киберспорт және технологиялар тақырыбындағы талқылаулармен жалғасты
Категориясыз

«Референдум – 2026»: Онлайн марафон патриотизм, киберспорт және технологиялар тақырыбындағы талқылаулармен жалғасты

15 марта, 2026
Келесі жаңалық
Қазақстанда 8 наурыз мерекесінде ер адамдардың 90%-ы әйелдерді құттықтауға ниетті

Қазақстанда 8 наурыз мерекесінде ер адамдардың 90%-ы әйелдерді құттықтауға ниетті

Қазақстандықтардың 8 наурызға жұмсайтын қаражаты қалай өзгерді?

Қазақстандықтардың 8 наурызға жұмсайтын қаражаты қалай өзгерді?

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Ақмола облысындағы орақ науқаны рекордтық көрсеткіштермен аяқталды

Ақмола облысындағы орақ науқаны рекордтық көрсеткіштермен аяқталды

2 декабря, 2025
Экрем Имамоғлы  Қазақстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Экрем Имамоғлы Қазақстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады

18 декабря, 2020
Дүниежүзілік гемофилия күні: қорқынышты үмітке, жан азабын сенімділікке өзгертейік

Дүниежүзілік гемофилия күні: қорқынышты үмітке, жан азабын сенімділікке өзгертейік

18 апреля, 2025

Топ жаңалықтар

  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Такси және жеткізу қызметкерлері алматылықтарды референдумға қатысуға шақырды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қызылордада оқушыны секс құлдыққа салған күдіктілердің бесеуі — жасөспірім

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Ұйқы безінің қатерлі ісігі: неліктен ерте анықтау маңызды-АОО онкологы

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Алматы қаласы ОКҚК дәрігерлері күрделі жол апатынан кейін науқасты аяғына тұрғызды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Мьянма Ұлттық сайлау комиссиясының комиссары: Референдум халық арасында үлкен қызығушылық тудырды
  • Жетісуда жасанды интеллект көмегімен жаңа Конституцияға арналған мурал салынды
  • Филиппиндік бақылаушы Қазақстандағы референдумның ашықтығы мен жоғары ұйымдастырылғанын жоғары бағалады

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.