Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Категориясыз

Маусымдық инвестициялар: 2025 жылы көктемде қандай акциялар өсуі мүмкін?

admin by admin
4 марта, 2025
Маусымдық инвестициялар: 2025 жылы көктемде қандай акциялар өсуі мүмкін?

Көктем мезгілі қор нарығында белсенді кезең болып саналады: компаниялар қаржылық нәтижелер жариялап, дивидендтер төлесе, инвесторлар макроэкономикалық трендтерге бағдарланып, стратегияларын түзетеді. Freedom Broker компаниясының талдаушылары 2025 жылы көктем айларына болашағы бар инвестициялық идеялар ұсынады.

Байланысты

Перизат Қайрат ісі: 3,5 млрд теңге жымқыру бойынша сот процесі қалай өтуде?

Цифрлы серпіліс: Қазақстанның жасанды интеллект пен инновация жолындағы бетбұрысы

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАР ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫН АЛУДА

Қазақстандық нарық: дивидендер маусымы және корпоративтік оқиғалар
Данияр Оразбаев, Freedom Finance Global компаниясының талдаушысы
2025 жылы көктемде мынадай компаниялар жақсы серпін көрсетуі мүмкін:
● «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (KMGZ) – еліміздің экономикасында негізгі рөл атқаратын Қазақстандағы ұлттық мұнайгаз компаниясы. 2025 жылы Теңіз кен орнында өндірісті едәуір ұлғайту күтілуде, бұл компанияны капиталдандыруды арттыру үшін негізгі фактор болуы мүмкін.

● «Қазақстан Халық Банкі» АҚ (HSBK) – Қазақстандағы ең ірі банк, ол жоғары қаржылық нәтижелерді тұрақты көрсетіп келеді. Күтілетін дивидендтер иевесторлардың назарын аудартып, акциялардың бағасын белгілеуге оң әсер етуі мүмкін.
● «Kaspi.kz» АҚ (KSPI) – Қазақстанның төлемдерде, e-commerce-те және көрсетілетін цифрлық қаржылық қызметтерде басым орынды иеленетін жетекші қаржылық технологиялық экожүйесі, ол таза пайданың табыстылығының 41%-ын қамтамасыз етеді. Компания трендте оң өзгерістер көрсетіп, таяу уақытта шығатын қаржылық есептілік пен айрықша корпоративтік оқиғалар аясында өсуі мүмкін.
Көктем айларында KASE индексіндегі компаниялардың көбінің дивидендтері төленеді. Halyk Bank, Қазатомөнеркәсіп және ҚазМұнайГаз-дың акциялары дивидендтік төлемдердің ұлғаюы есебінен өсу ықтималы жоғары. Сонымен бірге, ұзақ уақыт қозғалыссыз болған ҚазТрансОйл және KEGOC компанияларын қадағалаған жөн, себебі олар дивидендтердің мөлшерін жариялағаннан кейін өсуі мүмкін. Инвесторларға Қазақтелекомнан Altel–Tele2-ні сату туралы мәміленің аяқталу қорытындысы бойынша арнайы дивидендтердің мүмкіндігін ескеруге кеңес беріледі.
Kaspi.kz акционерлерінің бірі Вячеслав Ким First Heartland Jusan Bank-ті сатып алуы туралы ықтимал мәміле қосымша өсу драйвері болуы мүмкін, бұл екі қаржы ұйымының ықтимал ынтымақтастығына әкелуі мүмкін.

Жаһандық инвестициялық мүмкіндіктер
Елдар Шәкенов, Freedom Finance Global компаниясының талдаушысы
2025 жылы көктем айларында оң серпін көрсетуі мүмкін америкалық компаниялар:

Технологиялар мен AI
● NVIDIA Corporation (NVDA) – АІ саласында жетекші ойыншы, ол бұлтты GPU нарығының 93%-ын бақылайды. Компания АІ моделдерін масштабтауды жеңілдетіп, DGX Cloud платформасын белсенді түрде дамытуда. Жоғары сұраныс 2025 жылға сатылып қойған жаңа Blackwell архитектурасын растайды. Шығысты азайтып, экожүйені кеңейтуге құйылатын инвестициялар жасанды интеллект индустриясының өсуі аясында NVIDIA-ның орнын нығайтады.
● Microsoft Corporation (MSFT) – Жасанды интеллектіні Azure, Office 365 және Windows бағдарламаларына интеграциялаудың, сондай-ақ OpenAI-мен серіктестіктің арқасында АІ-дағы негізгі ойыншы болып саналады. Бұлтты бизнестің өсуі масштабталатын АІ шешімдерін күшейтеді. Әртараптандырылған экожүйе, жоғары маржиналдық және тұрақты ағындар орнықтылықты қамтамасыз етсе, ал АІ мен бұлтты технологмяларға инвестициялар ұзақ мерзім бойы өседі.
● Dell Technologies Inc. (DELL) – серверлер мен желілік шешімдерден түсетін түсімді 58%-ға арттыра отырып, AI-дегі орнын күшейтіп жатқан компания. AI серверлеріндегі көшбасшылық пен тартымды бағалау 2025 жылы CAGR нарығының 35%-ы аясында өсуге негіз жасайды. Инфрақұрылымдық шешімдер сегменті тұрақты АІ кірісін көрсетеді, бұл DELL акцияларының әлеуетін арттырады.
Өнеркәсіп және көлік
● PACCAR Inc (PCAR) – 2026 жылы жүк тасымалының өсуі аясында болашағы бар инвестиция. Компания EPA стандарттарын енгізбес бұрын жүк көліктеріне деген сұраныстың арқасында акция табысы бойынша жаңа рекорд орнатуы мүмкін. PACCAR-дың ұзақ уақыт өсу тарихы бар, Peterbilt және Kenworth сияқты мықты брендтері бар, жоғары дивидендтік кірістілігі және акциялардың толық бағаланбауы сияқты жағдайлар нарықта оған деген қызығушылықты арта түсті.

Компанияның акциялары бәсекелестермен салыстырғанда толық бағаланбайды, бірақ ол басқа жабдықты бастапқы өндірушілерден (ЖБӨ) рекордтық акция табысына жылдамырақ қол жеткізуі мүмкін.
Жылжымайтын мүлік және денсаулық сақтау
● Welltower Inc. (WELL) – егде жастағы адамдарға арналған тұрғын үй және медициналық жылжымайтын мүлік саласындағы жетекші ойыншы. Компания 2100-ден астам объектіні басқарады, соның ішінде 200 000-ға жуық тұрғын үй және медициналық офисі бар. Өсіп келе жатқан сұраныс пен шектеулі ұсыныс аясында компания маржа мен толтыруды арттыра отырып, капитал мен активтерді тиімді басқару тәсілін қолданады. Осы факторлардың арқасында Welltower бес жыл ішінде пайданы екі есеге арттыра алады, бұл жағдай оның акцияларын инвесторлар үшін тартымды етеді.
● Edwards Lifesciences Corporation (EW) – жүрек ауруын емдеу үшін инновациялар арқылы өсіп келе жатқан компания. 2024 жылғы төртінші тоқсанда сатылым 9%-ға өсті, соның ішінде аорта қақпақшасын ауыстыру сегментінде (TAVR) 6%-ға және митральды және трикуспидті қақпақшаларды емдеуде (TMTT) 88%-ға өсті. 2025 жылы жүрек және аорта жеткіліксіздігі үшін осы технологиялардың және жаңа шешімдердің дамуымен сақталатын түсім 8-10%-ға өседі деп күтілуде. Компания АҚШ-тағы асимптоматикалық пациенттер үшін TAVR мақұлдауын жоспарлап отыр. Күшті позициялар мен өсу перспективалары Edwards Lifesciences акцияларының инвестициялық тартымдылығын арттырады.

2025 жылы көктемде инвесторлар үшін маңызды болмақ. Қазақстандағы дивидендтер маусымы, шикізат секторының өсуі және перспективалы корпоративтік оқиғалар табысты инвестициялар үшін мүмкіндіктер жасайды. Жаһандық деңгейде AI технологиялары, денсаулық сақтау және логистика ірі инвесторлардың назарын одан әрі жаулап алудп. Сауатты әртараптандыру және трендтерді талдау көктем мезгілінде табысты инвестициялар үшін теңдестірілген портфелді қалыптастыруға көмектеседі.

Buy JNews
ADVERTISEMENT
БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Сирек диагнозын қабылдау туралы әңгіме: Алматыда сирек кездесетін аурулар туралы балаларға арналған кітаптың тұсаукесері өтті

Келесі жаңалық

Қазақстандағы гүл нарығы 8 наурызға қалай өзгеруде: көктемнің басты мерекесінде кім пайда табады?

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

Перизат Қайрат ісі: 3,5 млрд теңге жымқыру бойынша сот процесі қалай өтуде?
Категориясыз

Перизат Қайрат ісі: 3,5 млрд теңге жымқыру бойынша сот процесі қалай өтуде?

9 июля, 2025
Цифрлы серпіліс: Қазақстанның жасанды интеллект пен инновация жолындағы бетбұрысы
Категориясыз

Цифрлы серпіліс: Қазақстанның жасанды интеллект пен инновация жолындағы бетбұрысы

9 июля, 2025
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАР ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫН АЛУДА
Категориясыз

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАР ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫН АЛУДА

8 июля, 2025
FlyArystan барлық бағыт бойынша билеттерге жеңілдік жариялайды
Категориясыз

FlyArystan барлық бағыт бойынша билеттерге жеңілдік жариялайды

8 июля, 2025
Қос диплом және Қытайда оқу: Қазақстанда ЖИ бойынша бакалавриат бағдарламасы іске қосылды
Категориясыз

Қос диплом және Қытайда оқу: Қазақстанда ЖИ бойынша бакалавриат бағдарламасы іске қосылды

8 июля, 2025
Қазақстанның бірінші Урбан форумы қалай өтуде?
Категориясыз

Қазақстанның бірінші Урбан форумы қалай өтуде?

8 июля, 2025
Келесі жаңалық
Қазақстандағы гүл нарығы 8 наурызға қалай өзгеруде: көктемнің басты мерекесінде кім пайда табады?

Қазақстандағы гүл нарығы 8 наурызға қалай өзгеруде: көктемнің басты мерекесінде кім пайда табады?

Қазақстандық Partners Pay стартапы Дубайдағы Visa инновациялық орталығында болды

Қазақстандық Partners Pay стартапы Дубайдағы Visa инновациялық орталығында болды

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Алматыда келесі аптада ауа райы қандай болады?

Алматыда келесі аптада ауа райы қандай болады?

2 мая, 2022
КІАҒЗИ  халықаралық стандарттарға сәйкестігін тағы да растады және JCI қайта аккредиттеу рәсімінен өтті

КІАҒЗИ халықаралық стандарттарға сәйкестігін тағы да растады және JCI қайта аккредиттеу рәсімінен өтті

16 августа, 2024
«Таза Қазақстан» акциясына 160 мыңнан астам жетісулық қатысты

«Таза Қазақстан» акциясына 160 мыңнан астам жетісулық қатысты

11 июля, 2024

Топ жаңалықтар

  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Алматыда Қазақстанда алғаш рет жетекші қытай өндірушісінің соңғы буын инновациялық өздігінен ашылатын клапанның имплантациясы жасалды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Қала болашағы — өңірлерден басталады». Қазақстан Ұлттық Урбан Форум – 2025

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақстанда алиментке өтініш беру нұсқаулығы

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Air Astana World Airline Awards 2025 көрмесінде аймақтың үздік әуе компаниясы атанды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Перизат Қайрат ісі: 3,5 млрд теңге жымқыру бойынша сот процесі қалай өтуде?
  • Цифрлы серпіліс: Қазақстанның жасанды интеллект пен инновация жолындағы бетбұрысы
  • ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАР ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫН АЛУДА

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.