Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Категориясыз

Ана білімінің ұрпақаралық мобильділікке ықпалы

admin by admin
4 марта, 2025
Ана білімінің ұрпақаралық мобильділікке ықпалы

Айгүл Забирова,

Байланысты

Перизат Қайрат ісі: 3,5 млрд теңге жымқыру бойынша сот процесі қалай өтуде?

Цифрлы серпіліс: Қазақстанның жасанды интеллект пен инновация жолындағы бетбұрысы

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАР ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫН АЛУДА

ҚСЗИ бас ғылыми қызметкері,

социология ғылымдарының докторы, профессор

«Жаулап алу мен құлдық, соғыстар мен келісімдер, қанау мен капитализм тарихында аталып өтпеген ана болудың өз тарихы, өз идеологиясы бар және бұл трайбализм, национализмге қарағанда тереңірек (А. Рич. Әйелдің дүниеге келуі. Ана болу тәжірибе және институт ретінде)

Құқықтық теңдік пен эмансипация үшін күресте еңбекші әйелдердің ынтымақтасқан күні 8-ші наурыз жақындап келеді. Эмансипация қозғалысы Батыста пайда болған, дегенмен бүгінде Батыс елдерінде бұл күн кеңінен тойланбайды, өйткені дамыған елдердің көбінде гендерлік теңдікке, толық болмаса да, белгілі бір деңгейде қол жеткізілді. Қазақстанда 8-ші наурыз — мереке және демалыс күні, дегенмен бұл мереке біртіндеп саяси астарын жоғалтып, жалпы әйелдер күні ретінде қабылдануда. Әсіресе, осы мерекеде аналарға ерекше назар аударылады.

Тарихи тұрғыдан ананың рөлі мемлекеттік саясат объектісі ретіндегі анадан әлеуметтік дарвинизм аясындағы баланы тәрбиелеудің белсенді субъектісіне дейін, тәрбиелік рөлдерді төмендетіп, ананың әлеуметтік қызметтерінің пайда болуының негізі болатын гендерлік теңдік идеясына дейін үлкен өзгерістерге ұшырауда. Қазақ даласында балалы әйел ғана құрметке ие болған, ал кеңестік «Шығыстың азат етілген әйелдері» жобасы қазақ әйелдерінің эмансипациясына әкелді. Бүгінде заманауи ананың бейнесі, әсіресе қазіргі қазақстандық өнерде, әлі де өз авторын күтуде. Сонымен қатар, Батыс әлеуметтануында ана болу маңызды тақырып болғанымен, қазақстандық әлеуметтануда әлі де қызығушылық пен танымалдылыққа ие бола қойған жоқ. Қазақстандық этнографияда да қазақ анасы туралы сенімді әрі бейтарап зерттеулер іс жүзінде жоқ.

Ана болуды көпқырлы және күрделі құбылыс ретінде түсіне отырып, 2024 жылдың мамыр айында ҚСЗИ тапсырысы бойынша жүргізілген әлеуметтанулық сауалнама[i] деректері негізінде Қазақстандағы аналардың білім деңгейлерін қарастырайық. Бірақ, алдымен респонденттердің білім деңгейі туралы айта кетейік. Респонденттердің 46,8%-ы жоғары білімге ие, бұл еларалық тұрғыдан алғанда, жоғары білімнің жоғары ұлттық деңгейі болып табылады және Қазақстанда орта білімнің ғана емес, жоғары білімнің де қолжетімді екенін көрсетеді. Кеңес заманы тұсындағы Қазақстанда жоғары білім жаппай қолжетімді болмаған: түрлі бағалаулар бойынша 1970 жылдары орта мектеп түлектерінің оннан бір бөлігіне де жоғары оқу орындарына түсуге орын жетпеген. Тәуелсіздік алғаннан кейін, 1990-шы мен 2000-шы жылдары, жаңа мемлекеттік және жекеменшік жоғары оқу орындарының ашылуымен білімге қолжетімділік мүмкіндіктері кеңейді. 2024-2025 оқу жылының басында Қазақстандағы студенттер саны 624,5 мың адамға жетсе, олардың 51,8%-ын әйелдер құраған. Бүгінгі таңда байқалып отырған жоғары білімнің артуы көзге аса көрінбесе де, ұрпақаралық мобильділіктің (ата-аналардан балаларға) маңызды көрсеткіші болып табылады.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

ҚСЗИ сауалнамасында респонденттерге (жастарына қарамастан, іріктемеде 80 жастағы қатысушылар да бар) анасы мен әкесінің білім деңгейі туралы сұрақ қойылды. Жалпы іріктеме бойынша білімді ата-аналар азшылықты құрайды, ал респонденттердің білім деңгейі олардың ата-аналарының білім деңгейінен екі есе жоғары. Басқаша айтқанда, қазіргі таңда көптеген қазақстандықтар жоғары білімді бірінші буында алғаш рет алып отыр, яғни «first generation learners» — бірінші буын білім алушылары, олардың білім алу жолы күрделі, отбасының көмегінсіз және институционалдық қолдаусыз болған.

Мәліметтер қазіргі уақытта әкелер мен аналардың білім деңгейінде гендерлік айырмашылықтар жоқ екенін көрсетіп отыр. Мысалы, респонденттердің 23,9%-ының аналары жоғары білімді, оған қоса 0,3%-ының аналары ғылыми дәрежеге ие. Респонденттердің 22,1%-ының әкелері жоғары білімді және 0,2%-ының әкелері ғылыми дәрежеге ие.

1-сурет. Респонденттердің ата-аналарының
білім деңгейі бойынша бөлінісі, %

Мәліметтерге сәйкес 8000 респонденттің 4270-і аналарының білім деңгейімен салыстырғанда өздерінің білім деңгейін өзгерткен. Оның ішінде 2556 респонденттің бұл өзгерістері жоғары бағытта жылжыған, яғни респонденттердің 59,9%-ы анасына қарағанда білім деңгейін жақсартқан. Егер 21 жасқа дейінгі респонденттерді (осы жаста көбісі жоғары оқу орнында бакалавриатты тәмәмдайды) талдаудан алып тастасақ, бұл үлес 61,9%-ға дейін өседі.

Білім деңгейінің өсуі (ата-аналарымен салыстырғанда) мен материалдық (қаржылық) әл-ауқат көрсеткіштері арасында оң байланыс көрінісі байқалады. Басқаша айтқанда, жоғары білімді ата-аналары бар респонденттер ата-аналарың жоғары білімі жоқ респонденттерге қарағанда біраз жақсырақ материалдық жағдайға ие (1-кестені қараңыз).

1-кесте. Білімнің ұрпақаралық динамикасы мен қаржылық әл-ауқат көрсеткіштерінің арасындағы корреляциялық матрица, Пирсон корреляциясы

Ананың білімінің маңыздылығы қандай, бұл фактор қай кезден бастап байқала бастады және ол қалай көрініс табады? Бұл сұрақтарға басқа ғылымдармен қатар әлеуметтанулық зерттеулер де жауап бере алады.

Ананың білім деңгейінің баланың әлеуметтік және білім деңгейіне әсері туралы зерттеулер негізінен дамыған елдерде жүргізілген, оларда балалардың мобильдік мүмкіндіктерін кеңейтудегі ата-аналардың білім деңгейінің рөлі эмпирикалық түрде дәлелденген. Ірі салыстырмалы зерттеулер (Ху & Цянь) ұрпақаралық білім мобильділігінің ғаламдық заңдылықтарын көрсетеді. Мұндағы ең басты идея — белгілі бір елдерде білімнің қолжетімділігі артқан сайын әкенің білімі мен баланың білім деңгейі арасындағы байланыс әлсірейді, ал керісінше, баланың білім алуында ананың ықпалы артады. Яғни, бастапқыда зерттеулер әкенің білімі балалардың білім деңгейіне қатты әсер ететінін көрсеткен болса, уақыт өте келе, елдердің модернизациялануына байланысты басқа үрдіс қалыптаса бастаған. Мысалы, ата-аналар арасында тек анасы білімді болса, ол баланың мәртебесіне оң әсер ете алады, ал әкенің жоғары білімінің балаларға, әсіресе қыздарға әсері бүгінгі күні әлсіреп барады. Әлеуметтанушылар көптеген әлеуметтік институттардың, әсіресе білім беру институттарының тиімді жұмыс істеуінің көрсеткіші ретінде ананың білім деңгейінің балалардың білім алуына оң әсерін ерекше атап көрсетеді.

Ананың білімінің жоғарылауы неден көрінеді? Бұл баланың дамуына тигізетін әсерінен көрінеді: балалар көбірек оқиды, ізденімпаз, сыни ойлауы дамыған болады, білімді аналар балаларға жиі салауатты әдеттерді сіңіреді. Сонымен қатар, білімді аналардың балалары эмоционалдық интеллектке ие, олар бейімделгіш келеді. Бірақ, мәселе тек когнитивті және басқа қабілеттерді берумен шектелмейді, сондай-ақ құндылықтарды, білімді және ұмтылыстарды баланың бойына сіңіру балалардың білім деңгейін де, болашақта жетістіктерін де арттыруға мүмкіндік береді.

Әлем бойынша, әсіресе дамыған Еуропа елдерінде әйелдердің білім деңгейі аналардың білім деңгейімен тығыз байланысты бола бастаған, бұл ананың білім деңгейінің ұрпақаралық мобильділікке қосқан үлесін көрсетеді. Сонымен қатар, білімі жоғары әйелдер арасында алғашқы баланы туу жасының ұлғаюы да заңды құбылыс. Қазақстандағы жағдай қандай? 2002 жылдан бастап әртүрлі факторлар мен себептерге байланысты елде туу деңгейінің үлкен және ұзақ уақытқа созылған өсуі байқалды. Шығыс халықтары, әсіресе Таяу Шығыс елдерінің халықтары, азын-аулақ әлеуметтік-экономикалық дамуға туу көрсеткішімен жауап беретіні белгілі (ХХ-шы ғасырдың екінші жартысы мен ХХІ-ші ғасырдың басындағы Түркия, Мысыр, Иордания, Парсы шығанағы және басқа да Таяу Шығыс елдері). Қазақстанда туу деңгейінің өсуіне діннің қайта жандануы факторлары да әсер етуі мүмкін, өйткені кез келген діннің, соның ішінде исламның қызметтерінің бірі – жоғары туу көрсеткішін қолдау. Оған 90-шы жылдардағы дағдарыстың нәтижесінде кейінге қалдырылған туу көрсеткіші де өз үлесін қосты. Бұл туу көрсеткішін түсіндіруде отбасы плюрализмі және отбасылық-некелік қатынастарды таңдау еркіндігі де маңызды рөл атқаруы мүмкін.

Соңғы екі жылда (2023 жылдан бастап) туу деңгейінің елеусіз төмендеуі байқалады, бірақ кейбір демографтар секілді біз де туу деңгейінің төмендеу үрдісі туралы айтатын болсақ, онда асығыстық еткен боламыз. Расында, 2023 жылы жалпы туу коэффициенті 2,96-ны құрады, ал 2022 жылы бұл көрсеткіш 3,05 болды. Алайда, репродуктивті жасқа 2000 жылдардың басында туылған ауқымды топтар енді ғана кіріп жатыр. Екіншіден, батыс зумерлері отбасын құруға және бала тууға асықпайды, олар үшін саналы және кеш балалы болу маңызды, тіпті кейбіреулері «childfree» көзқарасын ұстанады. Дегенмен, біздің және Батыс зумерлерінің арасында еңбек нарығындағы қатал жағдайлар, дәстүрлі құндылықтардың қайта жаңғыруы, тұтыну стильдерінің өзгеруі секілді маңызды айырмашылықтардың бар екеніне көпшіліктің күмәні жоқ.

Туу көрсеткішін егжей-тегжейлі қарастырғанда назар аударуға тұрарлық мәселе – аналардың жас топтары бойынша туу деңгейі. Үлкен жастағы аналар топтарына қарағанда жас аналар тобының (15-19 жас) туу көрсеткіші қарастырылған кезеңдерде төмендемейді. Дүниежүзілік тәжірибе көрсеткендей, дәл осы топтар 7-8 бала, ал кейбір мәдениеттерде 10-12 немесе одан да көп бала дүниеге әкеледі. Осы жас когортасындағы қыздарға назар аудару, бұл топта туу көрсеткішін төмендету үшін кем дегенде оларды орта біліммен ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ, діни факторды төмендету және отбасы формаларының плюрализмі елдегі әлеуметтік теңсіздікті төмендету және мобильділікті арттыру тұрғысынан маңызды. Олай болмаған жағдайда жоғары білімді аналардың үлесі басқаша сипатқа ие болуы мүмкін.


[i] Әлеуметтанулық сауалнама ҚСЗИ тапсырысы бойынша 2024 жылдың 11 мамыры мен 22 маусымы аралығында жүргізілді. Іріктелген жиынтық көлемі – 8000 респондент. Сауалнамаға Қазақстанның 17 облысынан және республикалық маңызы бар 3 қаласынан – Астана, Алматы және Шымкенттен 18 жастан асқан респонденттер қатысты.

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Педагогтердің айлық жалақысы соңғы бес жылда қалай өсті?

Келесі жаңалық

Неонаталдық скрининг: ол не үшін қажет және қалай жүргізілетітін Алматыда айтылды

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

Перизат Қайрат ісі: 3,5 млрд теңге жымқыру бойынша сот процесі қалай өтуде?
Категориясыз

Перизат Қайрат ісі: 3,5 млрд теңге жымқыру бойынша сот процесі қалай өтуде?

9 июля, 2025
Цифрлы серпіліс: Қазақстанның жасанды интеллект пен инновация жолындағы бетбұрысы
Категориясыз

Цифрлы серпіліс: Қазақстанның жасанды интеллект пен инновация жолындағы бетбұрысы

9 июля, 2025
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАР ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫН АЛУДА
Категориясыз

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАР ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫН АЛУДА

8 июля, 2025
FlyArystan барлық бағыт бойынша билеттерге жеңілдік жариялайды
Категориясыз

FlyArystan барлық бағыт бойынша билеттерге жеңілдік жариялайды

8 июля, 2025
Қос диплом және Қытайда оқу: Қазақстанда ЖИ бойынша бакалавриат бағдарламасы іске қосылды
Категориясыз

Қос диплом және Қытайда оқу: Қазақстанда ЖИ бойынша бакалавриат бағдарламасы іске қосылды

8 июля, 2025
Қазақстанның бірінші Урбан форумы қалай өтуде?
Категориясыз

Қазақстанның бірінші Урбан форумы қалай өтуде?

8 июля, 2025
Келесі жаңалық
Неонаталдық скрининг: ол не үшін қажет және қалай жүргізілетітін Алматыда айтылды

Неонаталдық скрининг: ол не үшін қажет және қалай жүргізілетітін Алматыда айтылды

Huawei MWC Barcelona 2025 көрмесінде: индустриялардың интеллектуалды трансформациясын жеделдету

Huawei MWC Barcelona 2025 көрмесінде: индустриялардың интеллектуалды трансформациясын жеделдету

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Таяу Шығыстағы геосаяси ахуалға байланысты Азаматтық авиация комитеті мәлімдеме жасады

Жақында Қазақстаннан әлем елдеріне ашылатын жаңа әуе рейстері анықталды

21 августа, 2024
Kaspi.kz 2020 жылы ең көп табыс тапты

Kaspi.kz 2020 жылы ең көп табыс тапты

24 декабря, 2020
Алматыда бизнес орталық өртенді

Алматыда бизнес орталық өртенді

29 марта, 2024

Топ жаңалықтар

  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Алматыда Қазақстанда алғаш рет жетекші қытай өндірушісінің соңғы буын инновациялық өздігінен ашылатын клапанның имплантациясы жасалды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Қала болашағы — өңірлерден басталады». Қазақстан Ұлттық Урбан Форум – 2025

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақстанда алиментке өтініш беру нұсқаулығы

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Air Astana World Airline Awards 2025 көрмесінде аймақтың үздік әуе компаниясы атанды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Перизат Қайрат ісі: 3,5 млрд теңге жымқыру бойынша сот процесі қалай өтуде?
  • Цифрлы серпіліс: Қазақстанның жасанды интеллект пен инновация жолындағы бетбұрысы
  • ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАР ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫН АЛУДА

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.