---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2025/03/03/flyarystan-haly%d2%9baraly%d2%9b-ba%d2%93yttar-bojynsha-biletterge-nau%d2%9ban-zhariyalajdy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# FlyArystan халықаралық бағыттар бойынша билеттерге науқан жариялайды

![FlyArystan халықаралық бағыттар бойынша билеттерге науқан жариялайды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2025/03/photo_2025-03-03-15.12.56.jpeg)

Қазақстандық лоукостер FlyArystan халықаралық бағыттар бойынша билеттерге 25 000 теңгеден басталатын жеңілдіктер науқанын жариялайды. Науқан Қазақстаннан Түркия, Грузия, Қытай, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан елдеріне және кері бағыттағы рейстерін қамтиды.

3 наурыз сағат 14:00-ден 5 наурыз сағат 23:59-ға дейін әуебилеттерді www.flyarystan.com ресми сайтынан, FlyArystan мобильді қосымшасынан және басқа сату арналарынан сатып алуға болады.

Жеңілдікпен билеттер келесі халықаралық бағыттарға жарамды:

*2025 жылғы 1 сәуір мен 31 мамыр аралығында:*

•    Кутаисиден Астана, Алматы, Ақтау және Атырау қалаларына және кері бағытта;  

•    Ташкенттен Астанаға және кері бағытта;  

•    Бакудан Ақтауға және кері бағытта;  

•    Ыстамбұлдан Ақтауға және кері бағытта;  

•    Үрімшіден Астанаға және кері бағытта.

*2025 жылғы 1 маусым мен 31 тамыз аралығында:*

•    Ыстамбұлдан Қарағандыға және кері бағытта;  

•    Бакудан Астанаға және кері бағытта;  

•    Бішкектен Астанаға және кері бағытта.

FlyArystan саяхаттарды алдын ала жоспарлап, әуебилеттерді тиімді бағамен сатып алуға кеңес береді. Сондай-ақ, әуекомпаниясы бір бағытқа ұшу билеті салмағы 5 кг, өлшемі 56 × 23 × 36 см-ді құрайтын бір дана қолжүгін және борттағы кездейсоқ орынды қамтитынын еске салады. Басқа қажетті қосымша қызметтерді жолаушылар компанияның ресми сайтынан немесе FlyArystan қосымшасынан сатып ала алады.

---

Жарияланды: 2025-03-03T10:13:30+06:00

Жаңартылды: 2025-03-03T10:13:30+06:00

Авторлар: [Амин Абдулманов](https://qazaqpress.kz/author/amin-abdulmanov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2025/03/03/flyarystan-haly%d2%9baraly%d2%9b-ba%d2%93yttar-bojynsha-biletterge-nau%d2%9ban-zhariyalajdy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.