---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2025/02/22/gauhar-buribaeva-damu-%d2%9boryny%d2%a3-bas%d2%9barma-t%d3%a9rajymy-%d2%9byzmetinen-ketti/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Гаухар Бурибаева «Даму» Қорының Басқарма төрайымы қызметінен кетті

![Гаухар Бурибаева «Даму» Қорының Басқарма төрайымы қызметінен кетті](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2025/02/foto-g.-buribaeva.jpg)

**2025 жылғы 21 ақпанда «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның жалғыз акционері «Байтерек» ұлттық басқарушы холдингі Басқарма төрайымы Гаухар Асылбекқызы Бурибаеваның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты.**

Гаухар Бурибаева «Даму» Қорын 2019 жылдың сәуір айынан бастап басқарды. Оның Қор басшысы кезіндегі жұмысы кезеңінде қолдау алған жобалар санын 5 есеге – 6 мыңнан 30 мыңға дейін артып, ШОБ қолдаудағы несие портфелі көлемі жылына 500 млрд теңгеден 1,7 трлн теңгеге дейін арттыру бойынша жұмыс жүргізілді. Осы жылдар ішінде Қордың барлық құралдары толықтай цифрланды. Қор ҚР аумағында алғашқы болып «жасыл» облигациялар шығарып, ESG ізашары болды. 2024 жылдан бастап «Даму» Қорын кепілдік қорына трансформациялау процесі басталды, ол 2028 жылға қарай кепілдік портфелін 1 трлн теңгеге дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.  

Гаухар Бурибаеваның қаржы және инвестициялық секторларда жұмыс тәжірибесі мол.

«Даму» Қорына келгенге дейін Гаухар Бурибаева «Самұрық-Қазына Инвест», «Альянс Банк», сондай-ақ «Қазақстанның Даму Банкі», «Қазақстан темір Жолы» және Қазақстан Республикасы Президентінің іс басқармасында басшылық лауазымдарда жұмыс істеді. «Даму» Қорында 2017 жылдан бастап Департамент директорынан Басқарма төрайымына дейінгі жолдан өтті.

---

Жарияланды: 2025-02-21T18:14:55+06:00

Жаңартылды: 2025-02-21T18:14:55+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2025/02/22/gauhar-buribaeva-damu-%d2%9boryny%d2%a3-bas%d2%9barma-t%d3%a9rajymy-%d2%9byzmetinen-ketti/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.