Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Категориясыз

Биыл облыс орталығы Талдықорғанның бюджеті 33 % ұлғайтылып, қаланы дамытудың басым бағыттары белгіленді

admin by admin
20 февраля, 2025
Биыл облыс орталығы Талдықорғанның бюджеті 33 % ұлғайтылып, қаланы дамытудың басым бағыттары белгіленді

Талдықорғанды жуық жылдарда қауіпсіз, жайлы, жасыл қала ретінде дамыту міндеті қойылған. Оны іске асыру үшін 2025-2026 жылдардың нақты жоспарлары жасалып, қала бюджеті 33 пайызға ұлғайтылды. Бұл туралы облыс әкімі Бейбіт Исабаевтың журналистерге берген сұхбаты барысында айтылды, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Байланысты

Жаңа адамдар Әділет партиясының III кезектен тыс съезіне қатысты

«Қазақмыс» «Жомарт» кенішінде тау жыныстары массивін цифрлық мониторингтеу жүйесін енгізуде

Қазақстанда халықтың ақшалай табысының көрсеткіштері артып келеді

Өңір басшысы өз сөзінде облыс орталығын дамытудың басым бағыттарына тоқталды. Бұл ретте қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісі алдыңғы орында тұр. Осы мақсатта қоғамдық тәртіпті қадағалайтын 585 бейнекамера және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ететін 136 «Сергек» камерасын орнату межеленген. «Смарт Сити» форматы бойынша қаланың тіршілігін тәулік бойы бақылай алатын ситуациялық орталықты іске қосу жоспарда бар. Оған қоса көшелерді жарықтандыру да қолға алынады. Бүгінгі күні қаладағы 640 көшенің 420-сында ғана, яғни, 65 пайызына жарық орнатылған. Осыған орай жергілікті бюджеттен биыл көшелерді жарықтандыруға 3,5 млрд теңге бөлініп отыр. Соның арқасында бірқатар саяжайларда және «Хутор», «Шығыс» және басқа да аудандарда көшелер жарықтандырылады.

Сонымен қатар қаланың өмір сүруге жайлы болуына да назар аударылады. Яғни халық баспанамен, жылумен, электрмен, сумен, газбен қамтамасыз етілуі керек. Мәселен, өткен жылы Талдықорғанда 1283 отбасыға баспана берілсе, биыл тұрғын үйге ие болатындардың саны 1500-ге жуықтайды деп жоспарланып отыр.

Шаһардың көркі абаттандыруға тікелей байланысты. Сондықтан аулаларға воркаут алаңдарын салу, көп қабатты үйлердің шатырлары мен қасбеттерін жаңарту, арықтар мен арналарды қалпына келтіру жалғастырылады. Былтыр 28 көпқабатты үйдің шатырына жөндеу жұмыстары жүргізілген. Көппәтерлі 10 үйдің қасбеті жасалды. Биыл тағы 30 көпқабатты үйдің шатыры мен 32 үйдің қасбеті жөнделеді.

— Қаладағы «Ұлан» ықшам ауданына отыз жылдан астам уақыт жөндеу жүргізілмеген. Ауданды абаттандыру мәселесін ұзақ талқылап, сараптама жасап барып, шешім қабылдадық. Сол арқылы тәжірибе қалыптасты. Енді кешенді түрде жұмыс істейміз. Былтыр алдымен 25 көп пәтерлі үйдің 5 ауласын жөндедік, қалған аулаларды биыл бітіреміз. Сондай-ақ «Ұлан» ықшам ауданындағы жөндеуді қажет ететін көп қабатты үйлердің шатырын жөндейміз. Содан соң «Жетісу» және «Жұлдыз» ықшам аудандарына ауысып, кешенді тәртіппен көгалдандыру жұмыстары жүргізіледі. Яғни, алдымен қаланың назардан тыс қалған шеткі аудандарын қамтимыз, — деді Б. Исабаев.

Көгалдандыру жайына келсек, Талдықорғанда өткен жылы 10 мыңдай ағаш отырғызылса, биыл 12 мыңнан астам көшет егу көзделген. Қаланың «Құлагер» шағын ауданында аумағы 1,2 гектар болатын жаңа саябақ салу жоспарда бар. Ал «Бірлік» шағын ауданда жаңа сквер пайда болады. Сол сияқты ағаштар мен көгалдарды суару жүйесін реттеу қолға алынған. Бүгінге дейін шамамен 10 шақырымдай арық жүйесіне жөндеу жүргізілді, бұл жұмыс биыл да жалғасады. Оған қоса Орталық және «Жастар» саябақтарына ағымдағы жөндеу жасалады.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

Фотографтар: Дмитрий Ерофеев, Олжас Құрмашев, сол сияқты бірқатар фотосуреттер облыс әкімі баспасөз қызметінің арихивінен алынды

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Маңғыстау облысында «Айрақты» визит орталығының даму тұжырымдамасы таныстырылды

Келесі жаңалық

2025 ЖЫЛДЫҢ ҚАҢТАРЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖАҢА АВТОМОБИЛЬДЕР САУДАСЫ

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

Сарапшылар Қазақстандағы жасанды интеллект пен цифрлық экономиканы дамыту мәселелерін талқылады
Категориясыз

Жаңа адамдар Әділет партиясының III кезектен тыс съезіне қатысты

11 июля, 2026
«Қазақмыс» «Жомарт» кенішінде тау жыныстары массивін цифрлық мониторингтеу жүйесін енгізуде
Категориясыз

«Қазақмыс» «Жомарт» кенішінде тау жыныстары массивін цифрлық мониторингтеу жүйесін енгізуде

10 июля, 2026
Теңге Қазақстанның ұлттық валютасы ретінде конституциялық мәртебеге ие болды
Категориясыз

Қазақстанда халықтың ақшалай табысының көрсеткіштері артып келеді

9 июля, 2026
Аптаптың бағасы: жаз басталғанда климаттық техника нарығы қалай өзгеріп жатыр
Категориясыз

Аптаптың бағасы: жаз басталғанда климаттық техника нарығы қалай өзгеріп жатыр

9 июля, 2026
Технологиялар әуе көлігі саласына жылына 10 миллиард жолаушыны тасымалдауға дайындалуға қалай көмектеседі
Категориясыз

Технологиялар әуе көлігі саласына жылына 10 миллиард жолаушыны тасымалдауға дайындалуға қалай көмектеседі

9 июля, 2026
«Қазақмыс» өңірлерде жаңа спорт нысандарын салуды жалғастыруда
Категориясыз

«Қазақмыс» өңірлерде жаңа спорт нысандарын салуды жалғастыруда

9 июля, 2026
Келесі жаңалық
2025 ЖЫЛДЫҢ ҚАҢТАРЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖАҢА АВТОМОБИЛЬДЕР САУДАСЫ

2025 ЖЫЛДЫҢ ҚАҢТАРЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖАҢА АВТОМОБИЛЬДЕР САУДАСЫ

Сатушыға кезек: 2025 жылы Қазақстандағы ең сұранысқа ие мамандық

Сатушыға кезек: 2025 жылы Қазақстандағы ең сұранысқа ие мамандық

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

COVID-19 туралы ресми ақпарат

COVID-19 туралы ресми ақпарат

12 июля, 2022
Қазақстанда доллар қымбаттады

Доллардың бағасы тағы түсіп кетті

9 декабря, 2020
Бағдат Мусин коронавирус вакцинасын алды

Қазақстанда қанша адам коронавирусқа қарсы вакцина алды?

7 июня, 2021

Топ жаңалықтар

  • Ұлытауды дамытуға 11 млрд теңгеден астам қаржы: Руслан Өскенәлі әлеуметтік жобалардың жүзеге асуын тексерді

    Ұлытауды дамытуға 11 млрд теңгеден астам қаржы: Руслан Өскенәлі әлеуметтік жобалардың жүзеге асуын тексерді

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • 85 мектеп, жүздеген педагог және жаңа мүмкіндіктер: Ustaz Ulytau жобасының бес жылдық қорытындысы

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақмыс Қарағайлы байыту фабрикасын дамыту бағдарламасын жүзеге асыруда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Қазақмыс» өндірістік қауіпсіздік мәдениетін жүйелі түрде нығайтуда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Жаңа адамдар Әділет партиясының III кезектен тыс съезіне қатысты
  • Жаңа адамдар Әділет партиясының Жаңа мәдениет және ұлттың қалыптасуы стратегиялық сессиясына қатысты
  • «Қазақмыс» «Жомарт» кенішінде тау жыныстары массивін цифрлық мониторингтеу жүйесін енгізуде

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.