Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Басты

Жетісу облысында үшінші қант зауытын салу жоспарда бар

admin by admin
18 февраля, 2025
Жетісу облысында үшінші қант зауытын салу жоспарда бар
Buy JNews
ADVERTISEMENT

Жетісу облысында үшінші қант зауытының құрылысын жүргізу туралы инвесторлармен келісімдер жасалуда. Соның нәтижесінде 1 млн. тоннаға дейін қант қызылшасын өңдеуге мүмкіндік туады. Бұл туралы облыс әкімі Бейбіт Исабаев «Jetisy» телеарнасы студиясында облыстық БАҚ өкілдеріне берген кеңейтілген сұхбаты барысында айтты, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Байланысты

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАР ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫН АЛУДА

FlyArystan барлық бағыт бойынша билеттерге жеңілдік жариялайды

Қос диплом және Қытайда оқу: Қазақстанда ЖИ бойынша бакалавриат бағдарламасы іске қосылды

— Биыл Көксу қант зауытына 60 млн евроға модернизациялық жаңарту жұмыстары жүргізіледі. Сол арқылы зауыттың жылдық қуаттылығы 500 мың тоннаға жетеді. Ал Ақсу қант зауытының қуаттылығы — 350-400 мың тонна. Сонда қазірдің өзінде 800-900 мың тонна қызылша өңдеуге қабілетіміз бар. Жетісу жерінің құнары жеткілікті. Оған қоса суару жүйелерін жаңғыртып, суармалы жерлердің көлемін арттырамыз. Сол кезде қант қызылшасының көлемін 1 000 000 тоннаға жеткізуге мүмкіндігіміз бар. Мұндай мол өнімді үшінші қант зауытын іске қоссақ, өзімізде толықтай өңдей аламыз, — деді Б.Исабаев.

Еске салсақ, былтыр Жетісу облысында 13 мың гектар жерден 630 мың тонна қант қызылшасы жиналды. Бұл — тәуелсіздік алған жылдардан бергі алғашқы мол өнім. Орташа көрсеткіш гектарына 450-500 центнерден айналды.  Облыс әкімінің айтуынша, мұндай үлкен көрсеткіштің артында өте ауқымды жұмыс жатқанын анық. Ал өткізудегі уақытша қиындық Жамбыл облысындағы диқандардың жағдайына байланысты туындаған. Жамбыл облысынан 100 мың тонна қант қызылшасын қабылдап, Ақсу қант зауытына өңдеуге алынған.

Биылғы жылдың жоспарларына тоқталған өңір басшысы ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуге көп көңіл бөлінетінін атап өтті. Осы мақсатта облыста құс фабрикасын және жүгері өңдейтін зауыт салу туралы инвесторлармен жұмыс жүргізіліп жатыр.

Жалпы өңірде өндірілетін қант қызылшасы, жүгері, бидай, ет, сүт сияқты ауыл шаруашылығы тауарларының 65%-ы өзімізде өңделеді. Өткен жылы ауыл шаруашылығындағы өсім 3% болды.

Фотограф: Жеңіс Ысқабай, сол сияқты фотосуреттер облыс әкімі баспасөз қызметінің архивінен алынды.

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Xiaomi Kaspi.kz платформасында өз ресми дүкенін ашты

Келесі жаңалық

Цифровая маркировка: транспарентность

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАР ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫН АЛУДА
Категориясыз

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАР ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫН АЛУДА

8 июля, 2025
FlyArystan барлық бағыт бойынша билеттерге жеңілдік жариялайды
Категориясыз

FlyArystan барлық бағыт бойынша билеттерге жеңілдік жариялайды

8 июля, 2025
Қос диплом және Қытайда оқу: Қазақстанда ЖИ бойынша бакалавриат бағдарламасы іске қосылды
Категориясыз

Қос диплом және Қытайда оқу: Қазақстанда ЖИ бойынша бакалавриат бағдарламасы іске қосылды

8 июля, 2025
Қазақстанның бірінші Урбан форумы қалай өтуде?
Категориясыз

Қазақстанның бірінші Урбан форумы қалай өтуде?

8 июля, 2025
Ермұрат Бапи: «Қос билік бар» деген әңгіменің еш негізі жоқ
Категориясыз

Ермұрат Бапи: «Қос билік бар» деген әңгіменің еш негізі жоқ

8 июля, 2025
Қазақстан IT саласындағы алпауыттарды артқа тастап, WSIS Prizes 2025 байқауында жеңіске жетті
Категориясыз

Қазақстан IT саласындағы алпауыттарды артқа тастап, WSIS Prizes 2025 байқауында жеңіске жетті

7 июля, 2025
Келесі жаңалық
Tesla және SpaceX инвесторы TrustMe-ге инвестиция салуға дайын — біздікілерді қолдайық!

Цифровая маркировка: транспарентность

HUAWEI Mate XT — Қазақстан нарығында алғашқы үш рет бүктелетін смартфон шықты

HUAWEI Mate XT — Қазақстан нарығында алғашқы үш рет бүктелетін смартфон шықты

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

«Юность» фестивалі бас демеушімен таныстырады

«Юность» фестивалі бас демеушімен таныстырады

21 июня, 2022
Бүгінгі доллар бағамы қандай?

Бүгінгі доллар бағамы қандай?

18 апреля, 2022
Тоқаев Ақордада Франция президентін қарсы алды

Тоқаев Ақордада Франция президентін қарсы алды

1 ноября, 2023

Топ жаңалықтар

  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Алматыда Қазақстанда алғаш рет жетекші қытай өндірушісінің соңғы буын инновациялық өздігінен ашылатын клапанның имплантациясы жасалды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақстанда алиментке өтініш беру нұсқаулығы

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Қала болашағы — өңірлерден басталады». Қазақстан Ұлттық Урбан Форум – 2025

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Air Astana World Airline Awards 2025 көрмесінде аймақтың үздік әуе компаниясы атанды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАР ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫН АЛУДА
  • FlyArystan барлық бағыт бойынша билеттерге жеңілдік жариялайды
  • Қос диплом және Қытайда оқу: Қазақстанда ЖИ бойынша бакалавриат бағдарламасы іске қосылды

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.