Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Білім

Астанада Дархан Қыдырәлінің еңбектерінің жаңа басылымдары таныстырылды

admin by admin
10 февраля, 2025
Астанада Дархан Қыдырәлінің еңбектерінің жаңа басылымдары таныстырылды

Ағымдағы жылдың 6 ақпаны күні Түркі мәдениеті және мұрасы қорының ұйымдастыруымен және Түркі Академиясының қолдауымен академик Дархан Қыдырәлінің «Тасқа жазылған тарих» атты кітабының әзербайжан, түрік және қырғыз тілдеріндегі басылымдарының, сонымен қатар орыс тілінде жарық көрген «Тюркский мир: через призму истории», түрік тілінде шыққан «Kod adı Türkistan: Mustafa Çokay» деректі-ғұмырнамалық кітаптарының тұсаукесер рәсімі өтті.

Байланысты

Білім беру мен азаматтық қоғамның рөлі жөніндегі ашық диалог

«Аграркаполия»: Жаңа адамдар ҚазҰАЗУ әкімшілігін университет корпустарын сатуды тоқтатуға шақырады

«Қазақстан балалары» онкүндігі аясында «Министрге хат» атты акция өтті

Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында өткен алқалы жиынға Түркі мәдениеті және мұрасы қорының президенті Ақтоты Райымқұлова, Әзербайжан Республикасының мәдениет министрі Адил Каримли, Қырғыз Республикасы Президентінің кеңесшісі Аслан Койчиев, Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Бауыржан Омаров, Азия кеңесінің бас хатшысы Қайрат Сарыбай, Қырғызстан, Мажарстан, Түркия, Түрікменстан, Өзбекстан Республикаларының Төтенше және өкілетті елшілері, ҚР Президенті Әкімшілігінің, Сыртқы істер министрлігінің, Ғылым және жоғарғы білім министрлігінің, Мәдениет және ақпарат министрлігінің, TURKSOY халықаралық ұйымының өкілдері, ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің бірқатар депутаттары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғалымдар мен зиялы қауым өкілдері қатысты.

Жиында кіріспе сөзімен ашқан Түркі мәдениеті және мұрасы қорының президенті Ақтоты Райымқұлова академик Дархан Қуандықұлының түркі дүниесіне ортақ бай мұраны зерттеп-зерделеу, сақтау істеріне және бауырластық байланыстарды нығайтуға қосқан зор үлесіне тоқталды.

Сонымен бірге басқосуда сөз алған мемлекет және қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбеков, Әзербайжан Республикасының мәдениет министрі Адил Каримли, Қырғыз Республикасы Президентінің кеңесшісі Аслан Койчиев, Азия кеңесінің бас хатшысы Қайрат Сарыбай, мемлекет және қоғам қайраткері Әділ Ахметов, Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Бауыржан Омаров, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов, ТҮРКСОЙ ұйымы Бас хатшысының Қазақстандағы кеңесшісі, академик Кәрімбек Құрманалиев, Назарбаев университетінің профессоры Юлай Шамилоғлу, белгілі баспагер Шыңғыс Мұқан оқырманға жол тартқан жаңа кітаптар туралы орамды ойларын ортаға салып, пайымды пікірлерімен бөлісті.

Түркі мәдениеті және мұрасы қоры жарыққа шығарған академик Д.Қыдырәлінің «Daşa yazılan tariх» (әзербайжан тілінде) кітабына автордың байырғы баһадүр бабалар тарихының тереңінен сыр тартатын, жалпы түркологиядағы алуан тақырыпты арқау еткен ғылыми және ғылыми-танымдық мақалалары топтастырылған.

Осы кітаптың қырғыз тіліндегі басылымы саналатын «Ташка жазылган тарых» кітабы да түбір бір түркі жұртының тарихын қазіргі заман тұрғысынан зерделеп, тұғырлы тұлғаларымызды жан-жақты тани түсуге жол ашатын, ғылыми жаңалығы мол еңбек. Айта кету керек, бұл басылым Қырғыз Республикасы Президенті жанындағы Тарих ғылымын дамыту комиссиясының шешімімен басылып шыққан алғашқы кітап.

Сонымен қатар, еңбектің Түркі Академиясы және ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының қолдауымен «Büyük Bozkır: Taşlara Yazılan Tarih» деген атпен жарық көрген түрік тіліндегі нұсқасы да киелі Ергенеқон, Өтүкен жерлерінен тамыр тартатын ашина дәуірінен бастап, Алтын Орда заманына дейінгі ортақ тарихымызды қамтыған бай мазмұнымен ерекшеленеді.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

Бұған қоса, оқырман назарына «Мазмұндама» баспасы шығарып ұсынып отырған «Тюркский мир: через призму истории» атты кітабы орыс тілді оқырманға түркі тарихы мен тұлғалары туралы таным-түсініктерін айқындай түсуіне мүмкіндік беретінімен маңызды.

Академик Д.Қыдырәлінің аталған жиында таныстырылған «Kod adı Türkistan: Mustafa Çokay» атты деректі ғұмырбаяндық кітабы бұған дейін де бірнеше тілде жарық көріп, оқырман тарапынан өз бағасын алған туынды. Бұл жолы түрік оқырмандардың сұранысымен Анкарадағы «Bengü» баспасынан қайта басылып шығып отыр.

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Солтүстік Арал қалпына келуде: Арал теңізін жандандыру үшін 1 миллиард текше метр су жіберіліп, жасыл белдеулер бой көтерді

Келесі жаңалық

Air Astana авиациядағы мансап мүмкіндіктерімен таныстырады

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

Білім беру мен азаматтық қоғамның рөлі жөніндегі ашық диалог
Білім

Білім беру мен азаматтық қоғамның рөлі жөніндегі ашық диалог

6 октября, 2025
«Аграркаполия»: Жаңа адамдар ҚазҰАЗУ әкімшілігін университет корпустарын сатуды тоқтатуға шақырады
Білім

«Аграркаполия»: Жаңа адамдар ҚазҰАЗУ әкімшілігін университет корпустарын сатуды тоқтатуға шақырады

23 сентября, 2025
«Қазақстан балалары» онкүндігі аясында «Министрге хат» атты акция өтті
Білім

«Қазақстан балалары» онкүндігі аясында «Министрге хат» атты акция өтті

3 июля, 2025
Алматыдағы UIB университетінде вебтундар жасауға арналған дәрістер мен воркшоптар өтуде
Білім

Алматыдағы UIB университетінде вебтундар жасауға арналған дәрістер мен воркшоптар өтуде

29 мая, 2025
SDU University-де жасанды интеллект зерттеулеріне арналған жаңа блок ашылды
Білім

SDU University-де жасанды интеллект зерттеулеріне арналған жаңа блок ашылды

28 марта, 2025
TikTok ҚР Оқу-ағарту министрлігімен және Ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлесіп #Қазақстанмұғалімдері байқауының қорытындысын шығарды
Білім

TikTok ҚР Оқу-ағарту министрлігімен және Ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлесіп #Қазақстанмұғалімдері байқауының қорытындысын шығарды

4 февраля, 2025
Келесі жаңалық
Air Astana авиациядағы мансап мүмкіндіктерімен таныстырады

Air Astana авиациядағы мансап мүмкіндіктерімен таныстырады

COVID-19 халықты қыру үшін жасалды: Қытайлық профессор жаңалық ашты

COVID-19 халықты қыру үшін жасалды: Қытайлық профессор жаңалық ашты

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Алматы облысында үй өртенді

Алматы облысында үй өртенді

2 декабря, 2021

Online Dating Service Pertaining to Latinas

10 июня, 2022
Қанат Шарлапаев Бұланды ауданында су тасқынының зардаптарын жою барысын бақылады

Қанат Шарлапаев Бұланды ауданында су тасқынының зардаптарын жою барысын бақылады

25 июля, 2024

Топ жаңалықтар

  • Балаларды есірткіден қалай қорғаймыз: ата-аналарға қауіп белгілерін тану жолдары түсіндірілді

    Балаларды есірткіден қалай қорғаймыз: ата-аналарға қауіп белгілерін тану жолдары түсіндірілді

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қызылордада оқушыны секс құлдыққа салған күдіктілердің бесеуі — жасөспірім

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «MŪNAI» – Freedom Media ұсынады: жылдың басты тұсаукесері

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Синквейн деген не?

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Тайланд бағыты бойынша жаңа рейстің ашылуы
  • Қазақстандықтар үшін 2025 жыл қандай болды және ол немен ерекшеленді
  • Orda.kz және ҚазТАГ: ақпараттық соғыстардың құқықтық салдары

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.