Freedom Holding Corp. түсімі 2025 ф. ж. III тоқсанда $655 млн құрады

Freedom Holding Corp. түсімі 2025 ф. ж. III тоқсанда $655 млн құрады

Кірістің өткен жылмен салыстырғанда $236,6 млнға (+ 57%) өсуі мынадай факторларға байланысты болды:

Холдингтің шығыстары $249,9 млн-ға (+ 81%) өсті. Мұндай динамика мынадай факторларға негізделген:

Freedom Holding Corp. таза пайдасы $78,1 млн құрады. 59,4 млн дана акциялардың базалық орташа өлшемді санына сүйене отырып есептелген холдинг акциясының пайдасы — $1,32. Холдингтің 60,5 млн дана көбейтілген орташа өлшемді акциялар санынан есептелген акциясының пайдасы — $1,29.

Холдингтің активтері $8,302 млрд-тан $9,135 млрд-қа дейін өсті (+ 10%). Міндеттемелер $7,135 млрд-тан $7,872 млрд-қа дейін (+ 10,3%) көтерілді.

Холдингтің брокерлік клиенттік шоттарының саны 2024 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша 618 мыңды құрады, бұл алдыңғы тоқсанға қарағанда 63 мыңға артық.