---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2025/02/07/ba%d2%93asyn-sa%d2%9btajtyn-avtomobilder-%d2%9baj-brendterdi-satyp-alu-tiimdi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Бағасын сақтайтын автомобильдер: қай брендтерді сатып алу тиімді?

![Бағасын сақтайтын автомобильдер: қай брендтерді сатып алу тиімді?](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2025/02/zhaңa-kөlikter-vs-zhүrilgen-kөlikter.png)

**2024 жыл Қазақстанда авто сату бойынша отандық авто трейдер тарихындағы ең табысты жыл болды. «Қазақстан автомобиль одағы» (ҚАО) баспасөз қызметінің мәліметінше, 2024 жылдың соңында нарық көшбасшылары болып жапон, корей және қытай автоконцерндерінің брендтері қала берді. Бұл мақалада қай брендтердің екінші нарықта тұрақтылығын сақтап, өз құнын жоғалтпайтынын егжей-тегжейлі қарастырамыз.**

Көптеген автокөлік иелері жаңа көлік сатып алғаннан кейін оның құны күрт төмендейтінін біледі. Алайда, бірнеше жыл пайдаланылса да, бағасын жоғалтпайтын ерекше модельдер бар. Қалдық құны бойынша дәстүрлі көшбасшылар – жапон және корей брендтері, атап айтқанда Toyota, Lexus, Hyundai және Kia. Бұл автомобильдер жаңа көліктер сегментінде де, екінші нарықта да жоғары сұранысқа ие. OLX платформасының аналитикалық деректеріне сәйкес, танымал маркалардағы автокөліктер жүрілгеніне қарамастан өз бағасын сақтап қалады. Мұның мысалы ретінде келесі модельдерді атап өтуге болады:

- **Toyota Camry** — жаңа (2021 ж.) бағасы **18 790 000** тг.  

Жүрісі **61 000 км**, бағасы **16 900 000** тг.
- **Lexus NX COMFORT** (жаңа, 2022 ж.) – **27 450 000** тг.  

Жүрісі **128 000 км**, бағасы **21 750 000** тг.
- **Hyundai TUCSON** (жаңа, 2020 ж.) – **15 290 000** тг.  

Жүрісі **70 000 км**, бағасы **13 400 000** тг.
- **Chevrolet Cobalt** (жаңа, 2024 ж.) – **8 190 000** тг.  

Жүрісі **53 000 км**, бағасы **7 000 000** тг.
- **Kia Soul** (жаңа, 2024 ж.) – **11 490 000** тг.  

Жүрісі **52 000 км**, бағасы **9 800 000** тг.

Қазақстанда қытайлық **Chery, Zeekr және Geely** сияқты автомобиль брендтері нарықта белсенді түрде өз позицияларын нығайтуда. Алайда, жалпы үрдіс көрсеткендей, қытайлық көліктер пайдалануның бірінші жылында**30%-ға дейін** өз құнын ж**оғалтуы** мүмкін. Бұл сатып алушылардың бұл маркаларды пайдаланудағы тәжірибесінің аздығымен және оларға әлі де сақтықпен қарауымен байланысты.

- **Zeekr 001** — жаңа (2023 ж.) бағасы **25 000 000** тг.  

Жүрісі **100 000 км**, бағасы **20 000 000** тг.
- **Chery TIGGO 8 Pro** (жаңа, 2023 ж.) – **13 190 000** тг.  

Жүрісі **20 000 км**, бағасы **11 000 000** тг.
- **Geely Coorlay** — жаңа (2024 ж.) бағасы **14 000 000** тг.  

Жүрісі **20 000 км**, бағасы **9 500 000** тг.

Жалпы алғанда, Қазақстан нарығында жүрілген автомобильдер бағасының төмендеуі байқалады. **2023 жылы** орташа баға **12%-ға** төмендеп, **12 млн-нан 10,6 млн теңгеге** дейін түсті, ал **2024 жылы** бұл көрсеткіш **9 млн теңгеге** жетті. Бұл жаңа автокөлік нарығындағы жоғары бәсекелестікке, соның ішінде сатып алушыларға айтарлықтай жеңілдіктер ұсынатын қытайлық брендтердің белсенділігіне байланысты.

Осылайша, Қытай автокөліктері Қазақстанда барған сайын танымал бола түскенімен, олардың **екінші нарықтағы бағасы** басқа брендтерге қарағанда тезірек төмендеуі мүмкін.

**Сарапшылар пікірі: сұранысқа ие автокөлікті қалай таңдау керек?**

Қазақстандық авто-блогер және сарапшы Данияр Аманбаев(@daniyar_amanbayev) Toyota, Lexus, Hyundai және Kia сияқты сенімді брендтерге назар аударуға кеңес береді.

«Тиімді қайта сату үшін басты фактор – сенімділік. Қазіргі заманғы жаңа технологиялары бар автокөліктер көбінесе бірнеше жыл пайдаланылғаннан кейін мәселелер туғызады. 100 мың км-ге дейінгі жүріс – оңтайлы көрсеткіш, бірақ ең бастысы – автокөліктің жалпы жағдайын қарау. Жоғары деңгейлі нұсқаларды қуалай бермеңіз – таза тарихы бар, жақсы күйдегі көлікті таңдаған жөн».

Онлайн платформалар арқылы автокөлік сатып алу – тез әрі ыңғайлы шешім. Алайда, қауіпсіздік ережелерін есте сақтау маңызды:

- Толық рәсімделгенше алдын ала төлем жасамаңыз.
- Көлік пен иесінің құжаттарын мұқият тексеріңіз.
- Қосымша қауіпсіздік үшін қолма-қол емес төлемдерді пайдаланыңыз.
- Сатып алудан бұрын көліктің техникалық жағдайын тексеріңіз.

2025 жылы автокөлік сатып алу – бұл тек қана бүгінгі пайданы ойлау емес, сонымен қатар болашаққа салынған инвестиция. Дұрыс таңдау жасай отырып, сіз сенімді көлік иесі болып қана қоймай, болашақта оны тиімді бағамен қайта сату мүмкіндігіне ие боласыз.

 

---

Жарияланды: 2025-02-07T07:56:13+06:00

Жаңартылды: 2025-02-07T07:56:13+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2025/02/07/ba%d2%93asyn-sa%d2%9btajtyn-avtomobilder-%d2%9baj-brendterdi-satyp-alu-tiimdi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.