TikTok ҚР Оқу-ағарту министрлігімен және Ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлесіп #Қазақстанмұғалімдері байқауының қорытындысын шығарды

TikTok ҚР Оқу-ағарту министрлігімен және Ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлесіп #Қазақстанмұғалімдері байқауының қорытындысын шығарды

Бейнероликтер жасауға арналған TikTok жетекші платформасы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен және Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен өткізілген #Қазақстанмұғалімдері жыл сайынғы байқауын қорытындылады. Байқау үшінші рет еліміздің түкпір-түкпіріндегі білім мен білім беру мазмұнын насихаттау үшін креативті форматтармен тәжірибе жасаудан қорықпайтын талантты оқытушыларды біріктірді.

Сайысқа қатысуға мектеп мұғалімдері мен колледждер мен жоғары білім беру мекемелерінің оқытушылары ат салысты. Қатысу үшін олар платформада өз пәндері туралы танымдық бейнероликтер жариялауы керек болды. Байқауға бүкіл елден жүздеген оқытушы қатысты, ал #УчителяКазахстана және #қазақстанмұғалімдері ресми хэштегтерімен білім беру роликтерінің саны 80 мыңнан астам құрады.

Бастаманы ілгерілетуге жоба амбассадорлары көмектесті, оның ішінде химия пәнінің мұғалімі Ұлан Үсенов @wannabeteacher, сондай-ақ өткен жылғы байқау жеңімпаздары физика пәнінің мұғалімі Хамза Дәулетбек @khamza_d пен робототехника пәнінің оқытушысы Хайдар Мырзахметов @neverhaid бар. Аталған авторлар оқытушыларға арналған арнайы вебинарда сөз сөйлеп, танымдық мазмұнды TikTok-тың кең аудиториясын қызықтыратындай етіп қалай түсіру керектігін айтып берді.

Оқыту роликтерін орналастырып, ең көп лайк пен қаралым жинаған үш оқытушы байқау жеңімпазы атанды.

«Қазақстандағы оқытушылар үшін байқауды үшінші рет өткізіп отырмыз және жобаға деген қызығушылықтың жыл сайын артып келе жатқаны аса қуантады. Жоба TikTok үшін бірегей болып отыр және оның Қазақстанда өткізілуі бекер емес. Елде жаңа форматтармен тәжірибе жасауға және түрлі пәндер бойынша білімдерімен қысқа бейне форматында бөлісуге дайын талантты әрі батыл оқытушылар саны өте көп екендігін байқадық. Ал қазақстандық қолданушыларымыз өз кезегінде осындай мазмұнды көріп, өздері үшін тың әрі пайдалы нәрсені білуге үлкен ықылас білдіреді», — деді Орталық Азиядағы TikTok Операциялық бөлімінің басшысы Саиф Муджахид.

Байқау жеңімпаздарының әрқайсысы iPhone 16 Pro смартфон түріндегі құнды сыйлыққа ие болады, бұл оларға TikTok платформасы үшін одан да жақсы мазмұн жасауға көмектеседі.

TikTok туралы

TikTok – бұл қысқа бейнебаяндар жасауға арналған жетекші қосымша. Біздің мақсатымыз – адамдарды шығармашылыққа шабыттандырып, бақытқа бөлеу.