Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Категориясыз

Қолжетімді сот төрелігі: ҚР Әділет министрлігі мен IPrav цифрлық заң қызметтерін дамытуда

admin by admin
4 февраля, 2025
Қолжетімді сот төрелігі: ҚР Әділет министрлігі мен IPrav цифрлық заң қызметтерін дамытуда

ҚР Әділет министрлігі мен  «IPrav» ЖШС компаниясы арасында заң қызметтеріне арналған ЖИ базасындағы мобильді қосымшаны әзірлеушілермен  стратегиялық әріптестік туралы меморандумға қол қойылды.

Байланысты

Huawei мен Beeline Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

Рейстердің орындалуына әсер ететін факторлар туралы

Аида Балаева: Білім мен медицинадағы қаржыландыру жүйесі әділ әрі ашық болуға тиіс

Серіктестіктің негізгі мақсаты – азаматтарға тез, тиімді және қауіпсіз түрде білікті құқықтық көмек алуға мүмкіндік беретін технологиялық шешімдерді дамыту.

Өзара серіктестік ЖИ технологияларын дамытуды, білім беру бастамаларын, халыққа қажетті өзекті құқықтық проблемаларды анықтау мақсатында зерттеулер жүргізуді қамтитын болады.

«Мемлекет басшысы әрбір цифрлық реформа, әсіресе, заң көмегіне қол жеткізу шектелген шалғай аймақтардағы адамдар үшін неғұрлым қолжетімді сот төрелігіне жасалған қадам екенін атап өткен болатын.

Сондықтан осы бағыттағы біздің бірлескен күш-жігеріміз халыққа арналған құқықтық қызметтердің қолжетімділігін арттырудың, кедергілерді азайтудың және құқықты қолдану процестерін жеделдетудің маңызды бөлігіне айналады» — деді Әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков.

Өзара ынтымақтастық жасанды интеллект шешімдерін заң саласына интеграциялауға негізделген. Бұл пайдаланушылар үшін де, кәсіпқойлар үшін де жаңа мүмкіндіктерді ашады.

Меморандумға сәйкес, Әділет министрлігі әзірлеушілерге дербес деректерді қорғау туралы заңнаманы сақтай отырып, қосымшаның дұрыс жұмыс істеуі үшін қажетті құқықтық деректерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл халыққа «IPrav» мобильді қосымшасының функционалына жылдам әрі сапалы қол жеткізуді қамтамасыз етеді.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

«Біз үшін меморандумға қол қою – бұл IPrav дамуының жаңа кезеңі ғана емес, сонымен қатар үлкен мүмкіндік. Біз Әділет министрлігімен қол жетімді және заманауи құқықтық жүйені құру үшін күш-жігерді біріктіруде зор әлеуетті көріп отырмыз», — деді  «IPrav» ЖШС директоры Жұлдыз Ержанова.

Ынтымақтастық Қазақстан азаматтарына, әсіресе ауылдық және шалғай өңірлеріндегі азаматтарға құқықтық көмекке ыңғайлы және жедел қол жеткізуді қамтамасыз етуге бағытталған.

Біз технологияны халық пен құқықтық жүйе арасындағы көпірге айналдыру міндетін қойып отырмыз. Цифрландыру құқықтық сауаттылықты арттыру және Қазақстанның әрбір тұрғыны өзінің тұрғылықты жеріне қарамастан көмек алып, өз құқықтарын қорғай алатын жағдай жасау үшін жаңа мүмкіндіктерді ашатынын айтып өтті IPrav негізін қалаушы Қаныш Кенжетаев.

Сондай-ақ, бірлескен инновациялық жобалар мен пилоттық бағдарламаларды іске асыру, министрліктің мемлекеттік қызметшілері мен қызметкерлері үшін оқыту сессияларын өткізу жоспарлануда, бұл олардың цифрлық құралдарды пайдаланудағы құзыреттерін арттыруға мүмкіндік береді.

IPrav мобильді қосымшасы – заңгерлік қызметтерді іздеуге және онлайн алуға болатын жаңа құрал. Қазақстандық мамандар әзірлеген IT-стартаптың мақсаты – тұрғылықты жеріне қарамастан барлық азаматтарға білікті құқықтық көмекке қол жеткізуді қамтамасыз ету.

Қосымшаның ерекшелігі – машиналық оқыту принциптері бойынша жұмыс істейтін кіріктірілген ЖИ көмекшісі — Әйтеке чат-боты.

Қазіргі уақытта виртуалды ЖИ көмекшісін «Өзіңізді алаяқтардан қалай қорғауға болады?», «Жол-көлік оқиғасы кезінде не істеу керек?», «Тұтынушылардың құқықтарын қалай қорғауға болады?». , «Ипотекалық несиені төлемеген жағдайда не болады?», «Түрлі әкімшілік құқықбұзушылық үшін айыппұл көлемі қандай болады?», «Мұраны қалай рәсімдеуге болады?» «Автокөлікті қалай тіркеуге болады?» деген сияқты сұрақтарға жауап беру үйретіліп жатыр.

IPrav барлық жас санаттары үшін түсінікті, қарапайым әрі ыңғайлы интерфейс ұсынады. Онда шұғыл әрекет ету үшін жақын жердегі адвокатпен байланысуға мүмкіндік беретін SOS функциясы қарастырылған. Бұл әсіресе шалғайдағы тұрғындар үшін өте ыңғайлы. Мамандардың рейтингтік жүйесі таңдаудың ашықтығын және қызмет сапасының жоғары деңгейін қамтамасыз етеді.

Жақын арада пайдаланушылардан кері байланыс алу және оның функционалын жақсарту үшін мессенджерлер арқылы Әйтеке ботына ашық тестілеу өткізу жоспарланып отыр.

 

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Алматы қалалық кардиологиялық орталығында күрделі Бентал операциясы сәтті өтті

Келесі жаңалық

Темір жол машиналарын жасау саласында алдағы екі жылда 3 мыңнан астам жұмыс орны ашылады

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

Huawei мен Beeline Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды
Категориясыз

Huawei мен Beeline Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

19 января, 2026
Рейстердің орындалуына әсер ететін факторлар туралы
Категориясыз

Рейстердің орындалуына әсер ететін факторлар туралы

19 января, 2026
Аида Балаева: Білім мен медицинадағы қаржыландыру жүйесі әділ әрі ашық болуға тиіс
Категориясыз

Аида Балаева: Білім мен медицинадағы қаржыландыру жүйесі әділ әрі ашық болуға тиіс

17 января, 2026
«Мошенники 2» сериалының тұсаукесері бір мезетте төрт платформада өтеді
Категориясыз

«Мошенники 2» сериалының тұсаукесері бір мезетте төрт платформада өтеді

16 января, 2026
Volkswagen, Toyota және Hyundai: 2025 жылы қазақстандықтар қандай көліктерді сатып алды
Категориясыз

Volkswagen, Toyota және Hyundai: 2025 жылы қазақстандықтар қандай көліктерді сатып алды

16 января, 2026
Категориясыз

Бухгалтерлік баланс, пайда мен залал туралы есеп «Сентрас Иншуранс «СК» АҚ 01.01.2026 жыл жағдайына

16 января, 2026
Келесі жаңалық
Темір жол машиналарын жасау саласында алдағы екі жылда 3 мыңнан астам жұмыс орны ашылады

Темір жол машиналарын жасау саласында алдағы екі жылда 3 мыңнан астам жұмыс орны ашылады

Бас көлік прокуратурасында 2024 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша алқа отырысы өткізілді

Бас көлік прокуратурасында 2024 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша алқа отырысы өткізілді

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Қазақстанда міндетті вакцинацияның жаңа мерзімі аталды

Қазақстанда қанша адам коронавирусқа қарсы вакцина алды?

8 марта, 2022
Кейінгі тәулікте Қазақстанда 1 349 адамнан COVID-19 анықталды

Кейінгі тәулікте Қазақстанда 1 349 адамнан COVID-19 анықталды

17 февраля, 2022
Қазақстанда доллар бағамы өсті

Қазақстанда доллар бағамы өсті

11 ноября, 2021

Топ жаңалықтар

  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • AOО онкологы — бауыр обырының қауіптері мен алдын алу туралы талқылайды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қызылордада оқушыны секс құлдыққа салған күдіктілердің бесеуі — жасөспірім

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Jack port Off Sites — Avoiding Jerks With Sex Webcam Girls

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Freedom Media «Сёгун» сериалының қазақ тіліндегі алғашқы ресми дубляжын ұсынды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Huawei мен Beeline Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды
  • Рейстердің орындалуына әсер ететін факторлар туралы
  • Ақмола облысы Қосшы қаласында бір ауысымда 1000 адамды қабылдауға арналған емхана ашылды

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.