Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Категориясыз

Пастернактың күйін кешкен НДС

admin by admin
30 января, 2025
Пастернактың күйін кешкен НДС

«Эх, НДС өсіпті», — деп күрсінді лифтте көрші. Мен одан екі қабат жоғары тұрамын. «НДС-тың не екенін білесіз бе?» деп сұрадым. «Жоға, бірақ бәрі өседі деп жүр. Ол нашар дейді» деп қапаланды.

Байланысты

Бейбіт Исабаев Кербұлақ ауданының жаңадан сайланған әкімін жергілікті активке таныстырды

Талғат Жанысбай Ұлттық құрылтайдың өткен отырысында Тоқаевтың сөйлеген сөзіне пікір білдірді

Тазабек Астанада «Қайрат» – «Брюгге» матчында жанкүйерлерді таңғалдырды

НДС — қосымша құн салығы. Ол бәріне жаппай салынатын салық емес. Жаппай салынатын салықтар — ИПН (жеке тұлғаға, жеке табыс салығы), КПН (заңды тұлғаға, корпоративті табыс салығы). Қосымша құн салығы — ішкі нарықта сатылатын тауарлар мен қызметтерге салынады. НДС есебінде тұрған кәсіпкерлер оны ішкі нарықта өзі сататын бағаға бұрыннан бері қосады және оның қазіргі ставкасы 12%. Тауардың өзіндік құны мен кәсіпкер маржасына қосылады.

Кәсіпкер сататын тауарын оптом 5 мың теңгеге сатып алды дейік. Үстіне 2 мың пайдасын қосты. 7 мың теңге. НДС 12% қосты. 7 840 теңге ақырғы бағамен сатты. Енді НДС 20% болды дейік. Онда баға 8 400 теңге болады. Кәсіпкер ұтылмайды. Тауар бағасы осы тауарды алатын адам үшін қымбаттайды.

Жалпы, қосымша құн салығын әлемнің 137 елі қолданады. Көп елдерде бұл бюджетті толтырудың негізгі әдісі. Қазақстан қазір НДС рейтингінде 70-ші орында. Біз ҚҚС-ы төмен елдер санатындамыз, бірақ әлеуметтік жүктемеміз өте көп. Ленин жасай алмаған коммунизмо-социализм моделін біз жасадық. Мұндай әлеуметтік жүктемемен НДС көп болуы керек немесе НДС 12 пайызда қалса, онда әлеуметтік шығындарды кемі 6 триллион теңгеге қысқарту керек. Зейнеткерлер мен студенттердің, бюджет қызметкерлерінің табысын кесуге мемлекеттің қолы бара алмады. Социализм жалғасады. Бірақ осы банкеттің шотын біреу төлеу керек қой.

Әлемдік тәжірибеге сәйкес мемлекет компенсациялық режим енгізбек. Егер НДС-ті өсіре алса, жұмыс беруші мен жұмысшыны буындырып тұрған соцналог пен опврды алып тастауға үкімет ықтияр сияқты. Онда қолына 300 мың теңге алып жүрген адамның табысы тағы 8-10 мың теңгеге өсіп, 310 мың болуы тиіс.

2025 айтарлықтай қымбат жыл болады. Біршама жылдар бойы өмір сүрген социализм үшін (бұйрықпен ұстап тұрған төмен коммуналды тарифтер мен жанармай) енді толық төлей бастаймыз. Жарық пен суды үнемдеуге көшеміз. НДС-пен сататын супермаркет емес, НДС төлемейтін кәсіпкерден тамақ алуға үйренеміз. Автобусқа мініп, Оңай картасымен танысамыз.

Нағыз нарық экономикасы, капитализмге жайлап аяқ басамыз. Оған үйреніп алған елдердің суды үнемдейтініне, жылу қоспай екі қабат көрпе оранатынына күлуші едік. Енді біз де үйренеміз. Қиын болады. Басында ашуланамыз. Боқтаймыз, лағнет айтамыз. Түбі қабылдаймыз. Бұдан кейін социализмге біржолата оралмайтын боламыз.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

Айбар Олжаев

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Мамандық ауыстыру: сұранысқа ие 10 жұмысшы мамандығы

Келесі жаңалық

Жетісу облысында жұмысшы мамандықтары жылы аясында «Еңбекпен ер атанған» мәдени көш керуені басталды

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

Бейбіт Исабаев Кербұлақ ауданының жаңадан сайланған әкімін жергілікті активке таныстырды
Басты

Бейбіт Исабаев Кербұлақ ауданының жаңадан сайланған әкімін жергілікті активке таныстырды

21 января, 2026
Талғат Жанысбай Ұлттық құрылтайдың өткен отырысында Тоқаевтың сөйлеген сөзіне пікір білдірді
Категориясыз

Талғат Жанысбай Ұлттық құрылтайдың өткен отырысында Тоқаевтың сөйлеген сөзіне пікір білдірді

21 января, 2026
Тазабек Астанада «Қайрат» – «Брюгге» матчында жанкүйерлерді таңғалдырды
Категориясыз

Тазабек Астанада «Қайрат» – «Брюгге» матчында жанкүйерлерді таңғалдырды

20 января, 2026
Алматыда алғаш рет қозғалыс бұзылыстары бар жасөспірімнің миын терең ынталандыру жүргізілді
Категориясыз

Алматыда алғаш рет қозғалыс бұзылыстары бар жасөспірімнің миын терең ынталандыру жүргізілді

20 января, 2026
Huawei мен Beeline Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды
Категориясыз

Huawei мен Beeline Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

19 января, 2026
Рейстердің орындалуына әсер ететін факторлар туралы
Категориясыз

Рейстердің орындалуына әсер ететін факторлар туралы

19 января, 2026
Келесі жаңалық
Жетісу облысында жұмысшы мамандықтары жылы аясында «Еңбекпен ер атанған» мәдени көш керуені басталды

Жетісу облысында жұмысшы мамандықтары жылы аясында «Еңбекпен ер атанған» мәдени көш керуені басталды

«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы бойынша қазақстандық балаларға 888 млн доллар аударылды

«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы бойынша қазақстандық балаларға 888 млн доллар аударылды

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Елімізде бір тәулікте 6637 адам коронавирус жұқтырған

Қазақстанда кейінгі тәулікте 724 адамнан COVID-19 анықталды

3 декабря, 2021
Баянауылдағы 17 елді мекенді су басу қаупі бар

Баянауылдағы 17 елді мекенді су басу қаупі бар

12 января, 2024
Canon EOS R жүйесінің 5 жылдығы құрметіне орасаң даму мен инновацияны атап өтеді

Canon EOS R жүйесінің 5 жылдығы құрметіне орасаң даму мен инновацияны атап өтеді

7 ноября, 2023

Топ жаңалықтар

  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • AOО онкологы — бауыр обырының қауіптері мен алдын алу туралы талқылайды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қызылордада оқушыны секс құлдыққа салған күдіктілердің бесеуі — жасөспірім

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Jack port Off Sites — Avoiding Jerks With Sex Webcam Girls

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Freedom Media «Сёгун» сериалының қазақ тіліндегі алғашқы ресми дубляжын ұсынды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Бейбіт Исабаев Кербұлақ ауданының жаңадан сайланған әкімін жергілікті активке таныстырды
  • Талғат Жанысбай Ұлттық құрылтайдың өткен отырысында Тоқаевтың сөйлеген сөзіне пікір білдірді
  • Тазабек Астанада «Қайрат» – «Брюгге» матчында жанкүйерлерді таңғалдырды

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.