---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2025/01/30/olzhas-bektenov-resej-kompaniyalaryn-investicziyaly%d2%9b-zhobalar%d2%93a-belsendi-atsalysu%d2%93a-sha%d2%9byrdy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Олжас Бектенов Ресей компанияларын инвестициялық жобаларға белсенді атсалысуға шақырды

![Олжас Бектенов Ресей компанияларын инвестициялық жобаларға белсенді атсалысуға шақырды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2025/01/kmo_090981_13543_1_t222_140339.jpg)

**Үкімет басшысы Олжас Бектенов Ресей Федерациясының Премьер-министрі Михаил Мишустинмен кездесуінде Ресей компанияларын инвестициялық жобаларға белсенді атсалысуға шақырды, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

— Екі ел арасындағы өзара инвестициялар көлемі орнықты түрде артып келеді. Соңғы 20 жылда ресейлік инвесторлар 25,2 млрд доллар көлемінде тікелей инвестиция салды. Ал қазақстандық компаниялар осы кезеңде Ресей экономикасына 8,7 млрд доллар инвестиция бағыттады. Өткен жылдың 9 айында ғана ресейлік инвестициялардың жалпы ағыны 43,7% өсіп, 2 2,8 млрд доллар болды, — деді Үкімет басшысы.

Оның айтуынша, Қазақстанда 23 мыңнан астам Ресейдің үлесі бар компания жұмыс істейді.

— Бұл шетелдік капиталы бар кәсіпорындардың 40%-ына жуық. Жалпы, біз жаңа өндірістер құруға мүдделіміз. Ресейлік компанияларға Қазақстанда бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыруға белсенді қатысуды ұсынамыз.

Біз экономикалық ынтымақтастықтың 2021-2025 жылдарға арналған кешенді бағдарламасын іске асыруда оң нәтижелер көріп отырмыз. Осы тұрғыда біздің жауапты мемлекеттік органдарымыз келесі жылдарға арналған жаңартылған бағдарламаны әзірлеуге кірісуі орынды болып көрінеді, — деді Олжас Бектенов.

 

---

Жарияланды: 2025-01-30T07:41:29+06:00

Жаңартылды: 2025-01-30T07:41:29+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2025/01/30/olzhas-bektenov-resej-kompaniyalaryn-investicziyaly%d2%9b-zhobalar%d2%93a-belsendi-atsalysu%d2%93a-sha%d2%9byrdy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.