---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2025/01/29/zh%d2%b1mysshy-mamandy%d2%9btary-zhyly-almatyda-one-day-life-kinozhobasy-bastaldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Жұмысшы мамандықтары жылы: Алматыда «One day life» киножобасы басталды

![Жұмысшы мамандықтары жылы: Алматыда «One day life» киножобасы басталды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2025/01/photo-2025-01-29-14-59-36.jpg)

**Алматыда Жастар саясаты басқармасы мен қала әкімдігінің жобалық кеңсесінің қолдауымен «One day life» қысқаметражды фильмдер сериясының премьерасы өтті. Жоба Жұмысшы мамандықтар жылы аясында қолға алынған.**

Қысқаметражды фильмдер еңбегі мен табандылығы арқылы өмірдің қиындығын жеңіп, жетістікке жеткен адамдардың шынайы оқиғаларын баяндайды.

«One day life» жобасы жұмысшы мамандықтарын насихаттауға және түрлі саладағы еңбектің маңыздылығын көрсетуге арналған.

*«Бұл жоба креативті әрі мақсатшыл жастар үшін жаңа шабыттың символына айналары сөзсіз. Осындай бастамалар арқылы біз маңызды әлеуметтік мәселелерді көтеріп қана қоймай, әркім өзін көрсете алатын шығармашылық орта қалыптастырамыз»,* – деді ұйымдастырушылар.

Премьераға жастар, білім беру мекемелерінің өкілдері және жастар ұйымдары қатысты.

«One day life» жобасының әрбір қысқаметражды фильмі құрылысшылар мен медбикелерден бастап, аспаздар мен инженерлерге дейінгі әртүрлі жұмысшы мамандық иелерінің бір күндік өмірін көрсетеді. Көрермендер кейіпкерлердің кәсіби өмірін ғана емес, олардың еңбегінің қоғамға тигізетін әсерін де көреді.

Жоба авторлары оқиғаларды баяндап қана қоймай, еңбекке деген құрметтің маңыздылығын және қоғамның дамуындағы жұмысшы мамандықтарының рөлін көрсетуді мақсат тұтқан.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

---

Жарияланды: 2025-01-29T10:14:22+06:00

Жаңартылды: 2025-01-29T10:14:36+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2025/01/29/zh%d2%b1mysshy-mamandy%d2%9btary-zhyly-almatyda-one-day-life-kinozhobasy-bastaldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.