---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2025/01/27/so%d2%a3%d2%93y-eki-zhylda-1-my%d2%a3nan-astam-atys-%d2%9baruy-t%d3%99rkilendi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Соңғы екі жылда 1 мыңнан астам атыс қаруы тәркіленді

![Соңғы екі жылда 1 мыңнан астам атыс қаруы тәркіленді](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2025/01/whatsapp-image-2025-01-27-at-081210.jpeg)

**ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөліністері тұрақты негізде қару, оқ-дәрі мен жарылғыш заттарды табу және тәркілеу жөніндегі жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды Qazaqpress Polisia.kz-ке сілтеме жасап.**

Ағымдағы жылдың басынан бастап жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 20 атыс және травматикалық қару, оның ішінде 4-уі қаңтар оқиғасы кезінде жоғалған, сондай-ақ 6 граната және 150-ден астам әртүрлі калибрлі оқ-дәрі тәркіленді.

Мысалы, Алматы қаласының ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы тергеу изоляторының қызметкерлерімен бірлесіп, Түрксіб ауданында қару жасырылған жерді анықтады. 3 шолақ мылтық, 3 тапанша, 4 граната, шамамен 50 патрон, сонымен қатар қаңтар оқиғасы кезінде қару-жарақ дүкенінен ұрланған карабин тәркіленді.

Тараз қаласында 2 шолақ мылтық және қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған жауынгерлік арбалет табылды.

Ақтөбеде 56 патроны бар ТОЗ винтовкасы мен Ф-1 гранатасы тәркіленді.

Алматы облысында 2 қару, РГД-5 гранатасы және Калашников автоматының 20 патроны, сондай-ақ қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған 2 Макаров тапаншасы табылды. Талдықорған қаласында жергілікті тұрғынның автокөлігінен 5 травматикалық тапанша тәркіленді.

— Соңғы екі жылда ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөліністері заңсыз айналымнан 1000-нан астам қару-жарақ тәркіледі, оның ішінде қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған 130 қару бар.

Бұл бағыттағы жұмыс Ішкі істер министрлігінің ерекше бақылауында, — деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

---

Жарияланды: 2025-01-27T06:54:59+06:00

Жаңартылды: 2025-01-27T06:54:59+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2025/01/27/so%d2%a3%d2%93y-eki-zhylda-1-my%d2%a3nan-astam-atys-%d2%9baruy-t%d3%99rkilendi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.