---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2025/01/27/almatyda-%d2%afsh-k%d3%a9lik-so%d2%9bty%d2%93ysty-zardap-shekkender-bar/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алматыда үш көлік соқтығысты: зардап шеккендер бар

![Алматыда үш көлік соқтығысты: зардап шеккендер бар](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2025/01/698374.jpg)

**Райымбек даңғылында түнде үш көлік соқтығысып, салдарынан үш адам зардап шекті, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 26 қаңтар күні түнде, сағат 23:45 шамасында Алатау ауданында болды.

– Тойота маркалы шағын жүк көлігінің жүргізушісі Райымбек даңғылымен шығыс бағытта, Саин көшесінен шығысқа қарай келе жатып, қарсы жолаққа шығып кетіп батыс бағытта жүріп кетіп бара жатқан екі Hyundai көлігімен соқтығысқан. Артынша шағын жүк көлігі аударылып қалды, – деп түсіндірді қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Апат салдарынан үш адам зардап шекті. Оларға медициналық көмек көрсетілді.

Алатау аудандық полиция басқармасы тергеуге кірісті.

 

---

Жарияланды: 2025-01-27T06:27:39+06:00

Жаңартылды: 2025-01-27T06:27:39+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2025/01/27/almatyda-%d2%afsh-k%d3%a9lik-so%d2%9bty%d2%93ysty-zardap-shekkender-bar/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.