Technovation Girls Kazakhstan жаңа маусымға тәлімгерлерді қабылдайды

Technovation Girls Kazakhstan жаңа маусымға тәлімгерлерді қабылдайды

Сегіз жыл ішінде 2 000-нан астам қазақстандық оқушыны әлеуметтік мәселелерді шешуде инновациялық шешімдер жасауға шабыттандырған Technovation Girls бағдарламасы жаңа маусымға тәлімгерлерді қабылдау басталғанын хабарлайды.

Бағдарлама Yandex Qazaqstan қолдауымен өткізіліп, қатысушыларға технологияларды және олардың әлеуметтік сын-қатерлерді шешуде қолданылуын тереңірек түсінуге көмектесетін заманауи құралдар мен білімге қолжетімділік береді. Yandex Qazaqstan компаниясының қолдауы шеңберінде тәжірибеші сарапшылардың қатысуымен интерактивті дәрістер мен вебинарлар, командалық жұмыс және коммуникация бойынша тренингтер ұйымдастырылады. Қазақ және орыс тілдерінде қолжетімді осы іс-шаралар Қазақстанның барлық өңіріндегі оқушы қыздарға табысты жобаларды әзірлеу және іске асыруға қажетті негізгі дағдыларды меңгеруге мүмкіндік береді.

2024 жылдың қазан айында АҚШ-тың Кремний алқабында өткен Technovation Girls Global Summit финалында Қазақстаннан келген сегіз жасар қатысушы қыздардың командасы «Technical Prize» сыйлығын жеңіп алды. Олардың жобасы — кохлеарлы импланттары бар балаларға көмектесу үшін жасанды интеллектті қолданатын IHear мобильді қосымшасы — техникалық тұрғыдан ең мықты шешімдердің бірі ретінде танылды.

Қыздар осы жетістіктерге өз дарындарының арқасында ғана емес, сондай-ақ олардың тәлімгерлерінің күш-жігерінің арқасында жетті. Тәлімгерлер шешуші рөл атқарады: олар командаларды шабыттандырады, қолдайды және әлемдік деңгейдегі нәтижелерге қол жеткізуге көмектеседі.

Жаңа маусымда үздік жобалар мен олардың тәлімгерлері бағдарламаның әлемдік финалында АҚШ-тың Кремний алқабында өз әзірлемелерін ұсынудың бірегей мүмкіндігіне ие болады.

Кім тәлімгер бола алады?

Біз өз тәжірибелерімен бөлісуге және мектеп оқушы қыздарын шабыттандыруға дайын адамдарды шақырамыз, сонымен бірге оларға өз әлеуетін ашуға көмектесеміз.

Тәлімгердің рөлі

Неліктен тәлімгер болуыңыз керек?

Қалай өтініш беруге болады?

Тәлімгерлер үшін ұсынылатын тіркеу күні 2025 жылғы 27 қаңтар. Бағдарламаның бір бөлігі болу үшін technovation.kz сайтындағы өтінімді толтырыңыз.