Алматыда ақша бопсалаған екі блогер ұсталды

Алматыда ақша бопсалаған екі блогер ұсталды

Полиция қызметкерлері жәбірленушінің арызы бойынша кәсіпкер мен екі блогерді ұстады, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Полициядан мәлім еткендей, күдіктілер әлеуметтік желілерде компроматтар жариялаймыз деп қоқан-лоққы көрсетіп, 8 млн теңге бопсалаған.

– Сондай-ақ олар жәбірленушіні сот шешімімен кәсіпкер төлеуге міндеттелген 20 млн теңгені талап етуден бас тартуға көндірмек болған. Күдіктілер 10 млн теңге алып жатқан жерінен ұсталды, — деп хабарлады полициядан.

ҚР ҚПК-нің 128-бабына сәйкес олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бопсалау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.