---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2025/01/23/almatyda-a%d2%9bsha-bopsala%d2%93an-eki-bloger-%d2%b1staldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алматыда ақша бопсалаған екі блогер ұсталды

![Алматыда ақша бопсалаған екі блогер ұсталды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2025/01/19b8f1c0457f2d3e3609978755d8250c_original.87688-13.jpg)

**Полиция қызметкерлері жәбірленушінің арызы бойынша кәсіпкер мен екі блогерді ұстады, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

Полициядан мәлім еткендей, күдіктілер әлеуметтік желілерде компроматтар жариялаймыз деп қоқан-лоққы көрсетіп, 8 млн теңге бопсалаған.

– Сондай-ақ олар жәбірленушіні сот шешімімен кәсіпкер төлеуге міндеттелген 20 млн теңгені талап етуден бас тартуға көндірмек болған. Күдіктілер 10 млн теңге алып жатқан жерінен ұсталды, — деп хабарлады полициядан.

ҚР ҚПК-нің 128-бабына сәйкес олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бопсалау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

---

Жарияланды: 2025-01-23T08:09:09+06:00

Жаңартылды: 2025-01-23T08:09:09+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2025/01/23/almatyda-a%d2%9bsha-bopsala%d2%93an-eki-bloger-%d2%b1staldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.