Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Категориясыз

АҚИҰ-ның Газаға жіберген алғашқы гуманитарлық көмегі: Қазақстан жаһандық азық-түлік тапшылығын болдырмауға үлес қосты

admin by admin
23 января, 2025
АҚИҰ-ның Газаға жіберген алғашқы гуманитарлық көмегі: Қазақстан жаһандық азық-түлік тапшылығын болдырмауға үлес қосты

Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымының (АҚИҰ) Бас директоры, Елші Берік Арын мырза Иорданиядан Газаға «Адамзатқа ұн – Газадағы жағдайға байланысты шұғыл үндеу» атты алғашқы гуманитарлық көмек жөнелту шарасына қатысты. Әз-Зарқа аймағының Ғабауи қаласындағы Иордания Хашимит қайырымдылық ұйымының (ИХҚҰ) қоймасында өткен рәсім Қазақстан Республикасының Иорданиядағы Елшісі Талғат Шалданбай мырзаның да қатысуымен өтті.  Газаға 12 жүк көлігіне тиелген – 200 тонна бірінші сұрыпты бидай ұны жөнелтілді.

Байланысты

Сатып алғаннан гөрі жөндеу тиімді: неге қазақстандықтар жаңа техника сатып алудан бас тартып жатыр

STOP! ОЙЛАН! ЖҮР!

Қазақстандықтар елдің даму бағытын жоғары деңгейде оң бағалауын сақтап отыр

Бұл шара АҚИҰ маңыздылығын қуаттаумен қатар, ұйымның гуманитарлық қызметінің, соның ішінде аталған бастаманы жүзеге асыруда шешуші рөлінің куәсі болды. Сондай-ақ, Қазақстанның дүние жүзіндегі азық-түлік қауіпсіздігі мәселесін ілгерілету мен гуманитарлық дағдарыстарды шешуге деген ұстанымын көрсетеді.

2023 жылдың қазан айынан бастап жүргізілген шабуылдар Газа секторында адамдардың тіршілігін қамтамасыз ететін инфрақұрылымдардың-үйлер мен ауруханалардың жаппай қирауына әкеліп, миллиондаған адамдарды баспанасыз қалдырды. Осыған байланысты қажетті гуманитарлық көмектердің қажеттілігі 2023 жылдың 11 қарашасында Біріккен Араб Әмірлігінде өткен Ислам Саммитінде атап өтіліп, нәтижесінде азық-түлік тапшылығына жол бермеу үшін шұғыл көмек көрсету туралы үндеу жасалды. АҚИҰ арнайы Жарғы бекітіп,  бұл дағдарысқа Ислам ынтымақтастығы ұйымының (ИЫҰ) өтініші бойынша гуманитарлық бағдарламаларға қатысуға ниет білдірді.

Бұдан бөлек, 2024 жылдың басында АҚИҰ Газадағы аштық қаупімен күресу үшін шұғыл үндеу жариялап, «Адамзатқа ұн» бағдарламасын іске қосты. Газа секторына 1000 тонна бидай ұнын жеткізуді көздейтін бұл бастама БҰҰ Таяу Шығыстағы Палестиналық босқындарға көмек көрсету жөніндегі агенттігінің (UNRWA) шұғыл көмек беру туралы үндеуіне қолдау. Қазақстан Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Бангладеш Халық Республикасы және Әзірбайжан Республикасы секілді ИЫҰ-на мүше мемлекеттердің жомарт көмегімен,  сондай-ақ Иордания Хашимит қайырымдылық ұйымының серіктестігімен жүзеге асырылған бағдарламаның бірінші кезеңінде 200 тонна жүк жіберілді.

Салтанатты рәсім барысында Иордания Хашимит қайырымдылық ұйымының өкілдері Иордания арқылы тұрақты гуманитарлық қолдау көрсету бойынша жүргізіп жатқан жұмыстары туралы баяндады. Айта кету керек, бұған дейін бейбіт келісім орнамаған  уақытта, Израиль билігінің орнатқан шектеулері Газаға  жүк тасымалдауды айтарлықтай қиындатқан болатын. ИХҚҰ бастамаларына азық-түлік көмегі ғана емес, сонымен қатар, медициналық көмек және қақтығыс кезінде осал адамдарға баспана беру және т.б қолдаулар кіреді. Бас директор Берік Арын мен Қазақстан Елшісі Талғат Шалданбай ұйымның қоймаларымен танысып, ИХҚҰ мүмкіндіктері туралы мәлімет алды, одан кейін Газаға бет алған көліктерге жүк тиеу рәсімі өтті.

Аталған көліктер екі күннің ішінде Керем Шалом/Карам Абу Салем шекара өткеліне жетеді деп күтілуде. Ол жерде БҰҰ Дүниежүзілік Азық-түлік бағдарламасының (World Food Programme, WFP) және БҰҰ-ның басқа агенттіктерінің өкілдері жүкті қабылдауды үйлестіреді, қажетті заттар қауіпсіз жеткізілетін болады. Бұл іс-шара АҚИҰ-ның аталған аймақтағы алғашқы тікелей бастамасы емес, ұйым сонымен қатар мұсылман елдерінің Қызыл Жарты Ай, үкіметтік емес ұйымдарымен және т.б қайырымдылық агенттіктерімен өткізілетін игі шараларға белсенді қатысады.

Салтанатты рәсім 46 000-нан астам адамның өмірін қиған 465 күндік соғыстан кейін Газада уақытша атысты тоқтату келісімімен тұспа-тұс келді. Бұл қақтығыс негізгі инфрақұрылымның бұзылуы және қыстың қатал жағдайында миллиондаған адамдардың қоныс аударуына әкелді. Газада балалар азық-түлік тапшылығына  ұшырады. 2024 жылдың соңына қарай Газада шамамен 1,84 миллион адамға азық-түлік жетіспеген. Олардың 133 мыңға жуығы аштықтың алдында тұр. Азық-түлік қауіпсіздігі кезеңдерінің кешенді тізбесіне (IPC) сәйкес, 2024 жылдың қыркүйегінде халықтың шамамен 96 пайызы, яғни 2,15 миллионнан астам адам – азық-түлікке зәру болған.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

Бас директор Берік Арын БҰҰ серіктестеріне, ИХҚҰ-ға және қайырымдылық жасаған Мүше Мемлекеттерге шынайы ризашылығын білдірді. Сондай-ақ АҚИҰ-ның бейтараптылық, қайырымдылық, адамгершілік принциптерін ұстанатынын атап өтіп, Ұйым әрдайым осындай көмектер лебін жалғастыратынына назар аударды. Бас Директор сонымен қатар ИЫҰ-на мүше елдердің Газаны қолдауының маңыздылығын айтты. АҚИҰ ұзақ мерзімді қалпына келтіру жұмыстарын, Газаның ауылшаруашылық секторын жандандыруды және негізгі инфрақұрылымдарды қалпына келтіруді ілгерілетуге қол ұшын созатын болады.

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Жаңа аңызға айналған Samsung Galaxy S25 сериясы: смартфонмен өзара әрекеттесуіңізді өзгертетін сенімді ЖИ- серіктес

Келесі жаңалық

Алматыда ақша бопсалаған екі блогер ұсталды

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

Сатып алғаннан гөрі жөндеу тиімді: неге қазақстандықтар жаңа техника сатып алудан бас тартып жатыр
Категориясыз

Сатып алғаннан гөрі жөндеу тиімді: неге қазақстандықтар жаңа техника сатып алудан бас тартып жатыр

18 мая, 2026
STOP! ОЙЛАН! ЖҮР!
Категориясыз

STOP! ОЙЛАН! ЖҮР!

18 мая, 2026
Қазақстандықтар елдің даму бағытын жоғары деңгейде оң бағалауын сақтап отыр
Категориясыз

Қазақстандықтар елдің даму бағытын жоғары деңгейде оң бағалауын сақтап отыр

18 мая, 2026
Қазақстан ревматологтарының IX конгресі және APLAR-QCR саммиті Алматыда әлемнің жетекші сарапшыларын жинады
Категориясыз

Қазақстан ревматологтарының IX конгресі және APLAR-QCR саммиті Алматыда әлемнің жетекші сарапшыларын жинады

15 мая, 2026
АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ ТРАВМАТОЛОГТАРЫ РОБОТТАНДЫРЫЛҒАН ЖҮЙЕНІҢ КӨМЕГІМЕН ОТАЛАР ЖАСАДЫ
Категориясыз

АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ ТРАВМАТОЛОГТАРЫ РОБОТТАНДЫРЫЛҒАН ЖҮЙЕНІҢ КӨМЕГІМЕН ОТАЛАР ЖАСАДЫ

15 мая, 2026
Alatau City Garant Түркияның жер сілкінісінен зардап шеккен аймағында мектеп салуды сақтандырды
Категориясыз

Alatau City Garant Түркияның жер сілкінісінен зардап шеккен аймағында мектеп салуды сақтандырды

15 мая, 2026
Келесі жаңалық
Алматыда ақша бопсалаған екі блогер ұсталды

Алматыда ақша бопсалаған екі блогер ұсталды

Technovation Girls Kazakhstan жаңа маусымға тәлімгерлерді қабылдайды

Technovation Girls Kazakhstan жаңа маусымға тәлімгерлерді қабылдайды

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Жетісудың Алмалы ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында заманауи спорт кешені іске қосылды

Жетісудың Алмалы ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында заманауи спорт кешені іске қосылды

9 октября, 2024
Қоғам белсенділері мен депутаттар жануарларды қорғау ұйымдарын тексеруді талап етуде

Қоғам белсенділері мен депутаттар жануарларды қорғау ұйымдарын тексеруді талап етуде

15 апреля, 2026
КІАҒЗИ-да инфаркт алған 20 жастағы жігіттің жүрегіне бірегей операция жасалды

КІАҒЗИ-да инфаркт алған 20 жастағы жігіттің жүрегіне бірегей операция жасалды

29 июля, 2024

Топ жаңалықтар

  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қызылордада оқушыны секс құлдыққа салған күдіктілердің бесеуі — жасөспірім

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «ҚУАТТЫ ӨҢІРЛІК ҒЫЛЫМ – ҚУАТТЫ ӨҢІР» ҚЫЗЫЛОРДАДА ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫ ПРЕЗИДИУМЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Meta, TikTok, Яндекс жəне басқа да платформалармен тікелей диалог: AMDG 2026 жылғы медиялық жəне видеожарнама бойынша конференция өткізеді

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақмыс БМЗ-дағы күкірт қышқылы цехында негізгі жабдықты ауыстырып жатыр

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Сатып алғаннан гөрі жөндеу тиімді: неге қазақстандықтар жаңа техника сатып алудан бас тартып жатыр
  • «Қазақмыс» басшылығы жұмысшылармен екінші кездесу өткізді
  • STOP! ОЙЛАН! ЖҮР!

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.