Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Басты

Жоғары жылдамдықты интернет Қазақстан ауылдарына жетуде

admin by admin
22 января, 2025
Жоғары жылдамдықты интернет Қазақстан ауылдарына жетуде

Huawei және Қазақтелеком Қазақстанның ауылдық аймақтарында 5G мен жоғары жылдамдықты интернетті дамытуға арналған жаңа технологияларды тестілеуді бастады. Жоба Қазақтелекомның еншілес компаниясы — «Ауыл Телеком» арқылы жүзеге асырылуда. Компания Алматы облысының Сарыбай би ауылында Fixed Wireless Access (FWA) технологиясын сынақтан өткізуде.

Байланысты

Almaty Museum of Arts пен Visa өнерді көпшілікке қолжетімді ету жолында серіктестік орнатты

Нарықтың жазғы күнтізбесі: неліктен шілде айы акция үшін көбіне күшті ай

Қазақстан мен Huawei технологиялық серіктестікті жаңа деңгейге көтеруде

Тесттеліп жатқан FWA технологиясы қосылу жылдамдығын 500 Мбит/с-қа дейін қамтамасыз етіп, ADSL секілді ескірген шешімдерді ауыстыруға бағытталған. Пилоттық жоба аясында Сарыбай би ауылындағы 129 үй шаруашылығының 105-і жаңа жүйеге қосылды, бұл интернеттің сапасын едәуір жақсартуға және заманауи цифрлық қызметтерге қол жеткізуге мүмкіндік берді.

«Жоба қалалық және ауылдық аймақтар арасындағы цифрлық алшақтықты жою үшін заманауи технологияларды қалай қолдануға болатынын көрсетеді. Біз желілерді жаңғырту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың тұрғындар арасында оң ықыласқа ие екенін байқап отырмыз,» — деп атап өтті ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев.

Ауыл тұрғындары байланыс сапасының жақсаруы күнделікті өмірлеріне айтарлықтай әсер етіп, онлайн білім алуға, қашықтан жұмыс істеуге және жайлы қарым-қатынас жасауға жаңа мүмкіндіктер ашқанын айтуда.

«Біз еншілес ұйымдардың бірінің жұмысын ауылдық жерлерде жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етуге бағыттадық. Ауыл Телеком қазір ауыл тұрғындарына сапалы интернетке қол жеткізу үшін оңтайлы технологияларды анықтау бағытында жұмыс жүргізуде.

Сарыбай би ауылында жүргізілген тестілеу заманауи сымсыз технологиялардың — FWA-ның ауылдық аймақтарда жоғары жылдамдықты интернетке қосылу мәселелерін тиімді шеше алатынын көрсетіп отыр», — деп атап өтті «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусин.

«Ауыл Телеком» орнатқан FWA желісі қазірдің өзінде үш ауылды қамтып, 200-ден астам үй шаруашылығын қосты, қосылу процесі әлі де жалғасуда. 2025 жылы 100-ден астам елді мекенді қосып, 10 000-нан астам ауыл тұрғынын заманауи интернетпен қамтамасыз ету жоспарлануда.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

«Huawei өз серіктестері мен клиенттерін цифрлық инфрақұрылымды дамытуда белсенді түрде қолдап, әрбір адамға жоғары жылдамдықты интернетке қолжетімділікті қамтамасыз етуге көмектеседі. Біздің мақсатымыз – ең озық технологияларды ұсына отырып, тіпті ең шалғай аймақтарда да оқуға, жұмыс істеуге және қарым-қатынас жасауға жаңа мүмкіндіктер ашып, цифрлық алшақтықты жою,» — деп атап өтті Чжао Сюй, Huawei Technologies Қазақстан компаниясының бас директоры.

Huawei Қазақстанның цифрлық инфрақұрылымын дамытуға айтарлықтай үлес қосуын жалғастырып, серіктестерін қолдай отырып, заманауи технологияларды ұсынады. FWA сияқты инновациялық шешімдерді тестілеу жоғары жылдамдықты интернетті барлық тұрғындарға, соның ішінде ауылдық аймақтарға қолжетімді етуге бағытталған. Бұл цифрлық алшақтықты жою және әрбір адамға тең мүмкіндіктер жасау жолындағы маңызды қадам болып табылады.

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

«Higgsfield AI»: Қазақстандық стартап Google-дің үздік жобалары қатарында

Келесі жаңалық

Adebiportal.kz жаңа аудиокітаптармен толықты

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

Almaty Museum of Arts пен Visa өнерді көпшілікке қолжетімді ету жолында серіктестік орнатты
Категориясыз

Almaty Museum of Arts пен Visa өнерді көпшілікке қолжетімді ету жолында серіктестік орнатты

17 июля, 2026
Жұмыс істейтін аналардың әлеуметтік төлемдеріне қатысты фактілер мен түсіндірмелер туралы
Категориясыз

Нарықтың жазғы күнтізбесі: неліктен шілде айы акция үшін көбіне күшті ай

16 июля, 2026
Қазақстан мен Huawei технологиялық серіктестікті жаңа деңгейге көтеруде
Категориясыз

Қазақстан мен Huawei технологиялық серіктестікті жаңа деңгейге көтеруде

16 июля, 2026
Дастан Сәтпаев пен ByDastann Халықаралық волонтерлер жылының жаһандық амбассадорлары атанды
Мәдениет

Дастан Сәтпаев пен ByDastann Халықаралық волонтерлер жылының жаһандық амбассадорлары атанды

16 июля, 2026
Алматыда Құрылтайдың заң шығарушы биліктің жаңа архитектурасын қалыптастырудағы рөлі талқыланды
Категориясыз

Алматыда Құрылтайдың заң шығарушы биліктің жаңа архитектурасын қалыптастырудағы рөлі талқыланды

16 июля, 2026
OLX.kz пайдаланушылардың қауіпсіздігін күшейтуде: прокуратурамен бірлескен жұмыс
Категориясыз

OLX.kz пайдаланушылардың қауіпсіздігін күшейтуде: прокуратурамен бірлескен жұмыс

16 июля, 2026
Келесі жаңалық
Adebiportal.kz жаңа аудиокітаптармен толықты

Adebiportal.kz жаңа аудиокітаптармен толықты

FlyArystan Тулузадағы Airbus зауытынан жаңа A320 ұшағын қарсы алды

FlyArystan Тулузадағы Airbus зауытынан жаңа A320 ұшағын қарсы алды

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Кейінгі тәулікте Қазақстанда қанша адам COVID-19 жұқтырды?

Бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1573 адам тіркелді

25 октября, 2021
Алматы қаласында тағы 2 метро стансасы іске қосылады

Алматы қаласында тағы 2 метро стансасы іске қосылады

27 декабря, 2021
Екібастұзда анасы мен оның танысы 7 жастағы Милананы өлтірді деген күдікке ілінді

Екібастұзда анасы мен оның танысы 7 жастағы Милананы өлтірді деген күдікке ілінді

20 ноября, 2023

Топ жаңалықтар

  • 85 мектеп, жүздеген педагог және жаңа мүмкіндіктер: Ustaz Ulytau жобасының бес жылдық қорытындысы

    85 мектеп, жүздеген педагог және жаңа мүмкіндіктер: Ustaz Ulytau жобасының бес жылдық қорытындысы

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақмыс Қарағайлы байыту фабрикасын дамыту бағдарламасын жүзеге асыруда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Қазақмыс» өндірістік қауіпсіздік мәдениетін жүйелі түрде нығайтуда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Қазақмыс» өндірісті басқарудың бірыңғай цифрлық экожүйесін қалыптастыруда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Almaty Museum of Arts пен Visa өнерді көпшілікке қолжетімді ету жолында серіктестік орнатты
  • Нарықтың жазғы күнтізбесі: неліктен шілде айы акция үшін көбіне күшті ай
  • Қазақстан мен Huawei технологиялық серіктестікті жаңа деңгейге көтеруде

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.