---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2025/01/20/almatyda-za%d2%a3syz-salyn%d2%93an-k%d3%a9p%d2%9babatty-%d2%afj-b%d2%b1zylyp-zhatyr/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алматыда заңсыз салынған көпқабатты үй бұзылып жатыр

![Алматыда заңсыз салынған көпқабатты үй бұзылып жатыр](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2025/01/screenshot-2025_01_20-at-09.23.11.jpg)

**Алматыда сот шешімімен ірі құрылыс нысанын бұзу жұмыстары басталды, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

Өңірдегі қала құрылысын бақылау басқармасы мәлім еткендей, Черновицкая көшесі,10 мекенжайында орналасқан үш қабатты үйді бұзу жұмыстары басталды.

> – Меншік иесі (жеке тұлға) құрылысқа рұқсат құжаттарынсыз кіріскен – сәулет-жоспарлау тапсырмасы (СЖТ), эскиздік жоба келісімі, жоба сараптамасы және құрылыс-монтаж жұмыстарының басталғаны туралы хабарлама болмаған.Тұрғынның өтініші бойынша жоспардан тыс тексеріс нәтижесінде меншік иесіне қатысты әкімшілік шара қабылданды, — деп хабарлады басқармадан.

Кейін Алматы қаласының Жетісу аудандық соты басқарманың талап-арызы негізінде заңсыз салынған үш қабатты тұрғын үйді бұзу туралы шешім шығарды. Нысан меншік иесінің ерікті түрде, сот орындаушыларының қатысуымен бұзылып жатыр.

***Фото: Kaztag.kz***

 

---

Жарияланды: 2025-01-20T05:28:17+06:00

Жаңартылды: 2025-01-20T05:28:17+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2025/01/20/almatyda-za%d2%a3syz-salyn%d2%93an-k%d3%a9p%d2%9babatty-%d2%afj-b%d2%b1zylyp-zhatyr/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.