---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2025/01/20/almaty-intervencziyaly%d2%9b-kardiologtary-s%d3%99tti-stentteu-otasyn-zhasady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алматы интервенциялық кардиологтары сәтті стенттеу отасын жасады

![Алматы интервенциялық кардиологтары сәтті стенттеу отасын жасады](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2025/01/photo-2025-01-20-16-05-32.jpg)

Жоспарлы түрде Қалалық кардиологиялық орталыққа бұрын ишемиялық инсульт алған пациент түсті.

Бірнеше ай бойы ол дене жүктемесі кезінде ауырсыну сезінген. Оған жүрек коронарлық артерияларындағы қан айналымының проблемаларын анықтауға мүмкіндік беретін коронарография тағайындалды. Тексеру нәтижесінде жүректің ең маңызды тамырларының бірі — алдыңғы қарыншааралық артерияның айтарлықтай зақымдануы анықталды.

Пациенттің артериясында 90%-ға дейін тарылған екі учаске табылып, стенттеу жүргізілді. Отаны интервенциялық кардиолог Айжан Құланбаева жүзеге асырды. Процедура сәтті өтті.

Егер пациентке аталған ота жасалмағанда, оның жағдайы едәуір нашарлап, ауыр зардапқа әкелуі әбден мүмкін еді. Алдыңғы қарыншааралық артерияның екі учаскесіндегі 90%-ға дейінгі тарылу жіті миокард инфарктісіне, жүрек жеткіліксіздігінің дамуына және қайталанған инсульт қаупінің артуына себеп болуы мүмкін еді. Стенттеудің уақтылы жүргізілуінің арқасында жүректегі қан айналымы қалпына келтіріліп, қауіпті салдардың алдын алуға және пациенттің жағдайын жақсартуға мүмкіндік берді.

«Ота кезінде ешқандай ауырсыну сезбедім. Барлығы жақсы өтті. Дәрігерлерге мені құтқарғаны және басқа пациенттердің өміріне деген қамқорлығы үшін шын жүректен алғыс білдіремін!», — деді емделуші.

Қалалық кардиологиялық орталықтың мамандар тобы уақтылы көмек көрсету, тәжірибе және заманауи технология пациенттердің өмірін жақсартуға қалай әсер ететінін күн сайын дәлелдеп келеді.

---

Жарияланды: 2025-01-20T11:20:13+06:00

Жаңартылды: 2025-01-20T11:20:13+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Денсаулық](https://qazaqpress.kz/category/densauly%d2%9b/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2025/01/20/almaty-intervencziyaly%d2%9b-kardiologtary-s%d3%99tti-stentteu-otasyn-zhasady/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.