---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2025/01/20/2024-zhyly-e%d2%a3-k%d3%a9p-%d2%9bylmys-almatyda-tirkelgen/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# 2024 жылы ең көп қылмыс Алматыда тіркелген

![2024 жылы ең көп қылмыс Алматыда тіркелген](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2025/01/bbbf17829ce4c5c6cc0f41bde7ebe4de_original.263683.jpeg)

**Прокуратура 2024 жылдың қорытындысын шығарып, қылмыс деңгейі туралы мәлімет берді, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің мәліметіне сәйкес, былтыр жалпы қылмыстың 5,3%-ға (140 272-ден 132 778-ге) төмендеуінің оң динамикасы байқалған.

Ресми дерекке сүйенсек, қылмыстық көрсеткіш Маңғыстау облысында 12,2% -ға (3097-ден 3474-ке), Атырау облысында 8,5%-ға (4283-тен 4647-ге), Павлодар облысында 5,6%-ға (5039-дан 5322-ге), Қызылорда облысында 4,6%-ға (2871 — 3003), Ұлытау облысында 2,8%-ға (1278-ден 1314-ке), Алматы облысында 1,6%-ға (10223-тен 10385-ке) және Ақмола облысында 0,7%-ға (5084-тен 5120-ға) дейін ұлғайғаны байқалған.

Ең көп қылмыс Алматы— 24 965 (18,8%) және Астана қалаларында – 17 339 (13,1%) болғаны белгілі болып отыр. Ал, облыстар арасында Алматы облысы — 10 385 (7,8%) мен Қарағанды — 7 562 (5,7%) облыстары қылмыс көрсеткіші бойынша көш бастаған.

Қылмыстық құқық бұзушылықтардың жалпы санынан 34% алаяқтық (45 156), 23% — ұрлық (30 593), 6,3% — есірткі қылмысы (8 363), 1,2% — тонау (1 551), 1,2% — бұзақылық (1 615), 0,8% — мал ұрлығы (1 051), 0,4% — адам өлтіру (566), 0,3% — зорлау (421), басқа құқық бұзушылықтар 32,7% (43 462).

Онша ауыр емес қылмыстар -7,6%-ға (21 826-дан 20 178-ге), ауырлығы орташа қылмыстар — 16,8%-ға (58 874-тен 48 992-ге) және ауыр — 2,2%-ға (37 548-ден 36736-ға) төмендегені байқалады.

Сонымен қатар, ұрлық — 28,3%-ға (42 639-дан 30 593-ке), оның ішінде ұялы телефон ұрлығы — 30,9%-ға (10 530-дан 7 273-ке), пәтер ұрлығы — 33,5%-ға (3 566-дан 237-ге), көлік ұрлығы — 42,2%-ға (258-ден 149) айтарлықтай төмендеді.

Сондай-ақ мал ұрлығы да — 30,9% (1520-дан 1 051-ге) азайды.

*Фото: Gov.kz*

---

Жарияланды: 2025-01-20T06:38:08+06:00

Жаңартылды: 2025-01-20T06:38:08+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2025/01/20/2024-zhyly-e%d2%a3-k%d3%a9p-%d2%9bylmys-almatyda-tirkelgen/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.