Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Категориясыз

5,4 трлн теңге: Мемлекет халыққа қандай әлеуметтік көмек ұсынып отыр

admin by admin
17 января, 2025
5,4 трлн теңге: Мемлекет халыққа қандай әлеуметтік көмек ұсынып отыр

Мемлекет халық алдындағы өзінің барлық әлеуметтік міндеттемелерін орындайды. Бүгінгі таңда мемлекеттік бюджет қаражатының 50%-дан астамы азаматтарды мемлекеттік қолдауға жұмсалады, деп хабарлайды Qazaqpress BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Байланысты

Сатып алғаннан гөрі жөндеу тиімді: неге қазақстандықтар жаңа техника сатып алудан бас тартып жатыр

STOP! ОЙЛАН! ЖҮР!

Қазақстандықтар елдің даму бағытын жоғары деңгейде оң бағалауын сақтап отыр

Әлеуметтік қолдау

Өткен жылы азаматтардың әлеуметтік осал топтарын әлеуметтік қолдауға республикалық бюджеттен ғана 5,4 трлн теңге қаражат бөлінді.

Биыл ол 6 трлн теңгеден асты. Әлеуметтік қолдау шамамен 5 млн адамға немесе әрбір төртінші қазақстандыққа көрсетіледі деп күтілуде.

Олардың ішінде 2,5 млн астам зейнеткер, шамамен 1 млн мүгедектігі бар адамдар, 500 мыңнан астам балалары бар отбасы және азаматтардың басқа да санаттары.

Бұл ретте әлеуметтік төлемдердің сатып алу құнын қамтамасыз ету үшін жәрдемақылардың барлық түрлерінің мөлшері инфляция деңгейіне ұлғайтылды, ал ортақ зейнетақының – инфляция деңгейінен асып түсуі +2 пайыз.

Жергілікті жерлерде өмірлік қиын жағдайда жүрген тұлғаларға атаулы әлеуметтік көмек бөлуге ерекше назар аударылады.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

Өткен жылы жергілікті бюджеттен атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге 39,5 млрд теңге бөлінген болса, биыл өңірлерде өмір сүру құнының ауытқуы мүмкін болған жағдайда азаматтарға қолдауды күшейтуге бөлінген қаражат саны 132 млрд теңгеден асты.

Жергілікті атқарушы органдар тұрғын үй көмегі ретінде бөлінетін қаражат көлемін 2,6 млрд теңгеге дейін ұлғайтты, онда коммуналдық қызметтердің жекелеген түрлерінің тарифтеріне қатысты өзгерістер қарастырылған.

Сонымен қатар, жергілікті мәслихаттардың шешімі бойынша, жергілікті бюджеттерде азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік қолдау көрсетуге 75 млрд теңгеден астам қаражат көзделген. Бұл санаттарды ЖАО өздері анықтайды (әлеуметтік маңызды аурулары бар адамдар, жалғызбасты азаматтар, табиғи апаттардан зардап шеккендер және т.б.).

Сондай-ақ, 2025 жылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын жүзеге асыруға 211,8 млрд теңге қарастырылған. Бұл қаражат 218,7 мың жұмыссыз азаматты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуге бағытталады.

Балаларды қолдау 

Биылғы оқу жылында 1,7 миллионнан астам бала тегін тамақпен қамтамасыз етіледі, бұл мақсатқа жұмсалатын шығын 192 млрд теңгеден асады.

Мемлекет мектепке дейінгі және мектептік білім беру үшін 5,3 трлн теңге бағыттайды.

Мектеп жасына дейінгі балалар мен мектеп оқушыларына арналған жан басына шаққандағы нормативтер мемлекеттік мекемелерге ғана емес, білім беру қызметін көрсететін жеке ұйымдарға да беріледі.

Өткен жылы Тараз, Шымкент, Түркістан және Орал қалаларындағы мектепке дейінгі ұйымдарда ваучерлік қаржыландыруды енгізудің арқасында ЖАО балабақшалардағы кезекті реттеп, бұрын кезекте тұрған балаларды толығымен орналастырды. Биыл бұл жұмыс ел көлемінде жүргізіледі.

Азаматтарды көрсетілетін мемлекеттік қолдау түрлері туралы ақпараттандыру, осы көмекті уақытылы алу және оның берілуіне өздігінен мониторинг жүргізу мақсатында балаларға тегін тамақ пен азаматтарға тегін дәрі-дәрмектерді алу үшін Әлеуметтік әмиянды енгізу басталды.

Тек өткен жылдың төрт айында ғана Әлеуметтік әмиянды пайдалана отырып, 1,7 млн рецепт бойынша тегін дәрі-дәрмек берілді. Биыл осы құралды қолдана отырып көрсетілетін көмек түрлері кеңейтіледі.

Студенттерді қолдау

ЖОО мен ТжКБ студенттерінің стипендиялары бір деңгейге жетті деуге болады. Биылғы жылы студенттердің орташа стипендиясы 52 мың теңгені құрайды (педагогикалық және медициналық бағыттар бойынша – 84 мың теңге), магистранттардікі – 117 мың теңге, докторанттардікі – 262 мың теңге.

Осы мақсаттарға 2025 жылға арналған мемлекеттік бюджеттен ЖОО студенттеріне шамамен 150 млрд теңге, ал колледж студенттеріне 85 млрд теңге бөлінеді.

Барлық студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету үшін 40 жатақхана салынып, оларда 11 мыңнан астам орын дайындалды.

Әлеуметтік осал отбасылардан шыққан қалалық емес студенттерге («ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетімдер», «мүгедектер, бала күнінен мүгедектер, мүгедек балалар») жатақханада тұру үшін 29 АЕК (100 050 теңге) көлемінде өтемақы қарастырылған.

Өткен жылы мұндай құқықты 3,9 мың ЖОО студенті пайдаланды. Ағымдағы жылы бұл мақсаттарға шамамен 400 млн теңге бағытталады.

Медициналық қолдау

Медициналық көмек көрсету және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге арналған шығындар 2,8 трлн теңгеден асып түсті, оның 1,6 трлн теңгесі кепілдендірілген көмекке бөлінді. Өткен жылы емханаларға 100 млн-нан астам жүгіну, ал стационарларда 2,7 млн-нан астам адам ем алды.

Мемлекет жыл сайын 20 млн-нан астам тұрғынға кепілдендірілген базалық медициналық көмек, 2,5 млн адамға тегін дәрі-дәрмек және әрбір қазақстандыққа 552 млрд теңге көлемінде жан басына шаққандағы норматив бойынша алғашқы және амбулаториялық медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз етуге қаражат бөледі.

Баспана мәселесінде қолдау

Өткен жылы 18,96 млн шаршы метр тұрғын үй немесе 172 мыңнан астам тұрғын үй салынды. Бұл ел тәуелсіздігі жылдарындағы тұрғын үй құрылысының рекордтық көрсеткіші.

Өткен жылы әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға арналған 20 мыңнан астам пәтер сатып алынды, 13 мың азамат өз баспанасына ие болды, ал 10,4 мың азаматқа жалға алу төлемінің бір бөлігін субсидиялау үшін тұрғын үй төлемдері тағайындалды.

«Наурыз» және «Отау» мемлекеттік бағдарламалары аясында 10 мыңға жуық адам тұрғын үй жағдайын жақсартты.

Жалпы 64 мың отбасыны қолдауға 1 трлн теңге бөлінді.

Фото: Артем Чурсинов

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

2024 жылғы желтоқсанда Орталық Азиядағы тұтынушылық сенім: инфляциялық және девальвациялық көңіл-күйлердің аздап жақсаруы

Келесі жаңалық

Автобуспен жүруді ұнатсаң, жолақысын төлеуді де ұнат

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

Сатып алғаннан гөрі жөндеу тиімді: неге қазақстандықтар жаңа техника сатып алудан бас тартып жатыр
Категориясыз

Сатып алғаннан гөрі жөндеу тиімді: неге қазақстандықтар жаңа техника сатып алудан бас тартып жатыр

18 мая, 2026
STOP! ОЙЛАН! ЖҮР!
Категориясыз

STOP! ОЙЛАН! ЖҮР!

18 мая, 2026
Қазақстандықтар елдің даму бағытын жоғары деңгейде оң бағалауын сақтап отыр
Категориясыз

Қазақстандықтар елдің даму бағытын жоғары деңгейде оң бағалауын сақтап отыр

18 мая, 2026
Қазақстан ревматологтарының IX конгресі және APLAR-QCR саммиті Алматыда әлемнің жетекші сарапшыларын жинады
Категориясыз

Қазақстан ревматологтарының IX конгресі және APLAR-QCR саммиті Алматыда әлемнің жетекші сарапшыларын жинады

15 мая, 2026
АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ ТРАВМАТОЛОГТАРЫ РОБОТТАНДЫРЫЛҒАН ЖҮЙЕНІҢ КӨМЕГІМЕН ОТАЛАР ЖАСАДЫ
Категориясыз

АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ ТРАВМАТОЛОГТАРЫ РОБОТТАНДЫРЫЛҒАН ЖҮЙЕНІҢ КӨМЕГІМЕН ОТАЛАР ЖАСАДЫ

15 мая, 2026
Alatau City Garant Түркияның жер сілкінісінен зардап шеккен аймағында мектеп салуды сақтандырды
Категориясыз

Alatau City Garant Түркияның жер сілкінісінен зардап шеккен аймағында мектеп салуды сақтандырды

15 мая, 2026
Келесі жаңалық
Автобуспен жүруді ұнатсаң, жолақысын төлеуді де ұнат

Автобуспен жүруді ұнатсаң, жолақысын төлеуді де ұнат

Қазақстанның жоғары оқу орындарын интернационалдандыру: халықаралық білім беру стандарттарына жасалған қадам

Қазақстанның жоғары оқу орындарын интернационалдандыру: халықаралық білім беру стандарттарына жасалған қадам

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Ақтауда болған жарылыстың видеосы жарияланды

Ақтауда болған жарылыстың видеосы жарияланды

8 ноября, 2021
ҚР 2022: Ипотека алған жөн бе әлде бөліп төлеген дұрыс па

ҚР 2022: Ипотека алған жөн бе әлде бөліп төлеген дұрыс па

14 июня, 2022
Мәжіліс депутаттарының ұсынысы Конституциялық Кеңеске жолданды

Мәжіліс депутаттарының ұсынысы Конституциялық Кеңеске жолданды

13 сентября, 2022

Топ жаңалықтар

  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қызылордада оқушыны секс құлдыққа салған күдіктілердің бесеуі — жасөспірім

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «ҚУАТТЫ ӨҢІРЛІК ҒЫЛЫМ – ҚУАТТЫ ӨҢІР» ҚЫЗЫЛОРДАДА ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫ ПРЕЗИДИУМЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Meta, TikTok, Яндекс жəне басқа да платформалармен тікелей диалог: AMDG 2026 жылғы медиялық жəне видеожарнама бойынша конференция өткізеді

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақмыс БМЗ-дағы күкірт қышқылы цехында негізгі жабдықты ауыстырып жатыр

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Сатып алғаннан гөрі жөндеу тиімді: неге қазақстандықтар жаңа техника сатып алудан бас тартып жатыр
  • «Қазақмыс» басшылығы жұмысшылармен екінші кездесу өткізді
  • STOP! ОЙЛАН! ЖҮР!

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.