Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Денсаулық

Алматылық нейрохирургтер мидағы ісік салдарынан комаға түскен баланың өмірін сақтап қалды

admin by admin
9 января, 2025
Алматылық нейрохирургтер мидағы ісік салдарынан комаға түскен баланың өмірін сақтап қалды
Buy JNews
ADVERTISEMENT

9 жастағы баланың дерті көз алды қарауытып, басы айналып құлағаннан кейін басталған.

Байланысты

Алматы қаласындағы №2 Балалар қалалық клиникалық ауруханасының дәрігерлері тыныс жолына бөгде зат түскен 10 айлық сәбидің өмірін сақтап қалды

Қарағандыда Қазақстан нейрохирургтарының VI Конгресі өз жұмысын бастады

Алматыда Дүниежүзілік инсульт ұйымдарының жетекшілері алғаш рет бас қосады

Анасының айтуынша, тіркелген емханадағы учаскелік дәрігер оны бірден нейрохирургке жіберіпті. Көп ұзамай баланың жағдайы күрт нашарлап, әлсіздік, жүрек айну, құсу сынды белгілер пайда бола бастаған, деп хабарлайды №2 Қалалық клиникалық балалар ауруханасының баспасөз қызметі.

Аурухананың консультативтік-диагностикалық орталығы дәрігерлері науқастың басына компьютерлік томография жасап, көлемді ісікті анықтаған. Нейрохирургтер шұғыл түрде ота жасау үшін оны нейрохирургия бөлімшесіне жатқызу туралы шешім қабылдайды. Шұғыл шақырылған консилиум нәтижесінде: Ми діңінде көлемді өскін пайда болған, қан құйылған. Қайталанба, ішкі, өткір гидроцефалия. Бульбар синдромы. Атаксия. Сол жақ гемипарезі деген диагноз қойылды.

Қазақ ұлттық онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты мамандары жасанды тыныстау аппаратымен тыныстап, ес-түссіз жатқан баланың ауыр жағдайын ескере отырып, химия немесе сәулелі терапия оң нәтиже бере қоймайды деген қорытынды жасаған. Оның үстіне, химия терапия онсыз да әлсіз ағзаны әлсіретіп, улап тастауы мүмкін болатын. Балаға қандай ота жасалса да соңы немен аяқталары да белгісіз еді. Дегенмен қол қусырып қарап отыруға болмайтынын түсінген №2 ҚКБА мамандары ота жасауға бел буды.

«Науқастың ауыр халін, мидың діңі зақымданғанын ескере отырып, өсіп шыққан ісікті интраоперациялық нейромониторинг мен нейронавигацияны пайдалана отырып, микрохирургиялық тәсілмен алып тастау туралы күрделі шешім қабылданды. Отаның мақсаты – бульбар синдромын басып, миға түсіп тұрған қысымды төмендету. Асқан дәлдікті талап ететін аса күрделі операция МӘМС есебінен жасалды», — дейді №2 ҚКБА бас дәрігері Марат Рабандияров.

Аурухананың Нейрохирургия бөлімшесі меңгерушісі Данияр Сәбденалиевтің сөзінше, 4,5 сағатқа созылған ота сәтті өтті. Оған нейрохирург А.Жайлғанов, анестезиолог А.Сеиткәрім, ассистент Р.Танцарова, медбике Б.Шагенова қатысты.

«Операциядан кейінгі кезең қалыпты жағдайда өтті. Комада жатқан бала аздап есін жия бастады. 2-ші күні жасанды тыныстау аппаратынан ажыратылып, өз бетінше дем ала бастады. Жағдайы тұрақтанып, жақсара бастағаннан кейін науқас ауруханадан шығарылды. Ары қарай ол Педиатрия және балалар хирургиясы ұлттық орталығында жатып, жоспарлы түрде химия терапия қабылдайды», — дейді ол.

Балалар нейрохирургі Марат Рабандияров бастаған 20-дан астам дәрігер баланың өмірін сақтап қалуға барын сала күресті. Білікті мамандар қолдан келмейтін дүниені жасап, аса күрделі отаны зергерге тән дәлдікпен жасап шықты. Миы ісіп, комаға түскен, жүрек қағысы бұзылып, өз бетінше тыныстай алмайтын науқастың жағдайын тұрақтандырып, оталарға дайындап қана қоймай, операциядан кейін есін жиып, қалпына келуіне де зор үлес қосты.

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Жұмысшы мамандықтарының жылы: Қазақстанда техникалық және кәсіптік білім беруді трансформациялау басталды

Келесі жаңалық

Президент «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаевты қабылдады

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

Алматы қаласындағы №2 Балалар қалалық клиникалық ауруханасының дәрігерлері тыныс жолына бөгде зат түскен 10 айлық сәбидің өмірін сақтап қалды
Денсаулық

Алматы қаласындағы №2 Балалар қалалық клиникалық ауруханасының дәрігерлері тыныс жолына бөгде зат түскен 10 айлық сәбидің өмірін сақтап қалды

11 июня, 2026
Қарағандыда Қазақстан нейрохирургтарының VI Конгресі  өз жұмысын бастады
Денсаулық

Қарағандыда Қазақстан нейрохирургтарының VI Конгресі өз жұмысын бастады

5 июня, 2026
Алматыда Дүниежүзілік инсульт ұйымдарының жетекшілері алғаш рет бас қосады
Денсаулық

Алматыда Дүниежүзілік инсульт ұйымдарының жетекшілері алғаш рет бас қосады

28 мая, 2026
Алматыда өткен мерейтойлық Ұлттық ІҚА форумы гастроэнтерология, колопроктология, педиатрия, хирургия және аралас салалардың жетекші мамандарын жинады
Денсаулық

Алматыда өткен мерейтойлық Ұлттық ІҚА форумы гастроэнтерология, колопроктология, педиатрия, хирургия және аралас салалардың жетекші мамандарын жинады

22 мая, 2026
Астанада Kazakh Spine Days 2026 халықаралық білім беру курсы басталды: 100-ден астам нейрохирург жұлын нейрохирургиясының заманауи технологияларын талқылауда
Денсаулық

Астанада Kazakh Spine Days 2026 халықаралық білім беру курсы басталды: 100-ден астам нейрохирург жұлын нейрохирургиясының заманауи технологияларын талқылауда

16 мая, 2026
Өмірге берілген мүмкіндік: Алматыда сирек асқынуы бар жүкті әйел құтқарылды
Денсаулық

Өмірге берілген мүмкіндік: Алматыда сирек асқынуы бар жүкті әйел құтқарылды

16 апреля, 2026
Келесі жаңалық
Президент «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаевты қабылдады

Президент «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаевты қабылдады

Алматыда трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері сотталды

Алматыда трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері сотталды

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

ҰҚК ұшақ апатынан қаза тапқан қызметкерлер туралы айтты

ҰҚК ұшақ апатынан қаза тапқан қызметкерлер туралы айтты

14 марта, 2021
Бейжіңде өткен Қазақстан мен Қытай мәдениетінің тоғыспалы жылының салтанатты ашылуына мыңға жуық адам қатысты

Бейжіңде өткен Қазақстан мен Қытай мәдениетінің тоғыспалы жылының салтанатты ашылуына мыңға жуық адам қатысты

1 апреля, 2026
Кейінгі тәулікте 334 адамнан коронавирус анықталды

Қазақстанда бір тәулікте 177 адам коронавирус жұқтырған

15 сентября, 2022

Топ жаңалықтар

  • Қазақстандық азамат журналист Лұқпан Ахмедияровты жала жапқаны үшін жауапқа тартуды талап етті

    «Дауысы сенімді, бірақ сөзі жалған»: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы дипфейктердің танымал адамдарды ақпараттық манипуляцияларда қалай пайдаланатынын көрсетті

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Туризм және спорт министрі «Болашақ ойындары 2026» аясындағы фиджитал-футбол жарысына қатысты

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Halyk қорының 10 жылдығына орай: Алматы облысында ауыл балалары арасында республикалық турнир өтеді

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақстандық азамат журналист Лұқпан Ахмедияровты жала жапқаны үшін жауапқа тартуды талап етті

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Командалық теледебат: партиялардың сөз сөйлеу реті анықталды
  • Орталық Азия экономикасының жартысынан астамы Қазақстанға тиесілі
  • «Қазақмыс» қызметкерлердің өтініштері бойынша жолдарды жөндеу жұмыстарын жүргізуде

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.