---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2025/01/07/memleket-basshysy-pravoslav-hristiandaryn-rozhdestvo-merekesimen-%d2%9b%d2%b1tty%d2%9btady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Мемлекет басшысы православ христиандарын Рождество мерекесімен құттықтады

![Мемлекет басшысы православ христиандарын Рождество мерекесімен құттықтады](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2025/01/d205347892362cac34c3bb8053e877e8_original.183931.jpg)

**Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің православ христиандарына зор денсаулық, бақ-береке және толағай табыс тіледі, деп хабарлайды Qazaqpress Akorda.kz-ке сілтеме жасап.**

— Құрметті отандастар! Еліміздің барша православ христиандарын Рождество мерекесімен құттықтаймын! Жұртқа жақсылық пен үміт сыйлайтын осы жарқын мейрамда діндар жандар адами құндылықтарға қызмет ету жолында өзара бірігеді. Рождествода азаматтар ерекше қуанышқа бөленеді, православ дінін ұстанатын адамдар жақындарына қамқорлық көрсетіп, мұқтаж адамдарға жанашырлық танытуға асығады. Православ діні елдің берекелі бірлігі мен ырысты ынтымағын нығайта түсуге, жалпыұлттық бірегейлігіміздің өзегі саналатын отаншылдық, жасампаздық және жауапкершілік сияқты құндылықтарды дәріптеуге мол үлес қосып келеді. Қоғамдағы татулық пен түсіністік Қазақстанның тұрақты дамуының мызғымас тірегі болып қала беретініне кәміл сенемін. Еліміздің православ христиандарына зор денсаулық, бақ-береке және толағай табыс тілеймін! Рождество мерекесі құтты болсын!, — деді Президент.

Айта кетейік, 7 қаңтар күні әлемнің барлық православ христиандары басты діни мерекелерінің бірі – Иса пайғамбардың туған күні саналатын Рождествоны атап өтеді.

*Фото: Gov.kz*

---

Жарияланды: 2025-01-07T08:10:26+06:00

Жаңартылды: 2025-01-07T08:10:26+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2025/01/07/memleket-basshysy-pravoslav-hristiandaryn-rozhdestvo-merekesimen-%d2%9b%d2%b1tty%d2%9btady/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.