Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Басты

Сарапшылар президент айтқан бастамалар жөнінде пікір білдірді

admin by admin
5 января, 2025
Тоқаев білім беру және балалардың құқықтарын қорғау туралы заңға қол қойды

Мемлекет басшысы 3 қаңтар күні атқарылған жұмыстардың қорытындысы туралы сұхбат беріп, елде болып жатқан оқиғалар мен өзгерістерге, мемлекет болашағына қатысы өз ойларымен бөлісті.

«Ана тілі» газетінде жарияланған материалдың мазмұнына тоқталсақ, инфрақұрылымды жаңғырту, цифрлық трансформация мен жасанды интеллекттің жайы, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығын дамыту, әлеуметтік саладағы стратегиялық қадамдар, сондай-ақ білім, ғылым және мәдениетті қолдау сынды бірнеше маңызды жайттарды атап өтуге болады. Президент айтқан бастамалар мен мәселелер жөнінде сарапшылар өз пікірлерін білдіріп жатыр.

Байланысты

Олжас Бектенов жеңіл өнеркәсіпті дамыту тәсілдерін қайта қарауды тапсырды

Бейбіт Исабаев елді мекендердегі құрылыс алаңдарын аралады

Олжас Бектенов Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасын жүзеге асыру бойынша отырыс өткізді

Саясаттанушы Ермек Тоқтаров Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Ана тілі» газетіне берген сұхбатындағы маңызды мәселелерді атап өтті.

Бүгінгі таңда цифрлық трансформация мен жасанды интеллекттің (ЖИ) дамуы әлемдік үрдіске айналып отыр. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Ана тілі» газетіне берген сұхбатында бұл мәселелердің мемлекет дамуындағы маңызы айрықша атап өтілді. Цифрландыруды тек мемлекеттік органдардың немесе IT мамандарының ісі деп қарауға болмайды, ол қоғамның әр саласына әсер ететін ауқымды үрдіске айналды. Президенттің мәлімдеуінше, еліміздегі электронды үкіметтің дамуы әлемдік рейтингте 24-ші орынға көтерілуіне ықпал етті. Бұл – маңызды жетістік, дегенмен одан әрі сапалы өзгерістер енгізіп, инновациялық шешімдерді батыл түрде жүзеге асыру қажет. Сондай-ақ, банктік және қаржылық сектордағы цифрлық экожүйе қалыптасып, халықтың күнделікті өмірін оңайлата түсті, — дейді саясаттанушы.

Оның айтуынша, жасанды интеллекті кеңінен қолданысқа енгізу орасан зор мүмкіндіктерге жол ашады.

Astana Hub технопаркінің жұмысы да отандық IT саласының өркендеуіне тың серпін беріп келеді. Мұнда отандық және шетелдік стартаптар бір алаңда бас қосып, тәжірибе алмасуда. Жасанды интеллект бағытындағы жобаларда KazLLM сынды қазақ тілінің үлкен тілдік моделінің алғашқы нұсқасы жасалды. Бұл – ұлттық тіл мен мәдениетті қолдап қана қоймай, жалпы білім беру мен инновациялық өндірісті дамытудағы үлкен қадам. Сонымен қатар, жасанды интеллектті кеңінен енгізу барысында құқықтық және этикалық мәселелер туындайтыны сөзсіз. Президенттің айтуынша, ЖИ технологияларын реттеу мен оларды жауапты қолдану үлкен маңызға ие. Бір жағынан, жасанды интеллект мемлекеттік қызметтерді жылдам әрі сапалы көрсетсе, екінші жағынан, киберқауіпсіздік, жалған контент пен алаяқтық секілді қатерлерге тосқауыл қою қажеттігі туындайды, — дейді Ермек Тоқтаров.

Саясаттанушы алдағы уақытта Қазақстанның цифрлық хабқа айналу мақсатына қол жеткізу үшін білім беру жүйесін жаңғыртып, жастарды ЖИ технологияларына баулу аса маңызды екендігін атап өтті.

Осы тұрғыда Alem.AI халықаралық орталығының ашылуы үлкен үміт күттіреді. Мемлекеттік деңгейде жасанды интеллектке қатысты тың жобаларды қолдау, заңнаманы жетілдіру және этикалық нормаларды сақтау – елдің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін нығайта түсетін басты бағыт, — деп ой түйіндеді Ермек Тоқтаров.

ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ Саяси зерттеулер бөлімінің бас сарапшысы Айгерім Абдрашитованың айтуынша, сұхбатта Қазақстан халқының хал-ахуалына, әлеуметтік саясатқа қатысты маңызды жайттар айтылған.

Қазақстанда соңғы 2 жылда әлеуметтік саясат пен білім беру саласында бірқатар маңызды бастамалар жүзеге асырылып келеді. Қолға алынған бұл реформалар мен бағдарламалар халықтың әл-ауқатын жақсартуға, балалардың болашағын қамтамасыз етуге және білім беру жүйесінің инфрақұрылымын жетілдіруге бағытталған. Мәселен, «Балаларға арналған ұлттық қор» атты бірегей бағдарлама аясында қазақстандық балалар алғаш рет Ұлттық қордан төлемдер ала бастады. Бұл бастама жаңа ұрпақтың экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және олардың болашағын қаржылық тұрғыдан қолдауға бағытталған маңызды қадам. Ұлттық қор активтерінің тұрақты өсуі мен қосымша инвестициялық кірістің түсуі есебінен балаларға арналған төлемдер жыл сайын ұлғайып отыратын болады. Қазіргі уақытта 6,9 млн астам бала қолдауға ие болды. Өткен жылы олардың 304 815-і кәмелеттік жасқа толды, бұл олардың тұрғын үй жағдайын жақсарту немесе білім ақысын төлеу мақсатында жинақталған қаражатты пайдалануына мүмкіндік береді. Ұзақ мерзімді жоба келешекте халық арасында қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге және әлеуметтік теңсіздікті азайтуға мүмкіндік беретін ескеру керек, — дейді Айгерім Абдрашитова.

Сарапшы атап өткендей, әлеуметтік саясатты жетілдіру аясында зейнетақы, жәрдемақы, шәкіртақы және мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы айтарлықтай өсті. Әсіресе, базалық және бірлескен зейнетақыларды, мемлекеттік жәрдемақыларды кеңейтілген индекстеу арқылы арттыру маңызды қадам болды.

Айгерім Абдрашитова, өз сөзінде 2023 жылдан бастап бес жыл ішінде базалық зейнетақының ең төменгі мөлшерін кезең-кезеңімен арттыру жоспарланғанын атап өтіп мәліметтер келтірді.

Айта кетелік, 2024 жылы жиынтық зейнетақының орташа мөлшері БЖЗҚ төлемдерін есептемегенде 130 414 теңгені құрады. Бала туу бойынша жәрдемақы да жыл сайын артып отыр. Өткен жылы 1,2 және 3 бала туғанда 140 296 теңге берілсе, осы жылдан бастап 149 416 теңгені құрап отыр. Биылдан бастап I топ мүгедектігі бар адамдарға арналған жәрдемақы 95 496 теңгеден 101 702 теңгеге дейін, II топ – 76 397 теңгеден 81 362 теңгеге дейін, III топ – 52 089 теңгеден 55 474 теңгеге дейін ұлғайтылады. Бұл шаралар халықтың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етуге және өмір сүру деңгейін жақсартуға ықпал етеді,- деген сарапшы нақты мәліметтер келтірді.

Айта кетелік, елімізде 460 мың оқушыға арналған 217 жаңа мектептің құрылысы жоспарланған. Бүгінде олардың жартысына жуығы салынды. Бұл жоба үш ауысымда оқыту мәселесін түбегейлі шешіп, апатты жағдайдағы мектептердің санын жоюға және орын тапшылығын азайтуға мүмкіндік береді.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

Мемлекеттік бағдарламаның басты артықшылығы — білім беру инфрақұрылымын дамытуда қала мен ауыл арасындағы алшақтықты жою. Жаңа мектептер барлық аймақтарда сапалы білім алуға тең қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Білім беру инфрақұрылымын дамыту және қолжетімділікті арттыру қоғамның жалпы дамуына және азаматтардың өмір сапасының жақсаруына ықпал етеді. Соңғы жылдары қолға алынған әлеуметтік және білім беру реформалары Қазақстанның стратегиялық дамуының маңызды бөлігіне айналды. Алдағы жылдары бұл бастамалардың жемісті нәтижелері қазақстандықтардың өмір сүру сапасының артуына және елдің әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығына ықпал ететіні сөзсіз, — деп ой түйіндеді сарапшы.

Халық жазушысы Смағұл Елубай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Ана тілі» газетіне берген сұхбатындағы маңызды мәселелерді атап өтті.

Сұхбат жан-жақты, терең жазылған, еш жерде айтылмаған мәліметтер берілді, бұл сұхбат сонысымен құнды. Айтпай келетін апаттар, былтыр көктемдегі су тасқыны, Маңғыстаудағы ұшақ апаты, бәрі-бәрі қамтылған. Ерекше атап айтатын тұсы — журналист Ерлан Жүністің Нұрсұлтан Назарбаев туралы қойған сауалы бізге ең қызықты тарау болды. 2022 жылы елімізде қос үкімет болғанына екінші Президент тұңғыш рет өз ойын білдіріп, «қосарланған билікке ешқашан жол берілмеуі тиіс», — деді. Шындығына келсек, қаңтар оқиғасына тек қана қос үкімет түрткі болған жоқ, оның ішінде ашқұрсақ халықтың ашынып көшеге шығуы да бар еді. Бұған ең алдымен бұл әлеуметтік мәселе де себеп болды. Миллиондаған жастар үйсіз, күйсіз жүргенін айтып шырылдағаны рас. Осы ұрымтал тұсты кейбір топтар өз мүддесіне пайдаланып кетті. Мінеки, осы ақиқатты Президент Тоқаев ашық айтты, — деді Халық жазушысы.

Смағұл Елубайдың пікірінше, «Президент – кәсіби дипломат, сондықтан халықаралық мәселелерге көбірек назар аударады» деген сауал сұхбат барысында орынды қойылған.

Осы сұхбатта сыртқы саясатпен Мемлекет басшысы көп шұғылданып кетті деген сұрақтар орынды қойылды. Тоқаев Қазақстанның орта державаға айналғанын ашық айтты. Бұл да елімізге керек, бұл инвестицияға жол ашатын мүмкіндік деп санаймын. 2 миллионға жуық ашқұрсақ қазақстандық бар екені де әңгімеден тыс қалмады. Біз ендігі жерде назарды ішкі саясатқа баса аударуымыз қажет. Меніңше, әлеуметтік жағдайы төмен азаматтарға көңіл бөлу керек. Сондай ақ тағы бір мәселе, қазір пара алып ұсталған шенеунік көп. Парақор шенеуніктер қалай қалыптасты? Жемқорлық пен парақорлық қайдан пайда болды? Егер мен Ерлан Жүністің орнында болсам, осы сұрақты қояр едім. Бізде қазір құдайдан қорықпайтын қоғам қалыптасты. Бүкіл халықты құқық қорғау орындары қылмыстан қорғап еді ғой. Қазір олардың жұмысын қалай реттейміз? Көшпелі қоғамда болмаған парақорлық, жемқорлық, қылмыс, маскүнемдік, жезөкшелік мәселесі көтерілу керек еді. Ендеше біздің елдімізде қылмысты жоюға бетбұрыс болуы тиіс деп ойлаймын. Жалпы сұхбат бүгінгі қоғамға көпшілікке Президенттің үндеуі болды. Қасым-Жомарт Тоқаев: «Жаңарайық, тазарайық, әділетті Қазақстан құрайық!» деді. Шынын айтсақ, Президент — жалғыз, біз — көппіз, әділетті қоғамды жасайтын біз, халық, көпшілік. Бір жағынан бұл сұхбатты мен Мемлекет басшысының жанайқайы деп қабылдадым, — деді ол.

Смағұл Елубайдың пікірінше, қоғамдық-әлеуметтік мәселелерге, халықаралық қатынастағы процестерге, ел тарихындағы басты оқиғаларға Мемлекет басшысы тарпынан жан-жақты, мағыналы жауаптар берілген.

Автор: Меруерт Райым

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Қазақстандықтар мерекеден кейін көбінесе нені қайта сатады?

Келесі жаңалық

Алматылық эпидемиолог зооноздық инфекциялар мен оның адамға төнетін қаупі туралы айтты

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

Олжас Бектенов жеңіл өнеркәсіпті дамыту тәсілдерін қайта қарауды тапсырды
Категориясыз

Олжас Бектенов жеңіл өнеркәсіпті дамыту тәсілдерін қайта қарауды тапсырды

14 мая, 2026
Бейбіт Исабаев елді мекендердегі құрылыс алаңдарын аралады
Басты

Бейбіт Исабаев елді мекендердегі құрылыс алаңдарын аралады

13 мая, 2026
Олжас Бектенов Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасын жүзеге асыру бойынша отырыс өткізді
Басты

Олжас Бектенов Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасын жүзеге асыру бойынша отырыс өткізді

13 мая, 2026
Жетісу облысына 4 жыл: жергілікті маңызы бар 1,6 мың км жол жөнделді
Басты

Жетісу облысына 4 жыл: жергілікті маңызы бар 1,6 мың км жол жөнделді

8 мая, 2026
Жетісуда «Бейбіт елдің қалқаны аты мурал салынды
Категориясыз

Жетісуда «Бейбіт елдің қалқаны аты мурал салынды

7 мая, 2026
Үкімет Абай облысының жылу желілерін жылыту маусымына дайындауға 2,5 млрд теңге бөлді
Басты

Үкімет Абай облысының жылу желілерін жылыту маусымына дайындауға 2,5 млрд теңге бөлді

6 мая, 2026
Келесі жаңалық
Алматылық эпидемиолог зооноздық инфекциялар мен оның адамға төнетін қаупі туралы айтты

Алматылық эпидемиолог зооноздық инфекциялар мен оның адамға төнетін қаупі туралы айтты

Мемлекет барлық әлеуметтік міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етеді

Мемлекет барлық әлеуметтік міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етеді

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Таразда судья 2 миллион теңге пара алды деген күдікке ілінді

Таразда судья 2 миллион теңге пара алды деген күдікке ілінді

18 августа, 2023
2024 ЖЫЛДЫҢ ЕҢ ҮЗДІК HR-ЖОБАЛАРЫ: HR-БРЕНД ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ПРЕМИЯСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

2024 ЖЫЛДЫҢ ЕҢ ҮЗДІК HR-ЖОБАЛАРЫ: HR-БРЕНД ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ПРЕМИЯСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

25 апреля, 2025
СИРЕК СҮЙЕК СЫНУЫ: АЛМАТЫДА ҚАЙЫҚТӘРІЗДІ СҮЙЕККЕ СӘТТІ ОТА ЖАСАЛДЫ

СИРЕК СҮЙЕК СЫНУЫ: АЛМАТЫДА ҚАЙЫҚТӘРІЗДІ СҮЙЕККЕ СӘТТІ ОТА ЖАСАЛДЫ

14 октября, 2024

Топ жаңалықтар

  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Өмірге берілген мүмкіндік: Алматыда сирек асқынуы бар жүкті әйел құтқарылды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қызылордада оқушыны секс құлдыққа салған күдіктілердің бесеуі — жасөспірім

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «ҚУАТТЫ ӨҢІРЛІК ҒЫЛЫМ – ҚУАТТЫ ӨҢІР» ҚЫЗЫЛОРДАДА ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫ ПРЕЗИДИУМЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақмыс БМЗ-дағы күкірт қышқылы цехында негізгі жабдықты ауыстырып жатыр

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Қазақстан ревматологтарының IX конгресі және APLAR-QCR саммиті Алматыда әлемнің жетекші сарапшыларын жинады
  • АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ ТРАВМАТОЛОГТАРЫ РОБОТТАНДЫРЫЛҒАН ЖҮЙЕНІҢ КӨМЕГІМЕН ОТАЛАР ЖАСАДЫ
  • Alatau City Garant Түркияның жер сілкінісінен зардап шеккен аймағында мектеп салуды сақтандырды

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.