Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Категориясыз

Ерлан Қарин 2024 жыл несімен есте қалғанын айтты

admin by admin
31 декабря, 2024
Ерлан Қарин 2024 жыл несімен есте қалғанын айтты
Buy JNews
ADVERTISEMENT

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин ішкі саясат тұрғысынан алғанда өтіп бара жатқан жыл несімен есте қалғанын жазды, деп хабарлайды Qazaqpress.

Байланысты

Сатып алғаннан гөрі жөндеу тиімді: неге қазақстандықтар жаңа техника сатып алудан бас тартып жатыр

STOP! ОЙЛАН! ЖҮР!

Қазақстандықтар елдің даму бағытын жоғары деңгейде оң бағалауын сақтап отыр

«Реформаларды жалғастыру. Мемлекет басшысының қаңтар айындағы сұхбаты және Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысы 2024 жылға арналған ішкі саясат саласындағы жұмыстың күн тәртібі мен мазмұнын айқындап берді. Жыл бойы қоғамдық маңызы зор бірқатар заң әзірленді және қабылданды. Қоғамдық петициялар институты іске қосылды. Тәуелсіз мемлекеттер достастығы мен Орталық Азия елдерінде алғаш рет атом электр стансасын салуға қатысты референдум өтті. Референдум өткізуді талқылау ең ұзақ саяси науқан болды. Ауыл әкімдерінің сайлауы жалғасын тапты. Ономастика, ескерткіш және геральдика, мемлекеттік және қоғамдық награда салаларын ретке келтіру жұмысы басталды. Әлеуметтік-гуманитарлық саладағы мемлекеттік бастамалар дәйекті түрде жүзеге асырылды: «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы, мектептерде тәрбие жұмысының бірыңғай бағдарламасы, жас ғалымдарға арналған жаңа гранттар мен тағылымдамалар, жұмысшы мамандардың мәртебесі мен абырой-беделін көтеру», – деп жазды Ерлан Қарин Telegram арнасында.

Оның айтуынша, мемлекеттік аппарат сын-қатерлерді және сынақтарды абыроймен еңсерді.

«Президенттің саясаты бұрын-соңды болмаған халықаралық шиеленіс жағдайында еліміздегі бейбітшілік пен келісімді сақтауға, Қазақстанның егемендігі мен қауіпсіздігін нығайтуға ықпал етті.  Алапат тасқын салдары қысқа мерзімде жойылып, мемлекет барлық зардап шеккен азаматтарға ауқымды көмек көрсетті. Әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау, сондай-ақ балалар арасындағы суицидке қарсы күресті үйлестіру үшін жүйелі шаралар қолға алынды», – деді ол.

Мемлекеттік кеңесші жаңа құндылықтардың қалыптасу үдерісі жалғасқанын айтты.

«Әділдік, заң мен тәртіп қағидалары мемлекеттік органдардың ғана емес, бүкіл қоғамның ұстанымына айналды. Азаматтық қоғам Президенттің бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық науқанына, сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылық, агрессия мен вандализм, нашақорлық, ойынқұмарлық және ысырапшылдық секілді кеселдерге  қарсы күреске белсенді араласты. Әдеп және мінез-құлық нормаларын сақтау халық қызу талқылайтын тақырыпқа айналды», – деді Е. Қарин.

Бұдан басқа Ерлан Қарин түрлі тақырыпқа байланысты пікірталастарға қарамастан, жалпы билік пен қоғамның ел болашағына қатысты түсінігі мен көзқарасы ортақ екенін еткізді.

«Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты жыл соңында өткізген сауалнаманың қорытындысына сәйкес, тұрғындардың 77,7 пайызы мемлекетіміздің даму бағдары дұрыс деп есептейді. Жұрттың қолдауы 2025 жылы да жалғасатын реформалардың берік тірегі болмақ», –  деді Мемлекеттік кеңесші.

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Жаңа 2025 жыл: Алматы – мыңдаған шам қаласы

Келесі жаңалық

Күн райына байланысты екі облыста жол жабылды

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

Сатып алғаннан гөрі жөндеу тиімді: неге қазақстандықтар жаңа техника сатып алудан бас тартып жатыр
Категориясыз

Сатып алғаннан гөрі жөндеу тиімді: неге қазақстандықтар жаңа техника сатып алудан бас тартып жатыр

18 мая, 2026
STOP! ОЙЛАН! ЖҮР!
Категориясыз

STOP! ОЙЛАН! ЖҮР!

18 мая, 2026
Қазақстандықтар елдің даму бағытын жоғары деңгейде оң бағалауын сақтап отыр
Категориясыз

Қазақстандықтар елдің даму бағытын жоғары деңгейде оң бағалауын сақтап отыр

18 мая, 2026
Қазақстан ревматологтарының IX конгресі және APLAR-QCR саммиті Алматыда әлемнің жетекші сарапшыларын жинады
Категориясыз

Қазақстан ревматологтарының IX конгресі және APLAR-QCR саммиті Алматыда әлемнің жетекші сарапшыларын жинады

15 мая, 2026
АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ ТРАВМАТОЛОГТАРЫ РОБОТТАНДЫРЫЛҒАН ЖҮЙЕНІҢ КӨМЕГІМЕН ОТАЛАР ЖАСАДЫ
Категориясыз

АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ ТРАВМАТОЛОГТАРЫ РОБОТТАНДЫРЫЛҒАН ЖҮЙЕНІҢ КӨМЕГІМЕН ОТАЛАР ЖАСАДЫ

15 мая, 2026
Alatau City Garant Түркияның жер сілкінісінен зардап шеккен аймағында мектеп салуды сақтандырды
Категориясыз

Alatau City Garant Түркияның жер сілкінісінен зардап шеккен аймағында мектеп салуды сақтандырды

15 мая, 2026
Келесі жаңалық
Күн райына байланысты екі облыста жол жабылды

Күн райына байланысты екі облыста жол жабылды

Президент есірткі өндіруге қатысты қылмыстық жауапкершілікті қатайтатын заңға қол қойды

Президент есірткі өндіруге қатысты қылмыстық жауапкершілікті қатайтатын заңға қол қойды

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Қазақстанда доллар бағамы өсті

Доллар бағамы төмендеді

13 декабря, 2021
AIX басқарма төрағасының міндетін атқарушы тағайындалды

AIX басқарма төрағасының міндетін атқарушы тағайындалды

16 января, 2023
Алматыда Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында заманауи эндоскопиялық оқу орталығы ашылды  

Алматыда Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында заманауи эндоскопиялық оқу орталығы ашылды  

24 сентября, 2025

Топ жаңалықтар

  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қызылордада оқушыны секс құлдыққа салған күдіктілердің бесеуі — жасөспірім

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «ҚУАТТЫ ӨҢІРЛІК ҒЫЛЫМ – ҚУАТТЫ ӨҢІР» ҚЫЗЫЛОРДАДА ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫ ПРЕЗИДИУМЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Meta, TikTok, Яндекс жəне басқа да платформалармен тікелей диалог: AMDG 2026 жылғы медиялық жəне видеожарнама бойынша конференция өткізеді

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақмыс БМЗ-дағы күкірт қышқылы цехында негізгі жабдықты ауыстырып жатыр

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Сатып алғаннан гөрі жөндеу тиімді: неге қазақстандықтар жаңа техника сатып алудан бас тартып жатыр
  • «Қазақмыс» басшылығы жұмысшылармен екінші кездесу өткізді
  • STOP! ОЙЛАН! ЖҮР!

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.