Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Басты

Қазақстан жаңа нарықтарға 1,5 млн тоннаға дейін астық экспорттамақ

admin by admin
30 декабря, 2024
Қазақстан жаңа нарықтарға 1,5 млн тоннаға дейін астық экспорттамақ

Қазақстан жаңа нарықтарға 1,5 млн тоннаға дейін астық экспорттауды көздейді, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Байланысты

Құрылтай-2026: теледебаттан кейін партиялар өңірлерге қайта оралды

Суд по делу Бажкеновой: несмотря на опровержение Генпрокуратуры, материал всё равно опубликовали

Партиялар мен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы жүйелі негізде артып келеді – «Sarap» клубының сарапшылары

Бұл жайында Мәжіліс депутаттарының сауалына Премьер-Министр Олжас Бектеновтің жауабында айтылған.

— Биыл Қазақстанның бидай экспорттаудағы әлеуеті шамамен 12 млн тонна деп бағаланып отыр. Қазақстандық өнімдерді жаңа нарықтарға жеткізу, әсіресе көлік шығындары мен бағаның төмендігі тұрғысынан қиындық туғызады. Осыған орай Ауыл шаруашылығы министрлігі азық-түлік астығын тасымалдау шығындарын арзандату үшін субсидия төлеу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысының жобасын (бұдан әрі — Жоба) әзірледі. Жоба жұмыс тәртібімен мүдделі мемлекеттік органдармен (Сыртқы істер министрлігі, Ұлттық экономика министрлігі, Қаржы министрлігі және Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі) келісілді, — деді Үкімет басшысы.

Оның атап өтуінше, Қазақстанның халықаралық міндеттемелеріне және Дүниежүзілік сауда ұйымының ережелеріне сәйкес экспортты субсидиялауға шектеулер бар. Бұл ретте жобада Қазақстанның экспорттық мүмкіндіктеріне қатысты қандай да бір шектеулердің туындауына жол бермеу мақсатында экспортқа қатысты ескертпелер мен шектеулер айтылмайды.

— Бұл сақтау пункттерін босату және жаңа өткізу нарықтарын ашу үшін қажет (Еуропалық Одақ елдері, Солтүстік Африка, Иран Ислам Республикасы және Оңтүстік-Шығыс Азия елдері). Жалпы жаңа нарықтарға 1,5 млн тоннаға дейін астық экспорттау көзделуде. Жобаның маңызды аспектісі — астық тасымалдауды ұйымдастыруда ұлттық теміржол компаниясының жауапкершілігін айқындау. Бұл компания тасымалдауды ұйымдастыратын оператор ретінде белгіленіп, астық тасымалына байланысты көліктік-экспедиторлық қызметтер көрсететін заңды тұлға ретінде әрекет етеді, — деді Премьер-Министр.

Үкімет басшысы бюджеттік субсидиялар операторға азық-түлік астығын тасымалдау үшін көрсетілген нақты қызметтер үшін төленеді. Субсидия төлеу механизмі 2024 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 2025 жылдың 1 қыркүйегіне дейін қолданылатын болады. Бұл кезеңде экспорттаушылар көліктік шығын шеккенін растайтын құжаттар негізінде көмек алады.

— Сонымен қатар, оператор алдағы жөнелтілімдерді жоспарлау мақсатында нақты жөнелтілген азық-түлік астығының субсидияланған бағыттары бойынша мониторинг жүргізеді. Сондай-ақ, оператор ресми сайтта күн сайын нақты әкетілген астық көлемі және астық тасымалдаудың төленген құнының мөлшері туралы тиісті ақпаратты орналастырады, — деді ол.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

Фото: kursiv.media

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің құрылғанына 90 жыл толуына орай салтанатты жиын өтті

Келесі жаңалық

Тоқаев білім беру және балалардың құқықтарын қорғау туралы заңға қол қойды

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

ҚР ОСК: Барлық сайлау учаскелері мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді болады
Категориясыз

Құрылтай-2026: теледебаттан кейін партиялар өңірлерге қайта оралды

7 августа, 2026
Сот: Сот отырысын жүргізу тілін таңдаған Темірлан Еңбесек…
Категориясыз

Суд по делу Бажкеновой: несмотря на опровержение Генпрокуратуры, материал всё равно опубликовали

6 августа, 2026
Партиялар мен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы жүйелі негізде артып келеді – «Sarap» клубының сарапшылары
Категориясыз

Партиялар мен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы жүйелі негізде артып келеді – «Sarap» клубының сарапшылары

6 августа, 2026
Алматыда өндірістік жарақаттану мен сақтандыру тәуекелдерін төмендетудегі ESG рөлі талқыланады
Категориясыз

Алматыда өндірістік жарақаттану мен сақтандыру тәуекелдерін төмендетудегі ESG рөлі талқыланады

6 августа, 2026
Freedom Holding Corp. компаниясы беделді Russell 3000 индексіне енгізілді
Экономика

Freedom Holding Corp. Bilim Group компаниясындағы үлеске ие болды

6 августа, 2026
Кассациялық сот заңсыз жұмыстан босатылған қызметкерді қайта жұмысқа қалпына келтірді
Категориясыз

«Не имела доступа к размещению публикаций и выполняла поручения Бажкеновой – экс-корреспондент Orda.kz Дуйсенова

6 августа, 2026
Келесі жаңалық
Тоқаев білім беру және балалардың құқықтарын қорғау туралы заңға қол қойды

Тоқаев білім беру және балалардың құқықтарын қорғау туралы заңға қол қойды

Ұшақ апатынан көз жұмған 3 маңғыстаулықтың отбасыларына қаржылай көмек берілді

Ұшақ апатынан көз жұмған 3 маңғыстаулықтың отбасыларына қаржылай көмек берілді

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Жетісу облысында жүк көлігін тексеру кезінде 10 мың қорап жалған темекі табылды

Жетісу облысында жүк көлігін тексеру кезінде 10 мың қорап жалған темекі табылды

3 июля, 2023
Еуразиялық интеграция институтының «Ашық саясат» сараптамалық клубы отырысының қорытындысы бойынша

Еуразиялық интеграция институтының «Ашық саясат» сараптамалық клубы отырысының қорытындысы бойынша

7 сентября, 2024
Алматыда жалпы ауданы 100 гектарға жуық жаңа бес саябақ салынбақ

Алматыда жалпы ауданы 100 гектарға жуық жаңа бес саябақ салынбақ

22 июня, 2023

Топ жаңалықтар

  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Дауысы сенімді, бірақ сөзі жалған»: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы дипфейктердің танымал адамдарды ақпараттық манипуляцияларда қалай пайдаланатынын көрсетті

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Halyk қорының 10 жылдығына орай: Алматы облысында ауыл балалары арасында республикалық турнир өтеді

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақстандық азамат журналист Лұқпан Ахмедияровты жала жапқаны үшін жауапқа тартуды талап етті

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • ҚР ОСК: Барлық сайлау учаскелері мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Туризм және спорт министрі «Болашақ ойындары 2026» аясындағы фиджитал-футбол жарысына қатысты
  • «Дауысы сенімді, бірақ сөзі жалған»: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы дипфейктердің танымал адамдарды ақпараттық манипуляцияларда қалай пайдаланатынын көрсетті
  • Құрылтай-2026: теледебаттан кейін партиялар өңірлерге қайта оралды

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.