Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Категориясыз

Наурызбай қажы Тағанұлы Бас мүфти лауазымына қайта сайланды

admin by admin
26 декабря, 2024
Наурызбай қажы Тағанұлы Бас мүфти лауазымына қайта сайланды

Бүгін Астана қаласында өткен Қазақстан мұсылмандарының Х Құрылтайында ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти лауазымына Наурызбай қажы Тағанұлының кандидатурасы ұсынылды, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Байланысты

Бухгалтерлік баланс, пайда мен залал туралы есеп «Сентрас Иншуранс «СК» АҚ 01.07.2026 жыл жағдайына

Жаңа адамдар Әділет партиясының III кезектен тыс съезіне қатысты

«Қазақмыс» «Жомарт» кенішінде тау жыныстары массивін цифрлық мониторингтеу жүйесін енгізуде

ҚМДБ баспасөз қызметінің мәліметінше, Құрылтайға жиналған 300-ге жуық делегат осы кандидатураға бірауыздан дауыс беріп, қолдау көрсетіп, Наурызбай қажы Тағанұлын Бас мүфти лауазымына қайта сайлады.

— Құрылтайға еліміздің әр облысынан келген 300-ге жуық делегат менің кандидатурама дауыс беріп, сенім білдіріп, Бас мүфти лауазымына қайта сайлады. Бұл сенімді абыроймен ақтауға бар күш-жігерімді жұмсаймын. Жоспарлап отырған бірқатар жұмыстарымыз бар. Мәселен, алдағы 2025 жылы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының дербес мүфтият болып құрылғанына 35 жыл толады. Мерейтой аясында жоспардағы көптеген игі істерді жұрт болып жұмылып, халық болып бірігіп атқаруға баршаңызды шақырамын, — деді ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы журналистерге берген сұхбатында.

Айта кетейік, Наурызбай қажы Тағанұлы ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти лауазымына екінші рет сайланып отыр.

Наурызбай қажы Тағанұлы 1977 жылдың 13 наурызында дүниеге келген.

1993-1997 жылдары Ташкентте «Имам Әл-Бұхари» атындағы Ислам институтында оқып, жоғарғы діни білім алған.

1999-2001 жылдары ҚМДБ жанындағы Ислам институтында оқыған.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

2009 жылы Мысыр Араб Республикасында діни білімін жетілдірген.

2010 жылы Абай атындағы Алматы Мемлекеттік университетінің «Тарих» мамандығы бойынша сырттай оқып, жоғары білім алған.

2011-2013 жылдары аталған университеттің «Дінтану» мамандығы бойынша магистратурасын бітірген.

2017-2020 жылдары «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінде «Исламтану» мамандығы бойынша PhD доктор дәрежесін қорғады.

Фото: ummet.kz

 

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Ақтау маңындағы ұшақ апаты: Зардап шеккендердің қазіргі ахуалы қандай

Келесі жаңалық

ҚСЗИ сарапшылары жылды қорытындылап, 2024 жылдың ең маңызды үрдістерін, оқиғалары мен жетістіктерін атады

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

Категориясыз

Бухгалтерлік баланс, пайда мен залал туралы есеп «Сентрас Иншуранс «СК» АҚ 01.07.2026 жыл жағдайына

13 июля, 2026
Сарапшылар Қазақстандағы жасанды интеллект пен цифрлық экономиканы дамыту мәселелерін талқылады
Категориясыз

Жаңа адамдар Әділет партиясының III кезектен тыс съезіне қатысты

11 июля, 2026
«Қазақмыс» «Жомарт» кенішінде тау жыныстары массивін цифрлық мониторингтеу жүйесін енгізуде
Категориясыз

«Қазақмыс» «Жомарт» кенішінде тау жыныстары массивін цифрлық мониторингтеу жүйесін енгізуде

10 июля, 2026
Теңге Қазақстанның ұлттық валютасы ретінде конституциялық мәртебеге ие болды
Категориясыз

Қазақстанда халықтың ақшалай табысының көрсеткіштері артып келеді

9 июля, 2026
Аптаптың бағасы: жаз басталғанда климаттық техника нарығы қалай өзгеріп жатыр
Категориясыз

Аптаптың бағасы: жаз басталғанда климаттық техника нарығы қалай өзгеріп жатыр

9 июля, 2026
Технологиялар әуе көлігі саласына жылына 10 миллиард жолаушыны тасымалдауға дайындалуға қалай көмектеседі
Категориясыз

Технологиялар әуе көлігі саласына жылына 10 миллиард жолаушыны тасымалдауға дайындалуға қалай көмектеседі

9 июля, 2026
Келесі жаңалық
ҚСЗИ сарапшылары жылды қорытындылап, 2024 жылдың ең маңызды үрдістерін, оқиғалары мен жетістіктерін атады

ҚСЗИ сарапшылары жылды қорытындылап, 2024 жылдың ең маңызды үрдістерін, оқиғалары мен жетістіктерін атады

Бейбіт Исабаев: Талдықорған тұрғындар үшін жайлы, әрі қолайлы қалаға айналуы керек

Бейбіт Исабаев: Талдықорған тұрғындар үшін жайлы, әрі қолайлы қалаға айналуы керек

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Мәжіліске ҚХА атынан ұсынылған 9 депутат сайланды

Мәжіліске ҚХА атынан ұсынылған 9 депутат сайланды

11 января, 2021
Жаңа адамдар Әділет партиясының II съезінде: жасампаз күштердің бірігуі

Жаңа адамдар Әділет партиясының II съезінде: жасампаз күштердің бірігуі

16 июня, 2026
Қазақстанның инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінде жаңа Конституция жобасы талқыланды

Көк туды желбіреткендер ел тағдырын да қолдайды

21 февраля, 2026

Топ жаңалықтар

  • Ұлытауды дамытуға 11 млрд теңгеден астам қаржы: Руслан Өскенәлі әлеуметтік жобалардың жүзеге асуын тексерді

    Ұлытауды дамытуға 11 млрд теңгеден астам қаржы: Руслан Өскенәлі әлеуметтік жобалардың жүзеге асуын тексерді

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • 85 мектеп, жүздеген педагог және жаңа мүмкіндіктер: Ustaz Ulytau жобасының бес жылдық қорытындысы

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақмыс Қарағайлы байыту фабрикасын дамыту бағдарламасын жүзеге асыруда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Қазақмыс» өндірістік қауіпсіздік мәдениетін жүйелі түрде нығайтуда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Бухгалтерлік баланс, пайда мен залал туралы есеп «Сентрас Иншуранс «СК» АҚ 01.07.2026 жыл жағдайына
  • Жаңа адамдар Әділет партиясының III кезектен тыс съезіне қатысты
  • Жаңа адамдар Әділет партиясының Жаңа мәдениет және ұлттың қалыптасуы стратегиялық сессиясына қатысты

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.