Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Категориясыз

ҚСЗИ сарапшылары жылды қорытындылап, 2024 жылдың ең маңызды үрдістерін, оқиғалары мен жетістіктерін атады

admin by admin
26 декабря, 2024
ҚСЗИ сарапшылары жылды қорытындылап, 2024 жылдың ең маңызды үрдістерін, оқиғалары мен жетістіктерін атады

2024 жылдың 25 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтында қоғамдық-саяси, экономикалық және халықаралық салалардағы жыл қорытындысы бойынша брифинг өтті, деп хабарлайды Qazaqpress kisi.kz-ке сілтеме жасап.

Байланысты

Заңда көзделген мерзімнен артық ұстауға болмайды: жаңа Конституция жобасындағы 18-бап нақтыланды

Технологиялар 2026 жылды бастайды: жаңа өнімдердің жарқын тұсаукесері

Партиядағы пікірталас

Іс-шара барысында институт сарапшылары әлеуметтік, ішкі саяси, экономикалық және халықаралық салалардағы 2024 жылдың ең маңызды 3 оқиғалары мен жетістіктерін атай отырып, аяқталып жатқан жылдың негізгі оқиғалары мен трендтеріне талдамалық шолу жасады.

Осылайша, ҚСЗИ сарапшыларының пікірінше, 2024 жылы Қазақстан үшін ең маңызды қоғамдық тренд ҚР Президентіне сенімнің күшеюі болды, бұл азаматтардың көшбасшыны және оның шешімдерін қолдауға дайындығын көрсетеді. ҚСЗИ мәліметтері бойынша Президент Қ.К. Тоқаевқа сенім деңгейі 80,5%. Соңғы жылдары бұл көрсеткіш әлеуметтік-экономикалық қиындықтар жағдайында да тұрақты жоғары болып отыр.

Сондай-ақ сарапшылар маңызды қоғамдық тренд ретінде ел басшылығының саяси бағытын қолдауды, ол қараша айында жүргізілген әлеуметтанулық сауалнамаға сәйкес 77,7% және қазақстандықтардың азаматтық бірегейлігі мен негізгі құндылықтарын нығайтуды қарастырады. Мәселен, респонденттердің 46% қазақстандықтарды біріктіретін құндылық ретінде Қазақстан Республикасының төлқұжаты мен азаматтығын атады.

«Сауалнама деректері көрсеткендей, халықтың басым көпшілігі Қазақстанды ұлттың азаматтылығы, яғни тұлғаның нақты мемлекетпен берік құқықтық байланысы басым біртұтас ұлт ретінде қарастырады. Осылайша, ұлттық бірегейлік Қазақстанның мәдени әртүрлілігінің біріктіруші факторы бола отырып, мемлекеттегі сенім мен ынтымақтастықтың өсуіне ықпал етеді», — деп атап өтті ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ Саяси зерттеулер бөлімінің бас сарапшысы Айгерім Абдірашитова.

Сондай-ақ ҚСЗИ сарапшылары қазақстандықтардың жеке және ел деңгейінде өткен жылдың қорытындылары туралы бағаларымен бөлісті. Әлеуметтік сауалнама нәтижесі көрсеткендей, қазақстандықтар жеке деңгейде өтіп жатқан жылдың қорытындысына оң баға беруде. Халықтың төрттен бір бөлігі (25,1%) үшін жыл «өте табысты» болды; азаматтарымыздың тең жартысы үшін жыл «жалпы жақсы» болған (52,3%).

«Алдағы 2025 жылдан жеке деңгейдегі күтулер барынша оптимистік (77,4%). Үй шаруасымен айналысатын және материалдық әл-ауқаты жоғары жастар арасында оң үміт байқалады», — дейді ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ бас ғылыми қызметкері Айгүл Забирова.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

ҚСЗИ сарапшылары ішкі саяси саладағы ең маңызды 3 оқиғаның қатарында әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі Заңды қабылдау аясында бірыңғай заңды онлайн петиция институтын енгізуді, тұрмыстық зорлық-зомбылықты криминализациялауды және әйелдер мен балаларды құқықтық қорғауды күшейтуді, сондай-ақ 6 қазанда АЭС салу бойынша жалпыхалықтық референдум өткізуді атады.

«Референдум – Қазақстанда соңғы бес жылда болған орасан зор өзгерістердің тағы бір айғағы, «халық үніне құлақ асатын мемлекет» ұғымының тағы бір айқын көрінісі. Бүкілхалықтық дауыс беру энергетикалық кешеннің даму бағытын, Қазақстанның атом энергетикасының болашағын және оның еліміздің энергетикалық тәуелсіздігіне ықпалын айқындады», — деді ҚР Президенті жанындағы ҚЗСИ Стратегиялық талдау бөлімінің басшысы Елнар Берікбаев.

Қазақстанның экономикалық саладағы жетістіктері туралы айта келе, ҚСЗИ сарапшылары Мемлекет басшысы 2023 жылы жаңа экономикалық бағыт ұсынғанын атап өтті. Реформалардың мақсаты – 2029 жылға қарай 6-7 пайыздық тұрақты экономикалық өсуге қол жеткізу және ұлттық экономиканың көлемін екі есе ұлғайтып, 450 миллиард долларға дейін арттыру.

Экономикадағы 3 басты жетістіктің ішінде сарапшылар Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың кешенді бағдарламасын қабылдау, Мемлекеттік сатып алудың жаңа ережелерін бекіту арқылы бизнес үшін жаңа «экономикалық лифттерді» құруды, сондай-ақ «Экономиканы ырықтандыру жөніндегі шаралар туралы» Президент Жарлығына қол қоюды атады.

ҚСЗИ сарапшыларының пікірінше, экономикалық саладағы тағы екі маңызды оқиға 2029 жылға дейінгі Ұлттық инфрақұрылымдық жоспардың қабылдануы, сондай-ақ енгізілуі 2026 жылға жоспарланған жаңа Бюджет кодексін қабылдау және жаңа Салық кодексін әзірлеу арқылы салықтық-бюджет саясатын қайта бастау болды.

«Қазақстанның инфрақұрылымын дамыту жоспарында 204 жоба бар. Энергетика саласында 46 жоба, көлік саласында 59 жоба, сумен жабдықтау және канализация бойынша 89 жоба, цифрлық инфрақұрылым бойынша 10 жоба қабылданды. Жобаларды жүзеге асыру кезінде халықаралық қаржы ұйымдарымен өзара әрекеттестікке назар аударылады. Дүниежүзілік банк, Азия даму банкі, Еуропалық қайта құру және даму банкі, Ислам даму банкі, Еуразиялық даму банкі және т.б. сияқты ұйымдармен ынтымақтастық жүргізілуде», — деп, брифинг барысында ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ директорының орынбасары Нұрлан Сақуов ерекше атап өтті.

ҚСЗИ сарапшылары Қазақстанның позициясы мен халықаралық беделіне елеулі әсер еткен сыртқы саясат саласындағы ең маңызды үш оқиғаны атады.

Бұл, бірінші кезекте – бірнеше маңызды халықаралық ұйымдар мен құрылымдарға төрағалығының сәтті аяқталуы, олардың қатарындаАстананың Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ), Түркі мемлекеттері ұйымы (ТМҰ), Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы (ҰҚШҰ) және Орталық Азия мемлекеттері басшыларының Консультативтік кездесулерді (ОАМБКК) бар.

«Төрағалық барысында Қазақстан жаһандық және өңірлік күн тәртібін қалыптастыруға елеулі үлес қосты, сонымен қатар бірқатар маңызды құжаттарды қабылдауға атсалысты, олардың арасында аймақтың экономикалық, саяси және гуманитарлық интеграциясын нығайтудың ұзақ мерзімді бағыттарын айқындайтын «Орталық Азияны дамыту тұжырымдамасы – 2040» ерекше орын алады», – деді ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ бас ғылыми қызметкері Санат Көшкімбаев.

Қазақстанның халықаралық саладағы тағы екі басты жетістігі ретінде ҚСЗИ сарапшылары халықаралық сарапшылар қауымдастығы алдында Қазақстанның «орта держава» ретінде мақұлдануын атап өтті, бұл біздің еліміздің жаһандық үдерістердегі рөлінің артқанын және әртүрлі көпжақты форматтарда шешім қабылдауға ықпал ету мүмкіндіктерінің кеңейгенін көрсетеді. Сондай-ақ, Мемлекет басшысының Қазақстан үшін негізгі серіктес елдерге, оның ішінде Катар, Франция, Моңғолия, Ресей, Өзбекстан, Қытай және Әзірбайжанға шетелдік сапарларын ерекше атап өту қажет.

«Бұл сапарлар стратегиялық серіктестікті нығайтуға ықпал етіп, Қазақстанның көпвекторлы және теңгерімді сыртқы саясатқа бейілділігін танытты және ел экономикасын қайта жандандырудың басым бағыттарының бірі болып табылатын шикізаттық емес және өңдеуші салаларды дамытуға мүмкіндік берді», — деп түйіндеді сөзін Санат Көшкімбаев.

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының қызметі ел басшылығы үшін ішкі саясат, әлеуметтік-экономикалық үдерістер, Қазақстан Республикасының сыртқы саяси стратегиясы саласы бойынша болжамдық, талдамалық және ғылыми-ақпараттық материалдарды дайындауға және қамтамасыз етуге бағытталғанын атап өткен жөн.

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Наурызбай қажы Тағанұлы Бас мүфти лауазымына қайта сайланды

Келесі жаңалық

Бейбіт Исабаев: Талдықорған тұрғындар үшін жайлы, әрі қолайлы қалаға айналуы керек

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

Заңда көзделген мерзімнен артық ұстауға болмайды: жаңа Конституция жобасындағы 18-бап нақтыланды
Категориясыз

Заңда көзделген мерзімнен артық ұстауға болмайды: жаңа Конституция жобасындағы 18-бап нақтыланды

7 февраля, 2026
Технологиялар 2026 жылды бастайды: жаңа өнімдердің жарқын тұсаукесері
Категориясыз

Технологиялар 2026 жылды бастайды: жаңа өнімдердің жарқын тұсаукесері

6 февраля, 2026
Партиядағы пікірталас
Категориясыз

Партиядағы пікірталас

6 февраля, 2026
Астанада жастарға «Арт әлемі: Шығармашылық жастар арасындағы авторлық құқық» іс-шарасы ұйымдастырылды
Категориясыз

Астанада жастарға «Арт әлемі: Шығармашылық жастар арасындағы авторлық құқық» іс-шарасы ұйымдастырылды

6 февраля, 2026
«КОНСТИТУЦИЯНЫ ЖҮЙЕЛІ ЖАҢҒЫРТУДЫҢ ҒЫЛЫМИ НЕГІЗДЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ
Категориясыз

«КОНСТИТУЦИЯНЫ ЖҮЙЕЛІ ЖАҢҒЫРТУДЫҢ ҒЫЛЫМИ НЕГІЗДЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

6 февраля, 2026
Астанада қар күреу жұмысына 3 000-нан астам жол жұмысшысы мен 1 700-ден аса арнайы техника жұмылдырылды
Категориясыз

Астанада қар күреу жұмысына 3 000-нан астам жол жұмысшысы мен 1 700-ден аса арнайы техника жұмылдырылды

6 февраля, 2026
Келесі жаңалық
Бейбіт Исабаев: Талдықорған тұрғындар үшін жайлы, әрі қолайлы қалаға айналуы керек

Бейбіт Исабаев: Талдықорған тұрғындар үшін жайлы, әрі қолайлы қалаға айналуы керек

Қазақстанда балабақшаларды қаржыландыру жүйесі қайта қаралды

Қазақстанда балабақшаларды қаржыландыру жүйесі қайта қаралды

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Snake Keylogger тыңшылық БҚ қазақстандықтардың есептік жазбаларының таралу себебіне айналды

Snake Keylogger тыңшылық БҚ қазақстандықтардың есептік жазбаларының таралу себебіне айналды

13 октября, 2021
Назарбаев Әсет Исекешев пен Нұрлан Ермекбаевты қабылдады

Назарбаев Әсет Исекешев пен Нұрлан Ермекбаевты қабылдады

14 мая, 2021
Тимур Құлыбаев «Атамекен» ҰКП төрағасы қызметінен кетті

Тимур Құлыбаев «Атамекен» ҰКП төрағасы қызметінен кетті

17 января, 2022

Топ жаңалықтар

  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қызылордада оқушыны секс құлдыққа салған күдіктілердің бесеуі — жасөспірім

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Қызым» — осы қыстың ең жылы премьерасы

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Jack port Off Sites — Avoiding Jerks With Sex Webcam Girls

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Freedom Media «Сёгун» сериалының қазақ тіліндегі алғашқы ресми дубляжын ұсынды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Заңда көзделген мерзімнен артық ұстауға болмайды: жаңа Конституция жобасындағы 18-бап нақтыланды
  • Технологиялар 2026 жылды бастайды: жаңа өнімдердің жарқын тұсаукесері
  • Партиядағы пікірталас

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.