---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2024/12/24/almatyda-zharyl%d2%93an-%d2%9b%d2%b1byr-zh%d3%a9ndelip-t%d2%b1r%d2%93yndar%d2%93a-zhylu-zh%d3%99ne-ysty%d2%9b-su-berildi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алматыда жарылған құбыр жөнделіп, тұрғындарға жылу және ыстық су берілді

![Алматыда жарылған құбыр жөнделіп, тұрғындарға жылу және ыстық су берілді](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2024/12/720_5f78e52782682c4d6c8acdcc.jpg)

**Бостандық ауданында жарылған құбыр қалпына келтіріліп, үйлерге жылу мен ыстық су қайта беріле бастады, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

Алматы жылу жүйесі» мекемесінің мәліметінше, апаттық бригадасы 1984 жылы пайдалануға берілген Ду-800 жылу құбырын жөндеді.

*– Қайта қалпына келтіру жұмыстары аяқталып, жылу трассасы іске қосылды. Бүгін таңғы сағат 6:00-ден бастап жылу мен ыстық су кезең-кезеңімен беріліп жатыр, – деп хабарлады әкімдіктен .*

Жылу беру жүйесі толық іске қосылғаннан кейін басқарушы компаниялар – ПИК, МИБ және ғимараттарға техникалық қызмет көрсетуші ұйымдарға ішкі желілердің жай-күйін тексеру қажет.

Еске салайық, 23 желтоқсан күні Алматыда тозығы жеткен жылу құбыры жарылып, Сәтбаев – Достық – Тайманов көшелері аумағы мен Самал-1, Самал-2, Самал-3 шағын аудандарының тұрғындары жылудан ажыратылған болатын.

*Фото: Liter.kz*

---

Жарияланды: 2024-12-24T06:10:21+06:00

Жаңартылды: 2024-12-24T06:10:21+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2024/12/24/almatyda-zharyl%d2%93an-%d2%9b%d2%b1byr-zh%d3%a9ndelip-t%d2%b1r%d2%93yndar%d2%93a-zhylu-zh%d3%99ne-ysty%d2%9b-su-berildi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.