Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Категориясыз

Aurora Tech Award 2025: Қазақстандық төрт кәсіпкер әйелі әлем үздіктерінің қатарына кірді

admin by admin
23 декабря, 2024
Aurora Tech Award 2025: Қазақстандық төрт кәсіпкер әйелі әлем үздіктерінің қатарына кірді

2025 жылы Aurora Tech Award сыйлығын ұйымдастырған inDrive компаниясы дамушы нарықтардағы әйелдер негізін қалаған стартаптардың жаһандық тізімін жариялады. Бұл тізімге әлемнің түкпір-түкпірінен батыл әрі өр мінезді 120 кәсіпкер әйел кірді, оның ішінде Қазақстаннан төрт кәсіпкер әйел бар.

Байланысты

Тайланд бағыты бойынша жаңа рейстің ашылуы

Қазақстандықтар үшін 2025 жыл қандай болды және ол немен ерекшеленді

Orda.kz және ҚазТАГ: ақпараттық соғыстардың құқықтық салдары

Қазақстаннан жеңіске үміткер ретінде келесі кәсіпкерлер іріктелді:

– Маржан Қабдуахитова, Ratio платформасының негізін қалаушы. Ол клиникалар мен жеке пайдаланушыларға терінің жағдайын талдау, емдеу бойынша ұсыныстар беру және нәтижелерді бақылауға арналған заманауи AI шешімдерін ұсынады.

– Алуа Шарышева, Қазақстаннан шыққан 15 жасар оқушы. Ол шетелдік білім беру бағдарламаларына түсуге көмектесетін Jolym қосымшасын әзірледі.

– Әлия Сабитова, ерекше қажеттіліктері бар адамдар мен қарттарға күтім көрсету мамандарын іріктеуге арналған InCare KZ маркетплейсінің негізін қалаушы.

– Мақпал Икрамова, Inventivo жобасымен танымал. Бұл жоба компьютерлік көру технологиясын пайдалана отырып, буын қозғалыстарын мобильді құрылғы немесе компьютер камерасы арқылы бақылайды. Бұл әдіс буын денсаулығын жақсартуға арналған сенсорлық бақылау мен кері байланысты қамтамасыз етеді және оны кез келген жерде қолжетімді әрі ыңғайлы етеді.

Биыл сыйлыққа 116 елден рекорд 2 018 өтінім қабылданды, бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп. Нигерия, Бразилия және АҚШ ең көп қатысушы елдер қатарына кірді. Одан кейін Египет, Колумбия, Кения, Ұлыбритания, Үндістан және Қазақстан орын алды.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

HealthTech финалистер арасында басты бағытқа айналды — таңдалған 120 жобаның 30-ы цифрлық денсаулық сақтау саласында жұмыс істейді. Қазақстандық стартаптар Ratio мен Inventivo осы ғаламдық медициналық технологиялар трендін көрсетеді.

2024 жылы ұйымдастырушылар сыйақы қорын айтарлықтай арттырып, $85 000-ға жеткізді. Биыл бес қатысушы марапатталады: бірінші орын үшін $30 000, екінші орын үшін $20 000, үшінші орынға $15 000, ал төртінші және бесінші орындар үшін $10 000-дан беріледі.

Aurora Tech Awards жетекшісі Изабелла Гассеми-Смит: «Aurora Top 120 — біздің үш айлық ашық өтінім қабылдау нәтижесінде құрылған алғашқы тізіміміз. Ол 2000-нан астам стартап негізін қалаушы әйелдердің өтінімдерін қамтыды. Мұқият іріктеу нәтижесінде біз дамушы нарықтарда батыл әрі жаңашыл бизнес құрып жатқан 120 ерекше әйел кәсіпкерді анықтадық. Бұл әйелдер өз салалары мен елдерінің болашағын қалыптастыруға дайын», – деп пікір білдірді.

Сыйлық қолдау аясын да кеңейтті: Aurora Tech Award серіктес венчурлық қорларының саны 23-тен 35-ке өсті, оның ішінде Египет, Бразилия және Пәкістан елдерінен жаңа серіктестер қосылды. Финалистерге менторлық қолдау, инвестиция тарту бойынша кеңестер, питч-дек дайындауға көмек және халықаралық инвесторлармен нетворкинг мүмкіндіктері ұсынылады.

Aurora Tech Award батыл әрі өр мінезді әйел кәсіпкерлерді танытумен қатар, оларға жаңа деңгейге шығуға мүмкіндік береді. Сыйлық сараптамалық білім, ресурстар мен бизнес масштабын кеңейтуге арналған маңызды мүмкіндіктерді ұсынады. Финалистердің тізімі 2025 жылдың ақпан айында жарияланады, ал жеңімпаздар 2025 жылғы жаһандық рәсімде марапатталады. Айта кетейік, өткен жылы бұл шара Алматыда өткен.

 Әйелдердің 120 үздік стартаптарының тізімін мына сілтемеден көре аласыз.

Жоба туралы

Aurora Tech Award — әйелдер негізін қалаған технологиялық стартаптардың жаһандық дамуына елеулі үлес қосқан жобаларға қолдау көрсететін inDrive компаниясының коммерциялық емес бастамасы. Сыйлықтың мақсаты — озық технологиялар саласындағы әйелдерді, әсіресе кәсіпкер әйелдерді қолдау.

Компания туралы

inDrive — Калифорния штатының Маунтин-Вью қаласында штаб-пәтері орналасқан көлік және қалалық қызметтерге арналған жаһандық платформа. inDrive қосымшасы 2022 және 2023 жылдары әлемде ең көп жүктелген екінші такси шақыру қосымшасы атанып, 240 миллионнан аса рет жүктелді.

Компания 46 елдегі 779-дан астам қалада жұмыс істейді. inDrive жергілікті қауымдастықтарды қолдау бағдарламалары арқылы білім, спорт, өнер және ғылым, гендерлік теңдік және басқа да маңызды бастамаларды жақсартуға үлес қосады.

Қосымша ақпарат үшін www.inDrive.com сайтына кіріңіз.

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Түркістан облысының Түлкібас ауданына жаңа әкім тағайындалды

Келесі жаңалық

Жетісу облысында әлеуметтік осал топтар санатындағы 57 отбасы үйлі болды

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

Тайланд бағыты бойынша жаңа рейстің ашылуы
Категориясыз

Тайланд бағыты бойынша жаңа рейстің ашылуы

15 декабря, 2025
Қазақстандықтар үшін 2025 жыл қандай болды және ол немен ерекшеленді
Категориясыз

Қазақстандықтар үшін 2025 жыл қандай болды және ол немен ерекшеленді

15 декабря, 2025
Orda.kz және ҚазТАГ: ақпараттық соғыстардың құқықтық салдары
Категориясыз

Orda.kz және ҚазТАГ: ақпараттық соғыстардың құқықтық салдары

15 декабря, 2025
ҚАЗАҚСТАНДА ЖАҢА РЕКОРД
Категориясыз

ҚАЗАҚСТАНДА ЖАҢА РЕКОРД

15 декабря, 2025
2025 жылғы жалға беру нарығының қорытындылары: Қазақстанда тұрғын үй жалдау бағасы мен сұранысы қалай өзгерді
Категориясыз

2025 жылғы жалға беру нарығының қорытындылары: Қазақстанда тұрғын үй жалдау бағасы мен сұранысы қалай өзгерді

15 декабря, 2025
Жаңаөзенде әлеуметтік инфрақұрылымның дамуы: Маңғыстау облысы әкімінің жұмыс сапарының қорытындысы
Категориясыз

Жаңаөзенде әлеуметтік инфрақұрылымның дамуы: Маңғыстау облысы әкімінің жұмыс сапарының қорытындысы

13 декабря, 2025
Келесі жаңалық
Жетісу облысында әлеуметтік осал топтар санатындағы 57 отбасы үйлі болды

Жетісу облысында әлеуметтік осал топтар санатындағы 57 отбасы үйлі болды

Алматыда жарылған құбыр жөнделіп, тұрғындарға жылу және ыстық су берілді

Алматыда жарылған құбыр жөнделіп, тұрғындарға жылу және ыстық су берілді

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Қарағанды облысында үш жүзден аса кенші шахтада қаза бола жаздады

Қарағанды облысында үш жүзден аса кенші шахтада қаза бола жаздады

13 марта, 2021
FlyArystan Атыраудан Шарм-эль-Шейхке чартерлік рейстерін жазғы навигацияда жалғастыруда

FlyArystan Атыраудан Шарм-эль-Шейхке чартерлік рейстерін жазғы навигацияда жалғастыруда

28 марта, 2025
Бір тәулікте тағы 33 адамнан пневмония анықталды

Бір тәулікте тағы 33 адамнан пневмония анықталды

7 декабря, 2020

Топ жаңалықтар

  • Балаларды есірткіден қалай қорғаймыз: ата-аналарға қауіп белгілерін тану жолдары түсіндірілді

    Балаларды есірткіден қалай қорғаймыз: ата-аналарға қауіп белгілерін тану жолдары түсіндірілді

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қызылордада оқушыны секс құлдыққа салған күдіктілердің бесеуі — жасөспірім

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «MŪNAI» – Freedom Media ұсынады: жылдың басты тұсаукесері

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Синквейн деген не?

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Тайланд бағыты бойынша жаңа рейстің ашылуы
  • Қазақстандықтар үшін 2025 жыл қандай болды және ол немен ерекшеленді
  • Orda.kz және ҚазТАГ: ақпараттық соғыстардың құқықтық салдары

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.