---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2024/12/19/senat-zho%d2%93ar%d2%93y-sotty%d2%a3-sudyalaryn-%d2%9byzmetinen-bosatty/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Сенат Жоғарғы соттың судьяларын қызметінен босатты

![Сенат Жоғарғы соттың судьяларын қызметінен босатты](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2024/12/1773254168_0_48_1325_793_1920x0_80_0_0_d1cafab23061614fd8aa8d3db89ccb9f.jpg)

**ҚР Жоғары Сот кеңесінің төрағасы Дмитрий Малахов екі судьяны қызметінен босату туралы Мемлекет басшысының ұсынымы енгізіліп отырғанын мәлім етті, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

— Ботагөз Ералиева мен Қамбар Нұрышев зейнет жасына жетті. ,Олар судьялар қоғамдастығында беделді маман ретінде танылды. Атап айтқанда, Б. Ералиева мен Қ. Нұрышевтың отставкаға кетуіне байланысты Жоғарғы Сот судьясы қызметінен босату туралы ұсынымға қолдау білдіруді сұраймын, — деді Д. Малахов сенеторларға қарата айтқан сөзінде.

Палата депутаттары аталған ұсынысқа қолдау білдірді.

Еске салсақ, Ботагөз Рахымқызы Сенаттың 2019 жылғы 26 желтоқсандағы қаулысымен ҚР Жоғарғы Сотының судьясы болып сайланды.

Ал Қамбар Жұмабайұлы Сенаттың 2022 жылғы 16 маусымдағы Жоғарғы Сот судьясы қызметіне келді.

 

---

Жарияланды: 2024-12-19T05:57:54+06:00

Жаңартылды: 2024-12-19T05:57:54+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2024/12/19/senat-zho%d2%93ar%d2%93y-sotty%d2%a3-sudyalaryn-%d2%9byzmetinen-bosatty/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.