---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2024/12/19/air-astana-germaniya%d2%93a-zha%d2%a3a-marshrut-%d2%9bosty/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Air Astana Германияға жаңа маршрут қосты

![Air Astana Германияға жаңа маршрут қосты](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2024/12/attachment-6.jpeg)

**Air Astana жаңа тікелей Алматы–Франкфурт рейсіне билеттер сатылымының басталғанын қуанышпен хабарлайды.**

Жаңа маршрут Астана мен Оралдан Франкфуртқа ұшатын рейстермен қатар жүзеге асады. Алматы–Франкфурт ұшулары 2025 жылдың 1 маусымынан басталып, аптасына үш рет – сейсенбі, бейсенбі және жексенбі күндері заманауи және ыңғайлы A321LR ұшақтарымен орындалады.

Ыңғайлы уақыт кестесі тікелей рейстерге де, транзитті жолаушыларға да ыңғайлы ойластырылған. Алматыдан 01:30-да ұшып, Франкфуртқа 06:55-те келіп қонады. Қайтар рейс 08:30-да ұшып, Алматыға 18:55-те келеді.

Эконом-класс билеттерінің барып-келу минималды құны алымдарды қосқанда 288 мың теңгеден басталады. Билеттерді әуекомпанияның ресми сайтында, сату кеңсесінде, брондау және ақпарат орталығында, сондай-ақ аккредиттелген агенттіктерден сатып алуға болады.

Air Astana Германияға тікелей рейстерді 2003 жылдан бері орындап келеді.

---

Жарияланды: 2024-12-19T10:02:13+06:00

Жаңартылды: 2024-12-19T10:02:13+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Саяхат](https://qazaqpress.kz/category/sayahat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2024/12/19/air-astana-germaniya%d2%93a-zha%d2%a3a-marshrut-%d2%9bosty/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.