Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Категориясыз

Екібастұзда жаңа «САМҒАУ» балалар шығармашылығы орталығы ашылды

admin by admin
17 декабря, 2024
Екібастұзда жаңа «САМҒАУ» балалар шығармашылығы орталығы ашылды

Photo Valeriy BUGAYEV

Екібастұзда ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2023 жылдың тамыз айында кеншілер қаласына келген кезінде берген тапсырмасы бойынша салынған «Самғау» балалар шығармашылығы орталығының ашылу салтанаты өтті.

Байланысты

Командалық теледебат: партиялардың сөз сөйлеу реті анықталды

Орталық Азия экономикасының жартысынан астамы Қазақстанға тиесілі

«Қазақмыс» қызметкерлердің өтініштері бойынша жолдарды жөндеу жұмыстарын жүргізуде

Жоба Павлодар облысының екі ірі өнеркәсіптік компаниясының: ERG және KazMineralsBozshakol топтарының демеушілік қаражаты есебінен жүзеге асырылды. Жобаның жалпы құны 5,3 млрд. теңге. Жаңа нысанның жұмысы Екібастұз қаласының балаларын қосымша білім берумен қамтуды 70%-ға немесе 16 мыңнан астам оқушыға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Жалпы ауданы 7200 шаршы метрді құрайтын заманауи орталықта 9 мыңнан астам бала, оның ішінде ерекше қажеттіліктері бар балалар 12 бағыт бойынша қосымша білім алуға, уақыттарын қызықты өткізуге, өз-өздерін дамытуға мүмкіндік алды. Орталық ерекше қажеттіліктері бар балаларға толықтай бейімделген, лифт және көтергіш құрылғылармен, тифло- және сурдоқұрылғылармен жабдықталған.

— Мен бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей тапсырмасымен салынған жаңа инновациялық «Самғау» балалар шығармашылығы орталығының ашылу салтанатына қатысқаныма өте қуаныштымын. «Самғау» кеншілер қаласының балалары мен жастарын тартатын орталық болатынына сенімдімін. Бұл сіздер үшін жаңа достар табуға, үйренуге және дамуға, сондай-ақ, уақыт өткізуге болатын екінші үйлеріңіз болсын, — деді аймақ басшысы.

Сондай-ақ, Асайын Байханов балалар мен жастардың үйлесімді дамуы үшін аса қажетті жобаны іске асыруға және нысанның құрылысына қатысқандардың барлығына алғысын білдірді.

Ғимараттың бірінші қабатында би залы, театрдың жаттығу залы, жеке вокал мен музыка сабақтарына арналған бөлмелер және 275 орындық үлкен аудитория орналасқан. Балалар орталық жұмысының шығармашылық бағыттарынан хореография (халықтық, заманауи және классикалық билер), театр өнері, вокал және хор әні немесе аспаптық шеберлік (домбыра, қобыз, гитара, мандолина, дауылпаз, асатаяқ, шертпе) бойынша сабақтарды таңдай алады. Екінші қабатта жасыл технологиялар орталығының ғылыми-биологиялық зертханасы (гидро және экопоника) және ландшафттық сәулет пен флористикалық дизайн студиялары, сондай-ақ, пікірталас орталығы, медиа орталық (дыбыс жазу студиясы, телестудия, фотография академиясы, жас блогер студиясы, коворкинг орталығы) және сән студиясы (макияж және костюм суретшісі, интерьер дизайны) орналасқан.

Үшінші қабат толығымен робототехника және компьютерлік модельдеу, ғарыштық радиобайланыс және радиотехника клубтарын, СТЭМ және ЛЕГО зертханаларын, ҰҰА клубын (ұшқышсыз ұшу аппараты) қоса алғанда IT-технологияларға, сондай-ақ, балалар пішім мен тігінді, модельдеуді, керамиканы, бейнелеу өнерімен аспаздық өнерді үйренуге мүмкіндік беретін көркемдік-қолданбалы блокқа берілді.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

Сонымен қатар, орталықта ата-аналар мен балаларға арналған психологиялық-педагогикалық қолдау кабинеті, үстел теннисіне арналған аймақтар, емдік дене шынықтыру және жаттығу залы жұмыс істейтін болады. Балалар да, ата-аналар да орталықтың ашылуына және әртүрлі тегін сабақтардың болғанына қуанышты. — Балаларымыздың жаңа нәрсені үйреніп, білім алулары үшін қаламызда осындай орталықтың ашылуын асыға күттік. Біздің өтінішімізді тыңдап, қала үшін, балалар үшін және олардың болашағы үшін осындай орталық салуға тапсырма бергені үшін Президентімізге өте ризамыз. Атсалысқан барша жанға алғыс білдіремін. Шығармашылық үйірмеге жазылуды жоспарлағанбыз, бірақ, мұнда көптеген қызықты үйірмелер бар екен, енді басқа да бағыттарды көруді ойлап отырмыз, – деп Екібастұз қаласының тұрғыны Аяна Смағұлова өзінің қуанышымен бөлісті.

Нысанның құрылысы 2023 жылдың қазан айында басталып, 2024 жылы аяқталды. Орталықта жұмыс істеуге 50-ден астам қосымша білім беру педагогтары тартылды.

Бүгінгі таңда өңірде өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы үшін барлық жағдай жасалуда. Бұған дейін 800 балаға арналған шығармашылық орталық Ертіс ауданында ашылған болатын. Қыркүйек айында Павлодар қаласында «Алтын сақа» балалар шығармашылығы және демалыс орталығы ашылды.

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Хабарландырулар 16%-ға көбейді: неге үй жануарларын жиі тегін береді, бірақ сирек сатады?

Келесі жаңалық

Қазақстанда алғаш рет: Алматыда «қасбеттен қасбетке дейін» қағидаты бойынша 2025-2026 жылдары 11 көше көріктендіріледі

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

Командалық теледебат: партиялардың сөз сөйлеу реті анықталды
Категориясыз

Командалық теледебат: партиялардың сөз сөйлеу реті анықталды

11 августа, 2026
Орталық Азия экономикасының жартысынан астамы Қазақстанға тиесілі
Категориясыз

Орталық Азия экономикасының жартысынан астамы Қазақстанға тиесілі

11 августа, 2026
«Қазақмыс» қызметкерлердің өтініштері бойынша жолдарды жөндеу жұмыстарын жүргізуде
Категориясыз

«Қазақмыс» қызметкерлердің өтініштері бойынша жолдарды жөндеу жұмыстарын жүргізуде

11 августа, 2026
Freedom Holding Corp.-тың 2027 ф.ж. І-тоқсанындағы қаржылық нәтижелері
Категориясыз

Freedom Holding Corp.-тың 2027 ф.ж. І-тоқсанындағы қаржылық нәтижелері

11 августа, 2026
Астанада Comic Con қатысушылары тазалық жұмысына шықты
Категориясыз

Астанада Comic Con қатысушылары тазалық жұмысына шықты

10 августа, 2026
Жаңа адамдар балаларға әлеуетті қауіп төндіретін тұлғалардың арнайы реестрін құруды ұсынады
Категориясыз

Жаңа адамдар балаларға әлеуетті қауіп төндіретін тұлғалардың арнайы реестрін құруды ұсынады

10 августа, 2026
Келесі жаңалық
Қазақстанда алғаш рет: Алматыда «қасбеттен қасбетке дейін» қағидаты бойынша 2025-2026 жылдары 11 көше көріктендіріледі

Қазақстанда алғаш рет: Алматыда «қасбеттен қасбетке дейін» қағидаты бойынша 2025-2026 жылдары 11 көше көріктендіріледі

Алматы қаласының «Бақша қала» мәртебесін жандандыру бойынша 2025 жылға арналған жоспарлар: биіктігі 6 метрден асатын 27 мың ірі көшет отырғызу және 1 млн-нан астам ағашты автоматтандырылған суарумен қамту

Алматы қаласының «Бақша қала» мәртебесін жандандыру бойынша 2025 жылға арналған жоспарлар: биіктігі 6 метрден асатын 27 мың ірі көшет отырғызу және 1 млн-нан астам ағашты автоматтандырылған суарумен қамту

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Нұрлан Әбдіров: Референдумға 11 млн 722 мың адам қатысады

Нұрлан Әбдіров: Референдумға 11 млн 722 мың адам қатысады

17 мая, 2022
Кейінгі тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны белгілі болды

Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандар бойынша жаңа деректер жарияланды

16 мая, 2022
Атырау облысында мал қырылып жатыр

Атырау облысында мал қырылып жатыр

24 ноября, 2020

Топ жаңалықтар

  • Қазақстандық азамат журналист Лұқпан Ахмедияровты жала жапқаны үшін жауапқа тартуды талап етті

    «Дауысы сенімді, бірақ сөзі жалған»: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы дипфейктердің танымал адамдарды ақпараттық манипуляцияларда қалай пайдаланатынын көрсетті

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Туризм және спорт министрі «Болашақ ойындары 2026» аясындағы фиджитал-футбол жарысына қатысты

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Halyk қорының 10 жылдығына орай: Алматы облысында ауыл балалары арасында республикалық турнир өтеді

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақстандық азамат журналист Лұқпан Ахмедияровты жала жапқаны үшін жауапқа тартуды талап етті

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Командалық теледебат: партиялардың сөз сөйлеу реті анықталды
  • Орталық Азия экономикасының жартысынан астамы Қазақстанға тиесілі
  • «Қазақмыс» қызметкерлердің өтініштері бойынша жолдарды жөндеу жұмыстарын жүргізуде

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.