Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Категориясыз

Qazaq Green және Huawei ақ кітабы: Қазақстанның энергия жүйесіндегі BESS болашағы

admin by admin
12 декабря, 2024
Qazaq Green және Huawei ақ кітабы: Қазақстанның энергия жүйесіндегі BESS болашағы

Huawei Technologies Kazakhstan «Qazaq Green» ЖЭК қауымдастығымен бірлесіп, «ҚР БЭЖ-де энергия жинақтау жүйелерін (BESS) қолдану әлеуеті» атты Ақ кітап жұмысының бірінші кезеңін аяқтады. Бастама Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің қолдауымен іске асырылады және энергетикалық ауысуға ықпал ететін негізгі технологияларды дамытуға бағытталған.

Байланысты

Білім берудегі жасанды интеллект: ресми стандарт бар-енді оны дұрыс енгізу маңызды

Өзбекстанда «Хан Сұлтан. Алтын Орда» операсының премьерасы өтті

Балалардың жоғалуын алдын алу бойынша әлеуметтік науқан «ADASQAN» сериалының тұсаукесерімен басталды

Жаңартылатын энергия көздерін энергетикалық жүйеге интеграциялау әлі де басты міндеттердің бірі болып табылады. Энергетикалық жүйенің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін генерация мен тұтынудың өзгеретін деңгейі арасында уақытылы тепе-теңдікті сақтау қажет. Алайда, ЖЭК, таралған генерация және электр көлігінің қарқынды дамуы жүктеме өзгерістерінің тұрақсыздығын арттырып, желіні реттеу бойынша дәстүрлі қуаттар талаптарын күшейтеді. Бұл жүйеде артық жүктемелердің, кернеу мен жиілік ауытқуларының және электрмен жабдықтаудың сенімділігінің төмендеуіне әкелуі мүмкін.

Электрохимиялық энергияны сақтау жүйелері (BESS) энергия жүйесінің тепе-теңдігін қамтамасыз ете отырып, осы мәселелерді тиімді шеше алады. Қазақстанда соңғы жылдары бірыңғай энергия жүйесінде тұрақтылықты қолдау үшін келешегі зор шешімдердің бірі ретінде BESS енгізу белсенді талқылануда.

«Жаңартылатын энергия көздерін дамыту және BESS сияқты энергияны жинақтау жүйелерін енгізу Қазақстанның көміртегі бейтараптығына қол жеткізу үшін стратегиялық қадам болып табылады. Qazaq Green және Huawei сияқты сала көшбасшыларымен бірлесіп жұмыс істеу болашақтың тұрақты және сенімді энергетикалық жүйесіне негіз қалайтынына сенімдіміз», — Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министрі Есімханов Сұңғат.

«Қазақстан көміртегі бейтараптығы мен ЖЭК дамуына белсенді түрде бет бұруда. Энергияны сақтау жүйелері осы процестің ажырамас бөлігі болып табылады. Huawei компаниясының бүкіл әлем бойынша BESS әзірлеу мен енгізуде бірегей тәжірибесі бар, сондықтан біз өз білімімізді Қазақстанмен бөлісуге қуаныштымыз», — деп атап өтті Чжао Сюй, Huawei Technologies Kazakhstan компаниясының бас директоры.

Бүгінгі таңда 2024 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша елде жалпы белгіленген қуаты 2903,7 МВт болатын 148 жаңартылатын энергия көздері станциясы жұмыс істейді. Оның ішінде 59 жел станциясы, 46 күн станциясы, 40 ГЭС және 3 БиоЭС. Аталған кезеңде ЖЭК станциялары елдегі электр энергиясының 6,67% өндірді.

Қазақстан 2060 жылға қарай көміртекті бейтараптыққа қол жеткізуді мақсат етіп отыр. Осыған байланысты, бес жылдық кезеңге бекітілген аукциондық сауда-саттық кестесіне сәйкес, аукционға шығарылған жалпы қуаттылық 6,7 ГВт құрайды. Энергетика саласындағы жоспарларды іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласын 2035 жылға дейін дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспары қабылданды. Аталған құжат аясында ірі «гигаваттық» ЖЭК жобаларын іске қосу жоспарланғанын атап өту қажет. Бұл жобалар жел электр станцияларын салуды қамтиды, олардың әрқайсысының қуаты 1 ГВт-қа жетеді және олар 300 МВт қуаттылықтағы энергия сақтау жүйелерімен жабдықталады. Аталған жобалар Total Energies, Masdar, AcwaPower, China Power, Hevel (жел электр станциясы + күн электр станциясы) сияқты компаниялармен бірлесіп жүзеге асырылады. Осылайша, алдағы онжылдықта Қазақстандағы энергия сақтау жүйелерінің орнатылған қуаты 1 ГВт-тан асуы мүмкін. Егер Жоспар сәтті іске асырылса, 2035 жылға қарай еліміздің энергетикалық жүйесіндегі ЖЭК орнатылған қуатының үлесі 24,4%-ға жетеді.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

«Елімізде жаңартылатын энергия көздерін дамыту үшін маневрлік қуаттар қажет. Газ және гидроэлектр станциялары жобаларын іске асыруға 5 жылдан астам уақыт қажет екенін ескерсек, шешімдердің бірі – қысқа мерзімде орнатуға болатын аккумуляторлық энергия сақтау жүйелерін (BESS) қолдану. Дегенмен, мұндай жүйелердің негізгі кемшіліктері – салыстырмалы түрде жоғары құны, айтарлықтай деградация деңгейі және қысқа мерзімді икемділікті қамтамасыз ету. Осыған байланысты, біз үшін, ЖЭК секторының өкілдері ретінде, BESS жүйелерінің біздің энергетикалық жүйеміздегі рөлі мен функционалын айқындау мәселесі маңызды болып отыр. Бұл сұраққа біз Ақ кітап аясында жауап беруге тырысудамыз», – деп түсіндірді «Qazaq Green» ЖЭК ассоциациясы директорлар кеңесінің төрағасы Нұрлан Капенов.

Ақ кітаппен жұмыс аясында сараптамалық талқылаулар мен дөңгелек үстелдер жоспарланған. Ақ кітап 2025 жылдың басына жоспарланған. ақ кітап Электр энергетикасы саласының электрохимиялық энергия сақтау жүйелерін дамыту мәселелеріне қызығушылық танытатын кең ауқымды сарапшыларына арналған. Әзірлеушілер болашақта BESS жүйелерін іске асырудың негізгі ұғымдары, функциялары, тетіктері осы бағытты нормативтік-құқықтық реттеуде көрініс табады деп үміттенеді.

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Құны 9,2 млрд теңге залал келтірген атышулы ұйымдасқан топ мүшелері тергеліп жатыр

Келесі жаңалық

Air Astana компаниялары тобы cеріктестерді ESG-ге үлесі үшін сый көрсетті

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

Білім берудегі жасанды интеллект: ресми стандарт бар-енді оны дұрыс енгізу маңызды
Категориясыз

Білім берудегі жасанды интеллект: ресми стандарт бар-енді оны дұрыс енгізу маңызды

17 ноября, 2025
Өзбекстанда «Хан Сұлтан. Алтын Орда» операсының премьерасы өтті
Категориясыз

Өзбекстанда «Хан Сұлтан. Алтын Орда» операсының премьерасы өтті

15 ноября, 2025
Балалардың жоғалуын алдын алу бойынша әлеуметтік науқан «ADASQAN» сериалының тұсаукесерімен басталды
Категориясыз

Балалардың жоғалуын алдын алу бойынша әлеуметтік науқан «ADASQAN» сериалының тұсаукесерімен басталды

14 ноября, 2025
Алматыда цифрлық медицина болашақ емес — ол қазірдің өзінде жұмыс істеп тұр
Категориясыз

Алматыда цифрлық медицина болашақ емес — ол қазірдің өзінде жұмыс істеп тұр

14 ноября, 2025
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚАЗАН АЙЫНДАҒЫ ЖАҢА АВТОМОБИЛЬДЕР НАРЫҒЫ
Категориясыз

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚАЗАН АЙЫНДАҒЫ ЖАҢА АВТОМОБИЛЬДЕР НАРЫҒЫ

14 ноября, 2025
Қазақстандық оқушы әлемдік опера сахнасын бағындыруға дайындалуда
Категориясыз

Қазақстандық оқушы әлемдік опера сахнасын бағындыруға дайындалуда

13 ноября, 2025
Келесі жаңалық
Air Astana компаниялары тобы cеріктестерді ESG-ге үлесі үшін сый көрсетті

Air Astana компаниялары тобы cеріктестерді ESG-ге үлесі үшін сый көрсетті

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қоғамда заң мен тәртіп қағидаттарын ілгерілету мақсатында ақпараттық роликтер әзірледі

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қоғамда заң мен тәртіп қағидаттарын ілгерілету мақсатында ақпараттық роликтер әзірледі

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Қазақстан делегациясы Кабулда Ауғанстанның қазіргі әкімшілігі өкілдерімен кездесті

Қазақстан делегациясы Кабулда Ауғанстанның қазіргі әкімшілігі өкілдерімен кездесті

18 октября, 2021
Қазақ тілі бой көтерді ме?

Қазақ тілі бой көтерді ме?

4 февраля, 2023
Атырау-Индер тас жолында КамАЗ қатысуымен болған жол апатынан үш адам қаза тапты

Атырау-Индер тас жолында КамАЗ қатысуымен болған жол апатынан үш адам қаза тапты

19 июля, 2023

Топ жаңалықтар

  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қызылордада оқушыны секс құлдыққа салған күдіктілердің бесеуі — жасөспірім

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Талаптарды тағайындау бойынша ҚҚС: Неліктен инкассаторлар мен салық органдары келіспейді?

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вейптердің заңсыз онлайн-саудасы: «Вейпсіз жастық шақ» әлеуметтік жобасы аясында зерттеу жүргізілді

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Alatau City Garant тайфуннан зардап шеккен құрғақ жүк үшін 520 000 АҚШ долларын төледі

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Білім берудегі жасанды интеллект: ресми стандарт бар-енді оны дұрыс енгізу маңызды
  • Өзбекстанда «Хан Сұлтан. Алтын Орда» операсының премьерасы өтті
  • Балалардың жоғалуын алдын алу бойынша әлеуметтік науқан «ADASQAN» сериалының тұсаукесерімен басталды

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.