---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2024/12/12/%d2%9b%d2%b1ny-92-mlrd-te%d2%a3ge-zalal-keltirgen-atyshuly-%d2%b1jymdas%d2%9ban-top-m%d2%afsheleri-tergelip-zhatyr/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Құны 9,2 млрд теңге залал келтірген атышулы ұйымдасқан топ мүшелері тергеліп жатыр

![Құны 9,2 млрд теңге залал келтірген атышулы ұйымдасқан топ мүшелері тергеліп жатыр](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2024/12/kospaev.jpg)

**ҚМА сот үкімі бойынша тәркіленуге жататын тыйым салынған мүлікті заңсыз сату фактісі бойынша тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

Бұл туралы агенттіктің баспасөз қызметі мәлім етті.

Еске салсақ, бұған дейін Агенттік «AV-Construction» ЖШС, «Стекольный завод» ЖШС, «Шалқар 17» ЖШС, «Бахар-А» ЖШС және басқа да кәсіпорындарды рейдерлік басып алу фактілері бойынша Қоспаевтың ҰҚТ қатысты тергеуді аяқтаған болатын.

Тәркілеуді қамтамасыз ету мақсатында сот құрылтайшысы Айдос Қоспаев болып табылатын «Nikolsky Investment» ЖШС тиесілі Алматы қаласындағы «Никольский» базарының аумағында орналасқан жер учаскесі мен мүлікке тыйым салған. Алайда, ағымдағы жылдың қыркүйек айында «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ базасына жалған ақпарат енгізу арқылы базарды шетелдіктерге сату мақсатында бөгде адамдарға қайта ресімдеу жүзеге асырылып, шектеулер алынып тасталған. Ал, 5 қазанда құны 2,2 млрд теңге болатын мүлік пен жер учаскесі шетелдік инвесторларға одан әрі сату мақсатында бөгде тұлғаларға қайта ресімделген.

Агенттік алаяқтық үшін бұрын сотталған үш адамды анықтап, ұстады. Оларға қатысты сот санкциясымен «Қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.  

Сондай-ақ, жалған құжаттар жасап, мүлікті иеліктен шығаруға ықпал еткен сыбайлас анықталды.

Тергеу жалғасуда. ҚР ҚПК-нің 201-бабы тәртібіндегі өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.

Фото: Пресс-служба АФМ

 

---

Жарияланды: 2024-12-12T08:04:59+06:00

Жаңартылды: 2024-12-12T08:04:59+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2024/12/12/%d2%9b%d2%b1ny-92-mlrd-te%d2%a3ge-zalal-keltirgen-atyshuly-%d2%b1jymdas%d2%9ban-top-m%d2%afsheleri-tergelip-zhatyr/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.