---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2024/12/09/tal%d2%93ar-ma%d2%a3ynda-sherzat-polatty%d2%a3-a%d2%93asy-%d3%a9li-tabyldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Талғар маңында Шерзат Полаттың ағасы өлі табылды

![Талғар маңында Шерзат Полаттың ағасы өлі табылды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2024/12/800x450.webp)

**Алматы облысы Талғар қаласының маңында 30 жастағы ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

Бұл туралы облыстық полиция хабарлады.

Полиция департаментінің мәліметіне сәйкес, ол 4 қазан күні қайтыс болған Шерзат Полаттың ағасы. Ер адам алдын ала мәлімет бойынша өз-өзіне қол салған.

– Аталған жағдайы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта барлық мән-жайды анықтау үшін тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Әзірге істің қылмыстық сипаты анықталған жоқ, — деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Сондай-ақ полиция департаментінде марқұм Ш.Полаттың отбасы осы уақыт бойы тәртіп сақшыларының қорғауында болғаны хабарланды. Сол күні күзетте болған полиция қызметкерлерінің айутынша, ер адам үйден 23:30-да шығып, өз көлігімен кетіп қалған.

*Фото: Zakon.kz*

---

Жарияланды: 2024-12-09T04:25:54+06:00

Жаңартылды: 2024-12-09T04:25:54+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2024/12/09/tal%d2%93ar-ma%d2%a3ynda-sherzat-polatty%d2%a3-a%d2%93asy-%d3%a9li-tabyldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.