---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2024/12/09/sherzatty%d2%a3-a%d2%93asyny%d2%a3-%d3%a9limi-o%d2%9bi%d2%93adan-b%d2%b1ryn-mar%d2%9b%d2%b1m-tuystaryna-habarlama-zhibergen/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Шерзаттың ағасының өлімі: оқиғадан бұрын марқұм туыстарына хабарлама жіберген

![Шерзаттың ағасының өлімі: оқиғадан бұрын марқұм туыстарына хабарлама жіберген](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2024/12/400x225.webp)

**Алматы облысының Полиция департаменті мәйіті табылған 30 жастағы ер адам өліміне қатысты тың деректермен бөлісті, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

Алматы облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Бағдат Әшімовтың айтуынша, марқұм Шерзат Полаттың ағасы өз-өзіне қол салар алдында туысына WhatsАpp желісі арқылы хабарлама жіберген.

— Тергеу барысында марқұм туыстарының біріне өзіне-өзі қол жұмсау туралы мессенджерде жіберген жазбасы анықталды. Хабарламада ол туысқандарымен қоштасып, жиенінің жанына жерлеуді сұрады, — дейді Бағдат Әшімов.

![](https://qazaqpress.kz/wp-content/uploads/2024/12/photo_2024-12-09_10-44-50-300x244.jpg)  

Фото: Алматы облысы ПД  

Еске салайық, бұған дейін Талғар маңында Шерзат Полаттың ағасы [өлі табылғанын жазғанбыз](https://qazaqpress.kz/2024/12/09/tal%d2%93ar-ma%d2%a3ynda-sherzat-polatty%d2%a3-a%d2%93asy-%d3%a9li-tabyldy/). Аталған жағдай бойынша полиция қылмыстық іс қозғалды.

*Фото: Пресс-служба МВД*

---

Жарияланды: 2024-12-09T06:50:59+06:00

Жаңартылды: 2024-12-09T06:50:59+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2024/12/09/sherzatty%d2%a3-a%d2%93asyny%d2%a3-%d3%a9limi-o%d2%9bi%d2%93adan-b%d2%b1ryn-mar%d2%9b%d2%b1m-tuystaryna-habarlama-zhibergen/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.