---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2024/12/09/atyrau-m%d2%b1naj-%d3%a9%d2%a3deu-zauytyny%d2%a3-am%d3%a9z-2024-zhyl%d2%93y-%d3%a9ndiristik-%d2%9byzmetini%d2%a3-%d2%9borytyndylary/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Атырау мұнай өңдеу зауытының (АМӨЗ) 2024 жылғы өндірістік қызметінің қорытындылары

![Атырау мұнай өңдеу зауытының (АМӨЗ) 2024 жылғы өндірістік қызметінің қорытындылары](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2024/12/photo-2024-12-09-17-04-22.jpg)

**Атырау мұнай өңдеу зауыты (АМӨЗ) 2024 жылғы өзінің өндірістік, қаржылық және экологиялық қызметін қорытындылайды. Кәсіпорын тиімділік пен тұрақтылықтың жоғары деңгейін көрсетуді жалғастырып келеді.**

____________________________________________________________

**Өндірістік көрсеткіштер**

**Отын****шығыны****н және****жағуды азайту.** 2024 жылдың тамыз–қараша айларында отын шығынының нақты көрсеткіштері 8,45–9,80%-ды құрады, бұл нормативтік деңгейден едәуір төмен (12,47-14,5%).

Бұл 2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 1-4%-ға төмен.

**Өнімді өндіру.**

- **Сұйытылған мұнай газы (****СМГ****):** өндіріс көлемі 2023 жылмен салыстырғанда 6 322 тоннаға артып, қараша айында 23 080 тоннаға жетті.
- **Авиакеросин:** өндіріс 57%-ға өсіп, 23 848 тоннаны құрады.

**Мұнай өңдеу.** 10 айда 4 583 407 тонна шикізат қайта өңделді — өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 57 336 тоннаға артық.

____________________________________________________________

**Қаржылық тиімділік**

АМӨЗ операциялық шығындарды оңтайландыруды жалғастыруда:

- 2024 жылғы 10 айда шығындар 22%-ға төмендеп, жоспарланған 150,6 млрд теңгенің орнына 117,4 млрд теңгені құрады.
- Жөндеуге, материалдарға және экологиялық шығындарға үнемдеу сәйкесінше 59%, 20% және 75% құрады.
- Мұнай өңдеуге жұмсалатын үлестік шығындар бір тоннаға 54 887 теңгеге дейін төмендетілді (болжамнан 11 125 теңгеге төмен).

________________________________________

**Инновация және инфрақұрылым**

- Кернеудің төмендеуі жағдайында жабдықтың қорғанысын қамтамасыз ететін **Ү****здіксіз қуат көзі (****ҮҚК****) орнатылған.**
- МТҚ қондырғысында мұнай ұстағыштарды тазарту жобасы әзірленді және сыналды. Қазіргі уақытта 1 636 тонна қалдық шығарылды.

________________________________________

**Экологиялық жетістіктер**

АМӨЗ өзінің экологиялық көрсеткіштерін жақсартуды жалғастыруда:

- **Ластаушы заттардың шығарындылары** 11,9%-ға (1 053 тоннаға) азайды.
- **Ағынды сулардың төгінділері** 68 тоннаға азайтылды, бұл қондырғыларды қайта құрудың нәтижесі болды.
- Тазарту құрылыстарын жаңғыртудың арқасында қалдықтар көлемі 39%-ға қысқарды.
- **Парниктік газдар шығарындылары** 20 509 тоннаға (1,5%) азайды.

________________________________________

**Жобалар және әлеуметтік қызмет**

- Қызметкерлердің шетелде біліктілігін арттыру үшін **Х****алықаралық бағдарламалар орталығымен ынтымақтастық туралы****м****еморандумға**қол қойылды.
- Ғылыми-техникалық жобаларды іске асыру үшін С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетімен әріптестік іске қосылды.
- Ұжымның әлеуметтік тұрақтылығын арттыру үшін іс-шаралар өткізілді: әлеуметтік тұрақтылық индексі 9%-ға өсіп, 68%-ды құрады.

________________________________________

**Кадр саясаты**

- Қызметкерлер саны 2 525 адамға дейін ұлғайды, оның 43%-ы 35 жасқа дейінгі жастар.
- Еңбек жағдайларын жақсарту шараларының арқасында 2024 жылы кадрлардың тұрақтамауы 2,31%-ға дейін төмендеді.

________________________________________

**Жөндеу жұмыстары**

Жоспарлы-алдын алу жөндеу аясында 2024 жылы 15 технологиялық қондырғы сәтті жаңартылды. Жөндеу жұмыстары кестеден бұрын аяқталды, бұл жоғары октанды бензиндер өндірісін тезірек қалпына келтіруге мүмкіндік берді.

________________________________________

**Қаржылық және операциялық талдау**

PEP Solomon бағдарламасы аясында операциялық тиімділікті арттыруға бағытталған 24 ұсыныс іске асырылды. Жаңа тәсілдерді енгізудің экономикалық әсері жылына 1,5 млрд теңгеден астамды құрады.

________________________________________

**Қорытынды**

АМӨЗ озық технологияларды енгізуді, қоршаған ортаға әсерді азайтуды және тұрақты өндірісті қамтамасыз етуді жалғастыра отырып саланың жетекші кәсіпорындарының бірі ретінде , өз мәртебесін растайды.

---

Жарияланды: 2024-12-09T12:13:15+06:00

Жаңартылды: 2024-12-09T12:13:29+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2024/12/09/atyrau-m%d2%b1naj-%d3%a9%d2%a3deu-zauytyny%d2%a3-am%d3%a9z-2024-zhyl%d2%93y-%d3%a9ndiristik-%d2%9byzmetini%d2%a3-%d2%9borytyndylary/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.