Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Категориясыз

Елімізде толық циклді өнеркәсіптік батареялар шығаратын алғашқы зауыт Жетісу облысында ашылды

admin by admin
6 декабря, 2024
Елімізде толық циклді өнеркәсіптік батареялар шығаратын алғашқы зауыт Жетісу облысында ашылды

Бүгін Жетісу облысының Талдықорған қаласында толық циклді өнеркәсіптік батареялар шығаратын еліміздегі алғашқы кәсіпорын ашылды. Озық заманауи технологиялардың көмегімен өндірілетін батареялар мұнай-газ, тау-кен өнеркәсібінде, телекоммуникацияда, темір жолдарда, энергетикада кеңінен қолданылады. Сол сияқты жасыл энергетикада, атап айтқанда, күн, жел электр станцияларынан алынатын электр энергиясын сақтауда үздіксіз қуат көзі ретінде пайдаланылады. Өнімнің 40% отандық нарыққа, 60 % экспортқа бағытталған, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Байланысты

Сақтандыру қазақстандық цифрлық экожүйелерде негізгі орынға ие болуы мүмкін, дейді сарапшы

Қатысушылардың рекордтық саны және ондаған ғылыми жаңалықтар: мерейтойлық PRO.NRG FEST 2026 қалай өтті

Цифрлық дәуірдегі алаяқтық індеті: Қазақстан онлайн алаяқтыққа қарсы қорғану тәсілдерін қалай жетілдіріп жатыр

Зауыттың ашылу салтанатына облыс әкімі Бейбіт Исабаев қатысып, көпшілікті құттықтады:

— Бүгін біз Қазақстанда баламасы жоқ жаңа зауыт – «Asma Industrial» ЖШС ашып отырмыз. Оның бірегейлігі сол, әр түрлі салаларда кеңінен қолданылатын толық циклді өнеркәсіптік аккумуляторларын шығарады. Бұл инвестициялық жобаның іске асырылуы облысымыз үшін өте маңызды оқиға деп есептеймін.  Біз өз тарапымыздан барлық қажетті мемлекеттік қолдау көрсеттік. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен 260 млн. теңге сомасына инженерлік желілер тартылды. Компания өз саласындағы инновациялық көшбасшы ретінде өз мәртебесін нығайтып, Мемлекет басшысы қойып отырған өндірістік саясатты алға бастыру міндетін іске асыру жолында жоғары нәтижелерге қол жеткізеді деп үміттенеміз, — деді Б.Исабаев.

Зауыт директоры Серікбай Ажмағамбетовтің айтуынша, жобаның құны – 8,5 млрд. теңге. Зауыт жылына 210 мың дана өнім шығаруға қауқарлы. Өндіріс толық қуатына шыққанда, жұмыс орындарының саны 180-нен асып, жергілікті тұрғындар тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіледі. Бұл ретте зауыт өнімінің бір бөлігі экспортқа жөнелтіліп, бір бөлігі жергілікті нарыққа шығарылады.

— Осы жобаны 2021 жылдан қолға ала бастадық. Содан бері бізге қолдау көрсетіп келе жатқан азаматтардың бәріне алғысымды білдіремін. Біздің ұжымымыз жас, енді қалыптасу үстінде, қажетті кадрларды қабылдау жұмыстары жүріп жатыр. Мамандарымыздың көпшілігінің осы салада бірнеше жылдық тәжірибесі бар. Ал жас мамандарды процесс барысында оқытып, үйрететін боламыз. Өнімдерімізге сұраныс бар, бұл ретте іргелі компаниялармен келісімдер жасалуда, — деді С. Ажмағамбетов.

Жаңа зауытқа жұмысқа тұрғандардың арасында талдықорғандық Дастан Қанатқанов та бар. Ол қазір қорғасын пластинкаларын құю цехының бастығы қызметінде.

— Өндіріс саласында жұмыс істеп жүргеніме 10 жылдай болды. Қазақстанда мұндай зауыт біреу-ақ, сондықтан осы бірегей кәсіпорында жұмыс істеп, кәсіби дамуымды жалғастыру мен үшін өте маңызды. Біздің зауытта Корея технологиясы қолданылады, бұл шығаратын батареялар аса күрделі салаларда — тау-кен, теміржол, телекоммуникация салаларында қолданылады. Кез келген өңірдің қуатты іргетасы – ондағы ірі өндіріс орындары. Яғни салық түсімі молайып, сол арқылы аймақта инфрақұрылым жақсарады, жол, су, жарық, газ сияқты халыққа керекті жағдайлар жасалады. Сондықтан бұл жаңа зауыттың облыстың дамуына қосатын үлесі мол болады деп сенемін, — деді.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

Атап өтсек, Жетісу облысының өнеркәсіп өндірісінде 549 кәсіпорын жұмыс істейді, оның 14-і ірі, 13-і орта кәсіпорын, онда 30 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылған. 2024 жылдың 10 айында 3,9% өсіммен 278,8 млрд. теңге өнеркәсіптік өнім өндірілді.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Фотографтар: Жеңіс Ысқабай, Дмитрий Ерофеев

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Жетісу облысының әкімдігі Президенттің Іс басқармасы медициналық орталығымен өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды

Келесі жаңалық

Балаларға арналған міндетті екпелер: алматылық дәрігер екпе егу кестесі туралы айтып берді

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

Сақтандыру қазақстандық цифрлық экожүйелерде негізгі орынға ие болуы мүмкін, дейді сарапшы
Категориясыз

Сақтандыру қазақстандық цифрлық экожүйелерде негізгі орынға ие болуы мүмкін, дейді сарапшы

13 апреля, 2026
Қатысушылардың рекордтық саны және ондаған ғылыми жаңалықтар: мерейтойлық PRO.NRG FEST 2026 қалай өтті
Категориясыз

Қатысушылардың рекордтық саны және ондаған ғылыми жаңалықтар: мерейтойлық PRO.NRG FEST 2026 қалай өтті

13 апреля, 2026
Цифрлық дәуірдегі алаяқтық індеті: Қазақстан онлайн алаяқтыққа қарсы қорғану тәсілдерін қалай жетілдіріп жатыр
Категориясыз

Цифрлық дәуірдегі алаяқтық індеті: Қазақстан онлайн алаяқтыққа қарсы қорғану тәсілдерін қалай жетілдіріп жатыр

13 апреля, 2026
Қазақстан мен Өзбекстан президенттері Бұхараның тарихи орындарын аралап көрді
Категориясыз

Қазақстан мен Өзбекстан президенттері Бұхараның тарихи орындарын аралап көрді

13 апреля, 2026
Қазақстан мен Өзбекстан президенттері жасанды интеллект хакатонына барды
Категориясыз

Қазақстан мен Өзбекстан президенттері жасанды интеллект хакатонына барды

13 апреля, 2026
Шавкат Мирзиёев Қасым-Жомарт Тоқаевқа бірқатар тарихи құжатты тапсырды
Категориясыз

Шавкат Мирзиёев Қасым-Жомарт Тоқаевқа бірқатар тарихи құжатты тапсырды

13 апреля, 2026
Келесі жаңалық
Балаларға арналған міндетті екпелер: алматылық дәрігер екпе егу кестесі туралы айтып берді

Балаларға арналған міндетті екпелер: алматылық дәрігер екпе егу кестесі туралы айтып берді

Талғар маңында Шерзат Полаттың ағасы өлі табылды

Талғар маңында Шерзат Полаттың ағасы өлі табылды

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Ұлан Байжанов бас прокурордың орынбасары болып тағайындалды

Ұлан Байжанов бас прокурордың орынбасары болып тағайындалды

25 февраля, 2022
Ауыстыру нүктелерінен жаңа мүмкіндіктерге: тасымалдаушы операторлардың ынтымақтастығы жолаушылар маршруттарын жақсартады

Ауыстыру нүктелерінен жаңа мүмкіндіктерге: тасымалдаушы операторлардың ынтымақтастығы жолаушылар маршруттарын жақсартады

13 марта, 2026
Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандар бойынша жаңа деректер жарияланды

Өткен тәулікте коронавируспен 2142 науқас тіркелді

10 мая, 2021

Топ жаңалықтар

  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қызылордада оқушыны секс құлдыққа салған күдіктілердің бесеуі — жасөспірім

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Алматылық онколог: Ерте скрининг қатерлі ісіктен болатын өлім-жітімді азайтудың негізгі жолы болып қала береді

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақстанда алиментке өтініш беру нұсқаулығы

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Jack port Off Sites — Avoiding Jerks With Sex Webcam Girls

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Сақтандыру қазақстандық цифрлық экожүйелерде негізгі орынға ие болуы мүмкін, дейді сарапшы
  • Қатысушылардың рекордтық саны және ондаған ғылыми жаңалықтар: мерейтойлық PRO.NRG FEST 2026 қалай өтті
  • Цифрлық дәуірдегі алаяқтық індеті: Қазақстан онлайн алаяқтыққа қарсы қорғану тәсілдерін қалай жетілдіріп жатыр

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.